Бұзаумен жазалау

Осында «Сана мен сезім» атты қауымдастықта бір кездері жазалардың түр-түрі жазылып еді. Солардың барлығы дерлік адамды жантүршігерлік әдістермен өлтіру жайлы болатын. Мен жазғалы отырған әдісті бұрындары үлкендерден естідім бе, әлде оқыдым ба есімде жоқ. Әйтеуір, ұрлық-қарлық жасағандарды, жаугершілікте қолға түскен жандардан ақпарат алу мақсатында, тіпті, жәй қинау мақсатында да қолданған деседі. Бұл жаза балалардан аулақ жерде қолданылатын болғанын ескерте кетейін.
Сонымен, қандайда бір себеппен қолға түскен сорлыны (оның сорлайтынына сенімім мол) даладағы бағанаға тыр жалаңаш байлап қояды. Жалаңаш денені таң атқанға дейін масалар шаққаны, оны қаси алмау азабы келесі көріністің жанында ойнамай қалуы мүмкін. Адам байланып тұрған бағанның жанына бұзауды қоса арқандап қояды екен. Жалаңаш адам қозғала алмайтындай байлауда болса, бұзау "ұзын арқан, кең тұсау" стилінде арқандалады. Яғни, арқанның ұзындығы жеткен жерге дейін бара алады екен. «Ау, жаза қайда?» дерсіз осы жеріне келгенде. Сәл шыдамдылық танытсаңыз оны да айтамыз. Сонымен бұзаудың рөлі мынандай екен. Әлгі қолға түскен сорлы, «мені сындыра алмайсыңдар, табанда бауыздап тастаңдар» деп батырсынғанымен таң атқанша солқылдатып еміп шыққан бұзаудың жанына екінші рет түнемес үшін айт дегеннің бәрін айтып шығады екен.

Бұзау мен сиырға сілтеме
Бөлісу:

25 пікір

Abilakim
25 қыз, арал жайлы айтатын жігіт кім еді? мына жаза тап соған ұнауы мүмкін
a63a1
солқылдатып еміп шыққан бұзаудың
Abilakim
Бұл жаза қалай?
a63a1
страшні, жаман әрине)) Еміп жатып сүт шықпағанда тұмсығын соғып ұрғылайтыны бар оған қоса
Adiletshu
Сенбеймін. Фантазияң үшін +
Abilakim
Өз еркің ғой. Біреуді сендірейін деп жазғаным жоқ))
Zhan
Фуй, мамбетский жазалау
Gastarbaiter
Тым жақсы қауымдастықты өтірікпен балағаттағаныңа көзімді жұмдым. Бірақ олай жасамағаның дұрыс келесіде.
Abilakim
басқа жерге көшіріп әкетейін))
Gastarbaiter
Қуып шықты деп ренжіме
Abilakim
менікі жұрттың көңілін көтерейін деген мақсат қой. 82 үлкен адам бар болғаннан кейін ешкім сөге жамандамас деп ойлап едім.Былай жаза жаман ә)))
Gastarbaiter
Жоға жаман демеймін, бірақ Қауымдастық сана мен сезім туралы, бұрыңғы, қазіргі, және болашақ сана мен сезім тақырыптарын қозғасаң, менталитет, психология, руханият жайлы тақырыптар қалдырғым келеді анау қауымдастықта, былай күлгенге жақсы әңгіме негізі.
Abilakim
Сананы білмеймін, сезімге ептеген қатысы бар
Gastarbaiter
Түк емес. Тұра берсе де ештеңем кетпес еді. Жай қауымдастықтың түпкі ниетін білдірейін дегенмін.
Abilakim
кешірім сұраймын, аяғымды сүртпей кіргеніме))
Delhi
Мынадай жазалауды көз алдыға елестетудің өзі ыңғайсыз екен. (Көз алдымда автор мен бұзау тұр...)))
Abilakim
адам өз қиялына ерік бере берсе бұзаудың орнына басқа біреуді қоя салуға болады.
Delhi
Бұл жерде әңгіме бұзау мен адам арасында болып тұр ғой))
Abilakim
қиялың менікінен көрі азғындау екен)))Осы тәрізді жазалау әдісінің тонын айналдырып, әйелдерді жазалау жайлы бір қыз бала жазса мен авторды жазаланушыға теңемес едім)))
Delhi
Әркімнің өз қиялы өзінде ғой. Мен авторды әлі елестетіп отсам....)))))))))
Негізі барғой кейбіреулерге жақсы жаза екен. Жас қыздарға тиісетіндер шығып жатырғо, соларды соттағанша бірінші осылай жазаласа, ох, шіркін, жазаласа)))
Abilakim
Ермек Тұрсынов құда түсіп жатыр сценариіне