Орташа есеппен қазақтардың үй салуы


"Үй салу керек еді"- деп кемінде 3 жыл жүреді, енді қиялдай да білу керек қой!
Үй салу жайында көбіне балалары ер жеткенде ойланады, онда студент балалары туысқандарыныкінде тұрудан жалықандарын айтқанда шешім қабылдайды
Жер алу үшін міндетті түрде кредит алады
Жерді алдымен байлар тұрады деген аудандардан іздейді, несі бар ақшасы бар шығар
жер іздеуде ақшасының қалыңдығына қарай, басқа райондарға көшеді

Содан жер алады, оны әбден мақтайды: алыстығы жақын боп кетеді, су, свет обшым бәрі бар
"Үй салатын боп жатырмын"- деп бүкіл туысқандарына звондап ескерту жасап қояды, енді асарға шақыруға намек
Үй салу үшін отпускыға шығады
Үй салғышбектермен арнайы кездесіп ақыл- кеңес сұрайды. (Салғышбектер олар архитектор, арнайы мамандығы жоқтар, олар тек үй салғандар не важно өзі салды өзбектер салды)
Бір суббота мен демалыс күнді белгілеп, кемпірі екеуі қой алып, сойып дайныдап қояды
Содан бәрін шақырады, «асар жасап жатыр ем, кел, бізде сен үй салғанда қарап жатпаспыз» деп бауырлық танытады
Асар болатын күні, пиво мен арақты көптеу қылып алып қояды, ет асқызады
Асарға келмегендерге телефонмен біраз ренжіп алады
Асар бітіп, фундамент құйылып, кірпіш қаланып, шатыр жабылған соң үйдің аздап қисықтау болғанын байқайды.
"Қазақтар үй салуға келгенде өте мықты емес, оны мойындау керек" деп өзбек акаларды іздеуге шығады
Өзбектерді жұмыстары жақсы болса да, өздері өте сасық деп ойлайды
Өзбектерге бітпеген үйдің бөлмесін беріп қояды
Оларды милициядан жасырып ұстайды, милициялар біліп қойса жоғарыдағы бір көкесіне звондатып, ақша беріп шығарып алады
Өзбектерге санаулы продукты алып береді, оларға арасында әйелі екеуі күріш басып жегізуге құмар келеді.
Кейбір кісілер, өзбектерді ұруға шебер, қорқытып қояды: «милицияға ұстап берем» деп
Үйі бітпей жатып күнде бір туысқанын әкеліп сынатып қояды, жақсы десе мақтанып қалады, жаман десе өзбектерін жамандап алады.
Сынаған кісі бір кемшілік айтса, кеткен соң өзбектерге «ана жер андай боп қалыпты» деп өзінше бола қалады
Елдің үйлеріне қонаққа барғыш боп кетеді, олардың үйлерін өз үйімен салыстырып отырады
Елдер андай жасап жатыр, маған да сондай жаса деп өзбектердің миын ашытады
Үйдің іші сыланып біткесін сыртын жасатуға көбіне қаражат жетпей қалып, келесі жылға қалады
Ішін бітірген өзбектерге кейде ақшасының кейбір бөлігін бермей қояды
Келесі жылы әйтеуір сыртын бітіреді да, кейбір ұсақ түйек жұмыстары тағы келесі жылға қалады.
Өзі аздан- аздан істеп жүріп әйтеуір 5 жылдың ар жақ бер жағында бітірдім жасап қояды.
Дарбаза сол бес жылдан кейін бірақ салынуы мүмкін
Сонан кейін қайтадан үйдің ремонтының жыры басталады  

! Бұл орташа есеп көбіне алматы қаласы мен алматы облысына қарасты алынған.
