Жануарлар туралы қызықты деректер.

Қаршығалар еуропаның тек бір елінде — Исландияда кездеспейді.

***

Хамелеон тілін өз денесінің тең жартысына тең қашықтыққа лақтыра алады. Сонымен қатар, оның көздері бір-біріне тәуелсіз айнала алады, сондықтан да хамелеон бір мезгілде басын қимылдатпай барлық бағытқа қарай алады.

***

Түйе құстың жұмыртқасы қатып пісу үшін оны 40 минуттай қайнату керек.

***

Күзендер күніне 20 сағатқа дейін ұйықтайды.

***

Француздар көгершіндерді «ұшатын егеуқұйрықтар» деп атайды.

***

Шиебөрілерде (шакал) иттер мен қасқырларға қарағанда хромосома саны біреуге артық.

***

Жолбарыстардың жүні де терісіде жолақты болады.

***

Сарган балығының сүйегі жасыл түсті.

***

Жылқылардың сүйек саны адамның сүйеке санынан 18-ге артық.

***

Сегізаяқты қармауыштың (осьминог) қарашығы тік төртбұрышты.

***

Жер бетіндегі жануарлардың ішінде керіктердің (жираф) жүрегі ең үлкен және қан қысымы ең жоғары.

***

Керіктердің (жираф) тілі қара түсті, ұзындығы 45 см.

***

Антарктида балықтарының қанының температурасы -1,7 Цельсий градусқа дейін жете алады.

***

Киттің жүрегі минутына 9 рет соғады.

***

Тауықтардың ең ұзақ ұшуы тіркеу бойынша 13 секундқа созылған.

***

Пингвин – жүзе алатын, бірақ ұша алмайтын жалғыз құс. Сонымен қатар, пингвин тік жүре алатын жалғыз құс.

***

Фолкленд аралдарында әр тұрғынға (2000 тұрғын) 350 бас қойдан (700 000 бас қой) келеді, ал Жаңа Зеландияда – 20 қойдан.

***

Жапырақ кескіш құмырсқа өзінің салмағынан 50 есе артық жүкті көтеріп, таси алады.

***

Пілдің миының салмағы оның дене салмағының 0,27% -ын құрайды.

***

Мысықтың жағы жан-жаққа қозғала алмайды.

***

1850 жылы Еуропадан Америкаға қараторғайлардың бірінші партиясын әкелгенде американдықтар оларды өлгенше асырағандарына таң қалған.

***

Түйе құстың бір жұмыртқасынан он бір жарты омлет жасауға болады.

***

Ересек кит 2 секунд ішінде 2400 литр ауаны жұтады.

***

Әрбір ара илеуінде 20-60 мыңға дейін ара болады. Аналық ара күніне 1500 жұмыртқа шығарады және 2 жылға дейін өмір сүреді. Аталықтары 24 күнге дейін өмір сүреді. Жұмысшы аралар (барлық бедеу аралар) –өмірін гүлдің аталығы мен шырынын жинаумен өткізеді (шамамен 40 күндей өмір сүреді).

***

Дүние жүзінде калибридің (әлемдегі ең кішкентай торғай) 321 түрі бар.

***

Игуана су астында 28 минутқа дейін бола алады.

***

Зебра – ақ-қара жолақты болады.

***

Дүние жүзінде 500-ге жуық хайуанаттар бағы бар.

***

Жұлдызқұрттың денесінде адамдарға қарағанда бұлшық ет көп.

***

Ягуарларды заң бойынша қорғайтын жалғыз мемлекет – Белиз.

***

Егеуқұйрық түйеге қарағанда сусыз ұзақ уақытқа шыдай алады.

***

Сары шымшық балапандарын күніне 1000 рет тамақтандырады.

***

Ежелгі Мысырда дала зиянкестері ретінде қоңыз, шегірткелер емес, гиппопотамдар саналған.

***

Акулалар өзінің жемтігіне шабуыл жасағанда, жемтігі жарақат жасамау үшін көздерін жабады.

***

Скунс қаба алмайды және бір мезгілде иіс шығармайды.

