Балалардың сүйікті әндері



«Көк тудың желбірегені» әнінің әуені кішкентай балаларға қатты әсер ететін сияқты. Кіші ұлым Әлижан осыны сүйіп тыңдайды. ТВден осы әннің клибі шықса қатып қалады соған қарап. Азия+ деген канал күнде бірнеше рет көрсететін осы клипті.

Ал үлкен ұлымның сүйікті әндері оның айтуы бойынша Чика-чика (Көкжалдар мекенінің музыкасы), Ауладағы ереже, İstanbul, Құнан нар. Ал Атамекенді жатқа біледі, ең бірінші үйренген әні де осы болды. Ешкім үйреткен жоқ, өзі жаттап алды осыны. Байқағаным үлкен ұлға темпы жоғары, динамикалық әндер ұнайды. Кіші ұлға жәй әндер ұнайды.

Сіздің бүлдіршіндер қандай ән тыңдайды?
Бөлісу:

21 пікір

Aidakonya
мына тәтті нағыз патриот қой)) менің жиенім Айқынның пах-пахын тыңдай береді
zhandarm
жарайсын Әлижан әкесіне тарткан екен, менің ұлым қара жорғаға есі кетеді билеп телелефоннан косып алап тыңдап жүреді
Aldeken
Үлкен ұл негізі белгілі бір әнге байланбаған, бір кездері Қара жорға билеймін деп, соны жаттап айтып жүрді, кейін оны да қойды. Кішкентай Әлижандай кезінде, Азияның "Ғажайып күй" әнін естігенде ұйып тыңдайтын ед. Ал, Кіші ұлдың фаворит әні Носа-носа. Телевизордан көріп қалса, қосылып айтад тілі келген сөздерін «Носа-носа… ай… әй… матааааа» дееееп қойып…
asaubota
Носа біздің ұлға әлі жетпеген сияқты, жазда апарайын деп отырмын
Karakyz
Менің жиенім осындай кезінде «Жұлдыз қандай, ай қандай, Шофер сүйген қыз қандай» деген әнді жақсы көретін. Жылап отырған жерінен осыны айтсам, селкілдеп билей жөнелетін
Abilakim
Ринат "Қара жорғаның" хит болып тұрған кезінде сол әуенге қатты әуестенген. Балабақшада би билеп,үйде қойыла қалса да құтырына билейтін. Бесікте жатқан кезінде халық әндерін қойып қоятынмын. Жаттап алмаса да қазір дәстүрлі әндерге елең ете қалады.Кішкентай домбырасы да бар.Бірақ біздің әулеттен домбырашы шықпаушы еді)))
omarbirat
«Носа-носа» сөзсіз хит болды үйде. Сөзін ұқсастырып айтқанымен қоймай, билеп береді.
Әріп үйренсін деп плакат сияқты әліппе алып бергенбіз. Сонда әліппе туралы бір ән бар екен. Қызым соны тыңдағаннан жалықпайды.
Abilakim
Менің жиенім ойнап жүргенде айтады бұл әнді. Бірақ, айтшы деп қанша өтінсең де айтпайды былайша
omarbirat
«Ауладағы ереже» демекші, Әли бір кездері «Ет жегенше май же, май жегенше ми же» деп айтып жүрген кездері болған
konvict
Менің үш інім де «Көк тудың желбірегенін» жақсы көреді. Үлкені 7-де, ортаншысы 5-те. Кішісі енді екіге толады. Алайда, ең кіші інім шетелдік АрЭнБиді де ұнатады.
alisha
Біздікінің есіл дерті Кунг фу Панданың саундтрегі, «Біздің жігіттер», сосын Шакира — Loca, «Толағай»…
NaimanKa
Әй жарайсың! Тәп-тәтті болып отырған түрден сооол, мкмкмкмк…
Мына бала ел бастайтын азамат болар-ау!!!
Менің апайымның баласы (жасы 1-ге енді толады) музыкасын блмим, әйткенмен Кунг Фу пандасын қоссаң 1-шісі не 2-шісі не бәрібір, мультфильм біткенше қозғалмай отыра береді. Ал басқа мультиктерді көрмит.
Gulistan
Менің бөпем жарнама әуендерін жақсы көреді, Лиотонның жарнамасына еліктеп аяғын сипалайды
kozildirik
Біздің ұл «Балапан» каналындағы Дара деген қыздың «Бәк, бәк, жолдорба!» дегенін айтып қоймайды))) АйтпақЧ «Мама люба давай!» да жатар кезде айтатын хиттардың бірі)))
asaubota
естерін білетін балалардың музыка талғамы да қалыптаса бастайды ғой. менің қызық көретінім әлі жасқа толмағандардың бір музыкаларға қатып қалуы. біздің ана кіші ұл сөйтеді, бәрін тастай салады ана әнді естісе.
Gulistan
сол, сол. Жылап жатып назары ауып кетеді естісе…
asaubota
негізі бұлар дауысты жақсы қабылдайды, іште жатқанда да баяу музыка тыңдататындары сол ғой
Gulistan
Ұялы телефонды шұқылап отырып, өздерінің жақсы көретін әуендерін тапқанда мәәәәз болады ғой
maktakyz
Менің 3 жасар сіңлімнің де ең бірінші үйренген әні «Атамекен»… Одан кейін «Көк тудың желбірегені», Музарттың "Қазақтай ел қайда" деген әні, сосын Сарыжайлау", одан кейін "Қазағым, халқым қолдасын, Нұрсұлтан ата елбасын" дегені тағы бар. Вобщм, тек қана патриоттық әндер ғой)) Соған қарағанда еліне елеулі болар деп үміт күтеміз))
Gulzhanat
Неге екенін қайдам, Айша мен Беркут айтатын «Туған жерім» деген әннің клипынан өлердей қорқады )