Бөлісу:

127 пікір

patick
Жалпы мемлекет көлемінде көп кездесетін жағдай
omarbirat
Үй салуды времянкадан бастайтындары бар тағы
Aikona
ойбуу бастысын ұмытып кетіппін ғой  Времянкы салады, содан бір жылдан кейін оған тағы екі бөлме, тағы екі бөлме деп құрама үлкен үй салады
Zhan
Жақсы сараптама! Бізде ауылда бір көрші бар еді, жыл сайын үйлерін қопарып жататын шаңын шығарып. Ерінбейді ғой, өзгеріс жасауға. ауылдастары «Көртышқандар биыл да індерін қазып жатыр ма?» деп келеке қылып жатады. Шынымен, үйлерін күшті ғып ремонттаса қуанар ем, бірақ, сол баяғы күйінде қалған сияқты болып тұрады. Интересно, қазір олар не істеп жатыр екен? Тағы да үйлерін қопарып жатса таң қалмаймын.
Armanjan
жердің құжаттары біткен соң, құрылыс орындарында бұрын пайдаланған профлистермен сыртын қоршап алады, сосын ең бірінші барлық мәселе суға келіп тірелетіндіктен, алдымен құдық қаздырып алады.
Aikona
бұл мәселеде қалып қойыпты, көп қазақтардың үйлерінің документтері жоқ, үй салып алған соң документ жасауды ойластырады.
Armanjan
Біздің көршіміз 8 жылдан кейін жасатты құжаттарын , бізге үш жыл болды салғалы, неменеге асығасыңдар әлі уақыт бар емеспе деп бізге ақылын айтып қояд
Aikona
бізге де үш жыл болды  жердің документі бар да үйдің документі жоқ, сол енді жасатсақ па деп жүрк
satibaldi
Әлі салынбаған үйді: "ұнамаса — сатып жібере салармыз" деп, өздерін жұбатып жүреді…
Armanjan
Ал енді өзбектердің ісіне тағар мініміз жоқ, жақсы істеді. Үйдің коропкасын солар тұрғызып, шатырын жауып берді. Кейбір ішкі әрлеу жұмыстарын да қатырып берді. Ал ванна мен туалеттің кафелін өзіміз қатырамыз деп батя екеуіміз жапсыра бастадық, содан ең үстіне келгенде бір жақ қабырғасы тірелді да, екіншісінде 2 см жетпи қалды , сонда өзбектердің еңбегін бағалап, кемсеңдеп алғанымыз бартын.
satibaldi
батя екеуіміз
Еее, қаззақтанған қақолдан болдың ғой.
satibaldi
Бір сұлу өзбек жігіт болады, үйдің қатындары соған бітіп жүреді…
Armanjan
Келіншегіңді аңдып әбден жүдеген шығарсың ә?
satibaldi
Шопағмды жемеш.
Armanjan
не болды сатеке сонша ашуланып, өзің ғо енді айтқан, анау әлгі ел ішінде өзбектерді ұратын қағиданы сылтауратып, ана сұлу өзбектің «сазайын» талай берген шығарсың нақ.
Aikona
біздің үйді жасаған өзбектерге көршілердің бар қыздары сынып жүрді
Abilakim
сен көрші қыздарды жек көріп кеткен боларсың?
Aikona
үйленген өзбектерге қарайтындай емес ем
satibaldi
біздің үйді жасаған өзбектерге көршілердің бар қыздары сынып жүрді
Аха, ал Сіз болсаңыз — пысқырып та қарамадыңыз, сеніп қалдым
Пікір өшірілді
Gulistan
Күшті тақырып! Мынау тек Алматы емес, барша облыстарға да тән ғой. Бүгін ғана үй салуға кететін қаражат туралы жазылған мына мақаланы оқып ем:
Үй салу қанша тұрады?
Енді орташа есеппен қазақтардың үй іші деп бөлек тақырып ашу керек пе деп қалдым.
Aikona
иа, интерьер туралы көп сөз қозғауға болады
Gulistan
оларға арасында әйелі екеуі күріш басып жегізуге құмар келеді.

Әкем әлі күнге дейін палауының тәтті болғанын еске алып отырады.