***

Мола мола балығы (мұхиттың күн балығы) бір шығарғанда 5 000 000 жұмыртқа шығарады.

***

Араның шағуынан жыл сайын улы жыланның шағуына қарағанда 3 есе адам өледі.

***

Ұлудың қозғалыс жылдамдығы – 1,5 мм/сек.

***

Ең ірі бауырымен жорғалушы (және де адамға ең қауіптісі) – теңіз қолтырауыны.

***

Жолбарыстың алдыңғы табандарында 5 саусақтан, ар артқы табандарында 4-еуден. Тырнақтарының ұзындығы 8-10 см-ге дейін жетеді.

***

Маймылдардың аталықтарының шашы да ер адамдар шашы сияқты түседі.

***

Жер бетінде бақа мен құрбақаның 4000 түрі бар.

***

Гиппопотамдар пілдерден кейінгі Жер бетіндегі ең ауыр сүртқоректі. Олардың салмағы 4 тоннаға дейін жетеді.

***

Түйе құстың жұмыртқасының салмағы 1,5 кг дейін жетеді.

***

Наполеон Бонапарттың сүйікті атының есімі – Моренго.

***

І дүние жүзілік соғыс кезінде Оңтүстік-Африкалыұ маймылдардың бірі медальмен марапатталған және капрал әскери атағына ие болған.

***

Қытайда жыландарды ас даярлау үшін аулайды, Үндістанда – терісі үшін, ал Бирмада – уға қарсы дәрі даярлау үшін аулайды,

***

Барлық жабайы қаздар моногамды (бір некелі) болады.

***

Жыландар 3 жыл қатарынан тамақтанбай-ақ ұйықтай алады.

***

Егеуқұйрықтар Жер бетіне адамдарға қарағанда 48 млн. жыл бұрын пайда болған.

***

Жер бетінде үй иттерінің 400 түрі бар.

***

Дельфиндер бір көзін ашып ұйықтайды.

***

12 қабаттан құлап келе жатқан мысықтың, 7 қабаттан құлап келе жатқан мысыққа қарағанда тірі қалу мүмкіндігі көп.

***

Денесіне қарағанда миы үлкен жәндік – құмырсқа.

***

Жер бетіндегі шамамен тірі ағзалардың 70%-ы – бактериялар.

***

Қара теңіз алабұғалары негізінен, ұрғашылары 5 жасында өздерінің жыныстарын ауыстырады.

***

Піл – төрт тізелі жалғыз жануар.

***

Токиодағы хайуанаттар бағы аңдарды келушілерден демалдыру үшін, жыл сайын 2 айға бақты жабылады.

***

Құмырсқа жегіштер құмырсқалармен емес, термиттермен қоректенгенді жақсы көреді.

***

Керік туғанда оның төлдері бір жарым метрден құлайды.

***

Түйенің өркеші бола тұра, оның омыртқасы түзу болады.

***

Ұрғашы иттер, еркек иттерге қарағанда жиі қабады.

***

Акулаларда ракқа қарсы иммунитет бар.

***

Көртышқан бір түнде ұзындығы 76 метрлік үңгір қаза алады.

***

Орангутандар қауіпті қатты кекірікпен ескертеді.

***

Бегемоттар су астында өмірге келеді.

***

Ұлуларда шамамен 25 000 тіс болады.

***

Калибри жүре алмайды.

***

Поляр аюлары 40 км/сағ жылдамдықпен жүгіре алады.

***

Қолтырауындар терең сүңгу үшін тас жұтады.

***

Пілдер мен адамдар – басымен тұра алатын жалғыз сүтқоректілер.

***

Шимпанзе – айна алдында өз-өзін тани алатын жануар.

***

Пингвиндер бір жарым метр аса биіктікке секіре алады.

***

Соңғы 4000 жылға дейін қолға ешқандай жануар қолға үйретілмеді.

***

1 кг бал жасау үшін, ара 2 млн. гүлді айналып ұшып өтуі керек.

***

Ұсақ көбелектің асқазаны жоқ.

***

Қоян мен тотықұс мойын бұрмай-ақ артындағыны көре алады.

