Журналист, журик, журье… тағы кім?
Сурет сілтемесі
Алда журналистер мерекесі келе жатыр. Таңертең жұмысқа келген соң, әдетте компты қосқан соң, міндетті түрде “Мэйл.рудағы” почтамды, Фейсбукты, анда-санда Твиттерді, сосын “Керекинфо” және басқа сайттарды мүмкіндігі болса бір шолып шығамын. Кезек Фейсбукке келіп, шарлап отырсам Өркеннің сілтеме жасаған мына бір jaqsy.kz/story/779 мақаласына көзім түсті. Бұл туралы блогымда бұрыннан жазған болатынмын. Өркеннің айтқанына қосыламын. Журналистердің өз мамандығына кәсіптік тұрғыдан сай келмейтіндігі, бүгінгі қоғамның жаршысымыз дей тұра, көп жағдайда ақсап жатқан дүниелерге менің де қарным ашады.
Қазір телеарнаны қосып қалсаңыз әнші, биші, дәрігер, саясаткерлер т.б. авторлық бағдарламаны жүргізе береді. Газет-журналды ашып қалсаңыз да толып жатқан журналистер. Дилетанты бар, осы мамандықты бітіріп, таза журналист деген дипломды алып келгені бар, келмегені бар, әйтеуір көп. Көп бола берсін, болғысы келгендер де бола берсін, “журналистпін” деп күпіне берсін, жыртылсын, айрылсын, Үкіметтен алақан жая ма, жоқ мақтап мақала жаза ма, көкесінің тілін таба ма, мейлі жағдайын жасап алсын. “Пәлен” деген телеарнаның я болмаса “пәлен” деген газеттің тілшісімін. Сіз журналиспен сөйлесіп тұрсыз” дегенді доқ көрсетіп, кейіпкерін шамалы ықтырып алмаса болмайды. Әйтпесе, журналистің ойы, мақсаты жүзеге аспай қалуы мүмкін. Қалтырап тұратын әкімшілдерге бәлкім солай істеу де керек шығар я әкімшілік-билікті жағалап отырғандар “жоғарыға қағыс ақпарат” кетіп қалмасын, мақталсын” деп өздері де журналистерге солай повод беріп қоя ма, не де болса, бұл екіжақты мүдделестік пен жарамсақтықтың әлімсақтан келе жатқаны һәммаға аян.
Таак, енді артқа сәл шегінсек.
Бірінші класқа бармай тұрып, рас журналист болуды және онша-мұнша емес диктор болуды армандадым. Ал бірінші сыныпқа барған кезде әріп тануды үйреніп, жазу жаза алатын кезде үйге келетін газеттегі теледидар бағдарламасына қарап соған ұқсатып өзімше бағдарлама жасап алатынмын да, ешкім жоқ кезде соны диктор болып оқитынмын. Және жан-жағыма қарап қойып, ешкім көріп қоймасын деген сақтығым да бар. Бір күні мен жазған “телеарна бағдарламасын” жиен әпкем Алина көріп қойып, айқай сала атам мен апама жүгіріп барып айтып қойды. Мен ұялып жерге кіріп бара жатырмын. Сөйтсем атам пен апам мәз. “Ойбай, мына қыз журналист болғысы келеді екен. Қарашы шал, өзінше бағдарлама жасап алыпты” деп қуансын. Қысқасы, арманым да, талпынысым да құпталды. Ал әпкем Алина маған кекетіңкіреп: “Сен не, диктор болғың келе ме? Ол үшін сенің түрің әдемі болу керек қой” деп мырс етті. Ешкім жоқта айнаға барып, Жаратқан берген түрге қайтадан зер салып қарадым. Қандай кемшіліктер бар дегендей. Расында, экранға жарамайтын сияқтымын. Қынжылып тұрмын кәдімгідей. Бірақ, түрім экранға келетіндей асқан сұлу емес екем деп қайғыра қойғам жоқ, журналист болу туралы арманым өрши түсті.
Ең алғаш жазған-сызғандарымды “Ақ желкен” журналына, сосын “Ұлан” газетіне беріп тұрдым. “Ұланның” жас тілшісі атандым. Бертін келе бұл газетті місе тұтпай, үлкен газеттен бірақ шыққым келіп, “Қазақ әдебиетіне” жазған бір мақалам жарық көрді. Ой, сол кездегі қуанғанымды көрсеңіз. Мені мектептегілер ғана емес, бүкіл ауыл-аймақ “газетке шыққанымды көрсе екен, оқыса екен, білсе екен, іштері күйсе екен, қап бәлем, сені ме деп тістерін қайраса екен” деп қоямын. Солардың маған қызғана да қызыға қарап тұрғанын ойша елестетіп алып, бір рахатқа бөленетімді қайтерсің. “Ұланға” шыққан мақала соңындағы өз аты-жөнімді көрген кездегі қуанышымды айтпай-ақ қояйын. Қаттап салып қойған чемоданнан қайта-қайта ашып қарап, қайта-қайта оқитын “дертке” де ұшырадық. Ол этаптан да өттік. Апырай, тип-титімдей боп алып не деген атаққұмарлық, не деген пассионарлық десеңізші көкірегімді тесіп бара жатқан?!