Aikona
біздің мамалар да сол, ұмытпайды
AKY
Мен осыны оқығанда сенбей, үйдегілерге сендер де палау басқызып жедіңдер ме десем, иәәә деп қарап тұр
Aikona
 қазақтар сол ғо
Simona
Кейбір кісілер, өзбектерді ұруға шебер

 Жұмысқa шaқырып aлaды дa соқпaқтaй мa? Ұжсс, қaндaй нaдaндық.
saken
Өзбектерде қолдарынан келсе қазақтарды аяп гуманды халық бола қалады деп ойламаймын. Шамалы «шайтанын қағып» қойғанның артықшылығы жоқ деп ойлаймын, шаңырақты көрсетіп.
Simona
Өзбектердiң гумaндығы, бaсқaғa деген көзқaрaсы менi қызықтырмaйды. Бұл жерде өзбек не қытaй мәселе емес, мәселе үйiңде жaтқaн, оғaн ықтияжың бaр aдaмды қорлaудa. Мен үшiн нaдaндықтың шыңы! Қолбaлaсындaй еңбегiнiң aқысын жеп, олaрдың тәуелдiлiгiн қолдaнып ұрып-соғaтындaр мен үшiн aдaмгершiлiктен түбегейiмен жұрдaй нaдaндaр! Жұмысын тиянaқты, келiсiмдегiдей орындaмaсa, iстi доғaртсын. Бiреудi қорлaуды «шaйтaнын қaғып тұру» деп әрлеп aйтудың дa еш жөнiн көрiп тұрғaм жоқ. Ұят aқ.
patick
Мен Сіздің қылшықты қақ жарар әділеттілігіңіз үшін жақсы көріп кетем кейде. Тағы да плюс басар мүмкіндігім болса, аямас едім.
monti
мәселе үйiңде жaтқaн, оғaн ықтияжың бaр aдaмды қорлaудa.
ма-ма Қарағанды обл. инеттен оқып едім, бірнеше қойшы қазақ ауылдар адамдарды ұрлап, күң ететінін ужас, сол күні күні бойы жұмысты ойламай қалай қазақтар сондайға барды? таза қазақи ауылдар ғо деп шок болғам капеццццц енд
sammita
облыс аумағы өте үлкен, адам аяғы бара бермес алыыыыс жерлер бар, соған малшы/қойшы құл етіп ұстайды жылдап((((
Aikona
Бізге келген өзбектер солай деп айтқан.
asaubota
эххх менде де болса ғой осындай мәселелер
Armanjan
Ареке Астананың маңынан жер сатып ал, сосын өзің қалаған мәселелер бірінен соң бірі шыға беред.
saken
Астананың маңы Алматының маңына қарағанда арзанырақ дейді білетіндер. Ауылдағы сыныптасым Астана маңындағы ауылдан жер алып там салуды бастап кетті.
asaubota
қай ақшама аламын? Казком ипотекасының бастапқы 10 пайызына да жеткізе алмай жүрмін.
sammita
БТА-да барлық кредит/ипотека 5 пайызбен деген акция жүріп жатыр. Кімнің хабары бар, бұл не қылған батпан құйрық, қандай шарттары бар?
Тіпті без подтвержд.доход. дейді газетте.
patick
ең тиімдісі — банктің өзіне хабарласу
sammita
әзірге қажеттілік жоқ, бірақ кезекті бір қулығы деп ойлап қоямын)))
patick
хабарласқанда жарнамада көрсетілмеген пездес шарттары болады
Abilakim
22-ші наурызда бар болатын осы акция. Оның алдында 20 жылдыққа деп те атап жүрді бұл акцияны.Әлі бар ма сонда?
sammita
міне тағы басталыпты.
Abilakim
бұл банк банкрот жариялаудың алдында тұрған болар…
bizbike
БТА қазір ипотекалық несиемен жұмыс жасамайды деп естідім
sammita
2 жыл бұрынғы жазба ғой. иә, қазір біраз банк ипотека бермейді.
bizbike
Қарапайым адамға енді үй алу тіптен мұң болды ғой.
saken
там салғанның тамтығы қалмайды деген.
saken
Алматы жақта асарлату қиындау сияқты сырттан келгендерге. Туыстар, дос-жарандар алыста. Жақындағылардың бәрі жұмысбасты.