***

Ұзын кенгуру бір секіргенде 10 метрді артқа тастайды.

***

Кірпінің жүрегі сағатына 300 рет соғады.

***

Тасбақа 300 жыл өмір сүреді.

***

Әтеш алдымен мойнын созбай шақыра алмайды екен.

***

Ит онға жуық, мысық жүзден астам дыбыс шығара алады.

***

Түнде сауылған сиыр сүті ұйықтататын дәрі сияқты әсер етеді.

***

Қолтырауынның майы жасыл түсті болады.

***

Кенгуру мен эму артқа қарай жүре алмайды.

***

Құмырсқалар ешқашан ұйықтамайды.

***

Ұлудың тістері тамақты майдалау үшін тілінде орналасқан.

Хех, дүниеде осындай да қызықтар болады екен-ау!!!!!!!
Бөлісу:

23 пікір

satibaldi
Ұрғашы иттер, еркек иттерге қарағанда жиі қабады.
Адамдарға да байланысты ақиқат дер едім…
VKM
 маладес!
Денесіне қарағанда миы үлкен жәндік – құмырсқа.
 Қызықты мәліметтер
SaryQazaQ
Бұл қате дерек. Құмырсқада ми жоқ. Онда тек нерв бұлшық еттері ғана бар
VKM
дәлелдеп жіберіңізші)
Gastarbaiter

Екі көзінің ортасында ганглиялары бар (жүйке түйіні). Соны орталық жүйке жүйесі ретінде қарастыруға болатын шығар.
Marationok
Маймылдардың аталықтарының шашы да ер адамдар шашы сияқты түседі.
Керемет, параллельдер қатарына енгізіп қояға да болады екен.
Sabions
cut қоюды үйренсейш
Gastarbaiter
Түйенің өркеші бола тұра, оның омыртқасы түзу болады.
Мынаны біздің ауылдың балаларына айтсаң көтін ашып күлетін шығар. Оларға бұл адамда екі қол бар дегенмен бірдей.
Gastarbaiter
Зебра – ақ-қара жолақты болады.
Өмірбақи бас қатырып едім, ақ-қара жолақты ма, әлде қара- ақ жолақты ма деп. Тыныш ұйқтайтын болдым. Рахмет!
AKY
осыған мен де күлкім келді.
десе де, қызықты ақпараттар жоқ емес.
meirzhan
Робиннің стилін шырамыттым.
ken
Гиппопотамдар пілдерден кейінгі Жер бетіндегі ең ауыр сүртқоректі. Олардың салмағы 4 тоннаға дейін жетеді.
ең ауыр сүтқоректі (және жалпы жер бетіндегі ең ауыр жануар) — көк кит. піл емес.

Піл – төрт тізелі жалғыз жануар.
— сосын пілдің желіні (емшегі) төсінде орналасқан. адамдыкіндей.
Gastarbaiter
Одмин қауымдастыққа зытыржверш мынаны. Барады топтама "үш" деген бағаға.
ken
қой, ешкі, сиырлардың бір жері жазда жарақаттанса, сол жеріне шыбын личинкасын қалдырып кетеді. ол жері құрттап жатады сосын. ал жылқыға құрт түспейді. неге екенін білмеймін.
Gastarbaiter
«Оқалақ» немесе «бөгелек» деген болады. Сиырларды сона (овод) шағып, дернәсілін қалдырып кетеді. Сол дернәсіл қыс бойы сиырдың терісінің астында паразиттік өмір сүреді. Сиыр семірмейді, түнімен ұйқтай алмайды, нағыз азап шегеді. Ал ең азабы сол дернәсіл сонаға айналып, теріні жыртып шыққандағысы.
Сол үшін бөртпелер үлкейгенде сығып-сығып, бас бармақпен бірдей семіз құрттарды топырлатып түсіретінбіз.
ADI
Шынымен де бұның бәрі қызық!
SaryQazaQ
Кішкене саралап салу керек сияқты, дерек өте көп
bake
Іздегенде табылмайтын танымды ақпарат
AlexRobertson
супер оте кызык акпараттар
AlexRobertson
кимге унады жауап жаз