Осы желікпен, осы арманмен, осы құлшыныспен 11 сыныпты бітіріп, 1999 жылы Түркістандағы қазақ-түрік университетінің журналистика кафедрасына оқуға түстім. Бас ұстазымыз яғни завкафедрамыз Сейдолла Садықов деген ағай болды. Сейдолла ағай басқаларға қайдам, маған және группаласым Айгүл екеумізге ерекше ықыласпен қарады. Қандай жындылық пен тентектік жасасақ та арашалап алатын, қорғап жүретін. Бізге тиіскендерге “Тәйт, тимеңдер бұл дәйіскаларға” деген кезде, тіпті екі есе қоқиланып қалатынбыз. Мен ұстаз ретінде Сейдолла ағайға қарызбын әрі ол кісінің алдында басымды иемін. Кемпір-шалдың қолында еркін өскен мен сияқты тентектің бетінен қаққан жоқ. Ағай бізге еркіндікті берді, батылдыққа үйретті. “Айтатын болсаңдар айтып қалыңдар, жас кездеріңде, саналарың пендешілікпен былғанбай тұрған таза кездеріңде жазатындарыңды жазып қалыңдар” деп жиі айтатын. Қазір де сол Түркістанда оқып жатқан жас журналистерге солай үйретіп жүрсе таң қалмаймын.
Біз шет аймақта болғандықтан қазіргі жастар сияқты оқып жүріп жартылай ставкаға газет-журнал, телеарналарда жұмыс істей алмадық. Группаға кілең бір үйдің бетіне қарап отырған еркелері мен серкелері жиналды. “Мен ғана мықтымын” деп келгендердің біразының аптығы басылып қалды, біреулер өзіне сенбей жүрсе, өзіне деген сенімі артты. Біреулер ашыла түсті, біреулер керісінше мүлде жабылып қалды. Біреулері мүлдем басқа салаға кетті, біреулері тұрмысқа шығып кетті, біреулері әйтеуір анау-мынау болды. Содан “Әй, осыдан бірдеңе шығады-ау” деп іріктелгендердің біразы бүгінде республикалық, облыстық, салалық басылымдарда, телеарналарда жұмыс істеп жатыр. Сөзім жалаң болмасын, өз группаластарымды осы мерекені пайдаланып құттықтай кетпесем, мақтай кетпесем, айта кетпесем не болғаным. Ешкім де кісілік кемшіліктен ада емес. Еліміздің бас газеті “Егеменде” қос бірдей группаласым Айгүл Сейілова мен Әбдірахман Қыдырбек, “Қазақ спорты” газетінде Нұралы Мұхтарұлы мен Жолдыбай Базаров, “Хабар” арнасының Ақмола облысынан меншікті тілшісі Меруерт Палмаханова және осы “Хабар” арнасында үйлестіруші қызметін атқаратын Динара Балаубекова, облыстық газетте істейтін Мәлік Дәулетов, “Қалқан” газетінде Мұрат Құдайбергенов және мен “Сарбазда” жүрміз. (Алтын группаластарым, мерекелеріңмен! Давай тосты алып қойыңдар, до конца! )
Жә, сонымен Өркен айтқан мәселеге қайта айналып соғатын болсам, күндердің күнінде “Осы мен не істеп жүрмін? Журналист деген өзі қандай мамандық? Бұл мамандықтың қадірі неге сонша түсіп бара жатыр?” дегенді ойлана бастадым. Жақсы мақала жазып, “Пәленше ана мәселені көтеріпті, мынаны ерекше жазып шығыпты, өйтіпті, бүйтіпті, пәлен деген дөкейден, пәлен деген орақ тілді, отауыздан сұхбат алыпты, ешкімге ұқсамайтын керемет мақала жазыпты, осылай айызын қандырып сол пәленше ғана жаза алады, анау пәленше тақырыпқа ерекше барады, көп ізденеді, еңбекқор журналист” деген сияқты дүниелерден жалыға бастадым. Шаршадым қысқасы. Бір түсінгенім, журналистиканы яғни өз мамандығымды ерекше сүйеді екем. Сүйгендігім үшін де осы салада жүрмін. Бірақ, не бітірдім? Нені қарқ қылдым, не үлес қоса алдым осы журналистикаға? Мардымды жауабым да жоқ екен. Оны араға салынған уақыт көрсетпесе, әзірге күмілжіген күйдемін.
Жағымды мамандықтың иесі атану шарт емес, өз кәсібіңді жүрегіңмен сүйіп істесең ғана мән табатын сияқтысың. Әйтпесе, жанығып, арамтер болудан сіз бен біз өмір сүріп отырған қоғам гүлденіп кетпесі анық.
Мерекелеріңізбен әріптестер, қазақта жақсы журналистер көп, солар жасасын!

Соңғы сөйлем, әсіресе))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))