Жақсылап іздесе ОҚО жақтың азаматтары да өзАкалардан кем салмайды. Әрі бағасы да тиімді.

ауыл жақта (Қызылорда облысы) кірпіш басудан басталады барлық «пәле». Өмірімде бір рет барып едім дос балама көмекке. Одан кейін кірпіш басу десе, бетімнен басамын… (
omarbirat
Алматы жақта асарлату қиындау сияқты сырттан келгендерге. Туыстар, дос-жарандар алыста. Жақындағылардың бәрі жұмысбасты.
Алматының маңайынан келгендерге де оңай емес, Сәке. Жақындағыларды жұмыстарынан қалдыруға ыңғайсызданасың
qisyq
Ох, түсінемін, түсінемін...)))
Gulistan
Үйін салдыртып алып, ақшасын бермей алдайтындарды түсінбеймін. Қанша дегенмен, еңбек қой
Aikona
Ондайлар көп екен, бізге келген өзбектер сондай әңгімелерді көп айтатын анау ұрды, анау ақшамызды бермей қойды, аш қалдырды деген сияқты. Біздің мама соларды аяп жүреді.
mercedes
мүмкін олар әдейі солай айтып жүрген шығар сендердің іш бауырларыңа кіру үшін. Өтірік мүләйімсіп айтқанын істетіп кетеді. Не дегенмен олар пысық қақпас халық қой. Біздің бір туысқанымыздың үйін салғанда үйінен(тұрып жатқан времянкасынан) ақшалар жоғалған.
Aikona
енді бас көз болып жүру керек, расымен айтқан сөздеріне де сене бермеу керек. Бізден әйтеуір тыныш кетті
alisha
Қожайындардан көңілдері қалса тастың арасына жұмыртқа салып өреді дейді. Сосын жүресің өмір бақи шіріген иіске мас болып…
omarbirat
Үйде істеген өзбектер ондай істейтіндерін айтып берген еді )
alisha
Қорқыту, ескерту, әлде жәй ғана әңгіме болсын деп
omarbirat
Біздің үйдегі жұмыстарын бітіріп болғаннан кейін үйде болды біраз уақыт. Бізден кейінгі үйдің иелерімен ренжісіп қалған болатын. Сол кезде айтқаны еді.
Әйтпесе, бізге ерегісетін ештеңесі жоқ олардың. Бізбен бір дастарханда отырып тамақ ішетін
alisha
Расында да ол иістен құтылу мүмкін емес дейді ғой кейін… Беті аулақ, үй салсам өзбектермен дос боламын, сосын алатын азық-түліктердің тізімінен автоматты түрде жұмыртқаны алып тастап отырамын
satibaldi
Иттік жасағысы келсе — өз жұмыртқаларымен де бір амал қылады ондай оңбағандар…
alisha
кетші әрі, жалғыз бармаймын, күйеуімді ертіп жүремін
omarbirat


Үй салатын қазақтар да толып жатыр қазір. Тек рекомендациялары болса болды
mercedes
Еще білә кейбір үйлерге өрген кезде қабырғасына ыңылдап дауыс шығып тұру үшін бутылка тығып кетеді.
bizbike
Ресейден келе жатып, біздің пойызбен еліне жететін өзбектермен жолсеріктер қалай сөйлесетінін көрсең. Тегін төсек-орынға ақша алады, айқайлайды, шекарадағылар әйтеуір соларға өш. Аяйсың байғұстарды.
sammita
қазір адамдардан иман кеткен, айлап істеген еңбегін жеп қойып қалай тыныш ұйықтайды екен. Өз бастарына солай кездессе екен дейсің.
Үй салу ғана емес, қай жұмыста болсын ондай көп. Хан сарайындай үйі, ай сайын ауыстырар көлігі бар байсымақтардың көбінің қолы таза емес. Мен солай ойлаймын тек. Өйткен байлығы құрсын.
alisha
Үй салу жайында көбіне балалары ер жеткенде ойланады, онда студент балалары туысқандарыныкінде тұрудан жалықандарын айтқанда шешім қабылдайды
Бұрын ослыай болғанымен, меніңше, қазір тіпті біз құралпылардың өзі осы бастан болашақтарын ойлайтын сияқты. Ата-аналарымыз: "Қаладан бір үй алуға жетерлік жалақы алатынбыз, сонда бала өседі деп ойламаймыз, үй алып қою деген басымызға келмепті" деп отырады ғой әйтеуір. Қазіргі жастар пысық қой.
Басқаны білмеймін, Атырауда үй салу модаға айналып кеткен сияқты. Екі адамның басы қосыла қалса, айтатындары осы.
Aikona
Қазіргі жастар ақылдырақ қой  Просто қазіргі жастар өзіме жасаймын содан кейін басқалары дейді, ал бұрынғының кісілері ондай ойламаған ғой
madlen
2 жылда салдық. Шатырын жабуға жеткенде өзбектер қашып кетті  Бізден не жамандық көргенін білмейміз, стройкаға келсек, жоқ…
kokbori
Ия, олардың сондайы бар, туыстарымыздың әбден сеніміне кіріп, ауылына барып қайтпақ болғанда, туысым жолына артығымен ақша беріп, қайтып келесің ғой деп тағы басқаларды ұстатып жіберсе, анау кері оралмай қалыпты. Оның үстіне үйіндегі бағалы заттарында үптеп кетсе керек. Шындығында туысым оларды бауырындай күтетін еді. Бірге тамақ ішіп, қонаққа ертіп…
araika
Бәрінен бұрын кететін қаржыны, дұрысын айтқанда, кредитке алынған миллиондарды айтсаңшы...Үй салмас бұрын шағын бизнес-жоспар құру керек, әйтпесе қаншама адамдар сарсаңға түсіп, жарты жолға келгенде ісі тоқтап қалып жатады. Бірақ, ауылда үй тұрғызу деген ең оңай іс
Marationok
Үй салмас бұрын шағын бизнес-жоспар құру керек
Бизнес жоспар, тек бизнеске байланысты. Терминдерді дұрыс пайдалансан жақсы болар еді.
araika
Жарайды, тырнақшаға ала сал Егер жоспар деп жазсам, қаншалықты ұғыныңқы боларын ойлап көргенің де денеңе тыртығын қалдырмас Және тағы ескертетінім, аз-маз экономикалық білімім бар сияқты еді…
sammita
кейде басың істеп кететінін мойындаймын
Aigolek
Рейтинг туралы такырыпты катты окып жверген сияктысын
monti
неге керек инфо ғо бұлда көп әдамға актуаль екені рас ғо
Aigolek
Тексты басынан аяк жирный, почти каждый сойлем абзацтан басталган )))
asaubota
жирный болғаны көзге нашар болып тұр, иә?
Abilakim
мен окулистке барсам ба деп отыр едім…
Aigolek
Айконадан баскасы ушарипке кетип жатып па еди
Aikona
жирный болғаны артық болып тұрған шығар, абзацтан емес әр жолдан басталатын жеке жеке пунктқа бөлініп тұр. Рейтинг туралы ойлайтын кезден өтіп кеткем
dark_nazgul
Орташа есеппен қазақтар даңғарадай қылып қабырғасын тұрғызып алады да, одан кейін оның шатырын жабуға, ішін әрлеуге шамасы жетпей, астыңғы бір қабаттың екі бөлмесін сылап, есік-терезесін қойып, сонда тұра береді.
Aikona
көбіне шама щарқын есептеп алмайды
MickThatsMyNick
Қалталы адамдардың көбісінің қиналмай, өздеріне ұнаған проектісі бойынша жаңа үй сатып алуларының орнына, соны өздерінің салғанын түсіне алмаймын.
Gulistan
Кейін "Өз жобаммен салынған үй" деп мақтанып айту үшін шығар?!

Сол 2-3-… қатарлы үйлерде, көп болса 3-4 адам тұратын шығар, несіне даңғарадай қылып салатыны түсініксіз. Үлкендігі өз алдына (жинауын айтам), ай сайынғы төлемнің өзі аз болмайтын сияқты.
VKM
Менің ағамда солай болды,үлкеееен үй салып біткенше,қыздары да тұрмысқа шығып кетті,ұлдары да үйленді. Енді тетям екеуі 300 квадратта тұрады.
Aigolek
Мен де калталы босам озим уй салып алар едим сатып алганша
Aikona
Өзің салған үйдің бар қыр-сырын білесің, неден салдың қай жерде қандай қателік бар дегендей, сонан соң андай жын-пері жоқтығына да сенімді боласың мүмкін содан кейін салатын шығар
VKM
Айкона, менің папам да 2 рет үй салды ғой. Жазғандарың сондай таныс.Құжат жөндеу, свет пен су дегендер ақырғы үйде үлкен проблема болғанын білемін. Су 45 метрден шықты, ал свет қою да керемет қымбат болды.Астанадан 1 бөлмелік пәтер іздегенде, бағасын көріп, папам айтты:50-60 мыңға 1 бөлмелік пәтер алғанша,200 кв.м үй салуға болады деп.Хехе) жер іздеп жүрген))))Ары қарай сен жазғандай болмайды деп сенемін)
satibaldi
Астанадан 1 бөлмелік пәтер іздегенде, бағасын көріп, папам айтты:50-60 мыңға 1 бөлмелік пәтер алғанша,200 кв.м үй салуға болады деп.
Тек осы сөзі үшін ғана мен ол кісімен «Шнапсты» бурдершафт ішер едім!
Ссотоно туралы тағы жағымсыз не айтты?
Aikona
естуімше екі рет үй салғандар, қайта — қайта үй салғысы кеп тұрады дейді. Негізі пәтердіің сонша ақшаға алғанша, барлық удовствасымен үй салып алған артық папаң дұрыс ойлайды.
bakhyt
Қазір естуімше Алматыға жасырын түрде өзбектерді әкелу қиындап кеткен көрінеді. байқайм, қала сыртында үй салып жатқандардың көбі қазақтар сияқты.
Aikona
білмейм, бірақ әр бір үй салып жатқандарға қарасаң көбі пчти бәрі өзбектер
omarbirat
Братанның үйінде біраз өзбектер істеді, көршілерінің де үйін жасаған өзбектерді көрдік. Екі түрлі.
Жамандағаным емес — өзбектердің де үй сала алатыны бар, сала алмайтыны бар. Біреулері ақша табу үшін, біреулері жай ғана тамақ асырау үшін жүруі мүмкін. Жұмыс істегенде нені қалай жасау керектігін көрсетіп тұратын бір адам болуы керек болатын кезде болып жатады. Кейде сенің қаз дегеніңді ғана қазып, көтер дегеніңді ғана көтеріп, қара жұмыс қана істей алатындар болуы мүмкін.
Елдерінде күн көру қиын, амалы жоқ, осындай жұмыстарға келіп жалдануға мәжбүр.
Ағамның үйінде істеген өзбектерді ренжітіп көрмеппіз. Нәрмәлні жұмысын істеп, тиісті ақшаларын алып кетті. Одан кейін де бірнеше рет келіп, кішігірім жөндеулерін жасап беріп кетіп жүрді.
Стас деген бір көрші кәріс жігіттің жалдаған өзбектерінің өмірлері рақат еді, нақтың. Братанның ауласындағы вагонда жатып жүрді. Бөлмелеріне телебизір, дивидиімен әкеліп берген. Тамақ, бірлік, ақша жағынан таршылық көрмеді. Бірақ… Стастың алдын ала әдемілеп, проектісін жасатқан үйінің фундаментін быт-шыт қылып құйып кетті. Жер аздап еңістеу болғасын, бір жағын биігірек қылып құю керек болған ғой. Сол жағын қатты биік қылып тастапты
alisha
Бір жұмыстас орыс келіншек үй салдырып жатыр өзбектерге. Рахат өмір енді. Алдында бір жас бала болған, өткен айда еліне кетіпті, әскерге барады-мыс. «Шілдеде қайтып келемін, заңды 1 ай службамнан кейін» ,- деп айтады дейді. Қысқасы, өзбектердің беріп жіберген списогын көрсетеді жұмыстасым «Мйаса гавяжая, яйтса, киленкы» деп толтырып жазып жіберіпті. Оны әлгі келіншек маған көрсетеді. Киленкысына түсінбей, бас қатты, сөйтсек кәдімгі дастархан сұратқан екен
sammita
Равшан мен Джамшут емес пе өзбек деп жүргені список құраушы еді ғой олар да)))
alisha
енді өзбектердің де біз сияқты ет пен сүйектен жаралаған адамдар екенін ескерсек, асқазан қажеттіліктерін өтемекке список жасауы таң қалдырмауы керек
sammita
өзбектердің өз үйлері шынымен сарай ғой, бірінен бірі асқан. Танитын не шынымен біреудің үйін күшті қып салған өзбектерді таңдау керек. Бізде қазақтар оларды арзан еңбек күші ретінде ғана көреді, ал негізінде әрине қожайын басы-қасында жүруі керек бағыт беріп)
omarbirat
Қазір ондай жақсы салатын өзбектер де арзан сұрамайтын болып алған
sammita
өзбек ақы сұрамайды, оның қожайынына төлейсіз ғо. не өзіңіз әкелсеңіз сұрағанын емес, еңбегіне қарай береміз))))))
omarbirat
Бізде істеп кеткен өзбек жігіт қазір жұысшы әкелумен де айналысып тұратын болып кеткен
Aikona
иа, сенімді адамды жалдау керек, қалай істегеніне көз жеткізіп жалдамасаң Омарбырат айтқандай болады. өзіңде басы қасында қарап жүру керексің, қанша дегенмен бәрі пенде ғой кемшіліктерін айтып тұрған дұрыс
Aikona
біздің үйді салған өзбектер де үш жыл қатарынан біздің туықандардың бәрінің үйін салып келеді, ешқайсымыздың үйімізді ренжітпей салып берді, бізде оларды ренжітпедік. Басқа обьектыларында милициялармен проблема болса ағама звондап жатады.
MickThatsMyNick
суреттегі кімнің үйі
Tarazkyzy
Айкона, шамамен суреттегідей үй салу қаншаға шығады екен а?
</"Үй салу керек еді"- деп кемінде 3 жыл жүреді, енді қиялдай да білу керек қой!blockquote>
Соңғы кездері мен де қиялданып жүрмін
Aikona
10 000 доллар шығар
Tarazkyzy
қала ортасында орналасқан жылы суы бар пәтерге не жетеді деп ойлаушы едім. Қазір, шіркін, жер үй болса ғой деп қоям.
a63a1
АДамға дым жақпайд
omarbirat
Алматыда көп қабатты үйде тұрудан қорқатын болдық
Tarazkyzy
одан емес. Адам қартайған сайын табиғатқа жақын келеді деуші еді
omarbirat
Қалада тұратын шал-кемпірлерді көргенде, шынымен-ақ жер үйге қашып кеткің келеді.
Tarazkyzy
жер үйдің жақсысы — фантазияңа ерік бере аласың, ал пәтерде стандарт (интерьері болмаса).
Aikona
проектіні де өзің сыза аласың
NurbolKarzhaubaev
арйне
маган сызбасы карек едй ким де бар
saginaeva
Папам ағам екеуі фундаментті таныстармен бірге өзіміз істеп тастаймыз деп жүрді де узбектерге беріп кетті, жұмыстан қолдары босамай. Көп адамнан көремін сондайды.
Aikona
бізде де сол :)
NurbolKarzhaubaev
сіздің үйіңдің сызбасын беріңіші
NurbolKarzhaubaev
үй салу үшін адам өзіне сенімді болу керек
менім үй салып жургеніме 5 болды
bizbike
Жөндеу жұмыстарына адам жалдағанның өзінде жұ байым шаршап жүр, үй салса білмеймін не болатынын )))))