Қыздар танитын футболистер ондығы

Жігіттеріміз де енді «андай» күндері болып жатқан соң, бізге көп көңіл бөлінбей қалып жатыр ғой. Біз, қыздар, жалпы футбол қарамаймыз . Мысалы, көп қыздар, енді барлығы дерлік қарамайды. Футбол қарайтын қыздар көбіне жігіттері мен ортақ «тақырып» болу үшін қарайды немесе жарнамадан не журналдан әдемі жігіт көріп қалса кім екен, немен айналысады екен деп интерес тудыруы мүмкін. Интерестің ішіне: әйелі бар жоқтығы, қай елдікі екені, қанша қаржысы, қандай үй машинасы, футболдан басқа қандай бизнесі бар жоқтығы ғана қызықтырады. Оның қандай құрамада, құрамада кім екені қызықтырмайды.
Сонымен жігіттерінің, жарнамалардың арқасында қыздар таниды- ау деген 10 танымал футболист:

1. Дэвид Бекхэм

Әлемдегі ең сән қой әйелдің күйеуі ретінде біледі көбі
2. Криштиану Роналду

Clear Vita ның жарнамасына түскен крутой жігіт деп
3. Лионель Месси

Бұл кісіні точно жігітінің таңдай қаққанынан біледі
4. Фрэнк Лэмпард

Бір досым жақсы көреді, содан білем. Челсидікі екенін білем
5. Самат Смақов

Қазақстандық мықты футболшыны білу міндетті, интеллект жоғары болу үшін
6. Зинедин Зидан

Мұсылман футболист. Алтын кедиі бар
7. Кака

Әдемі, бір кездері жұлдыз және аты оңай есте қалады
8. Роналдиньо
Чипсыдың арқасында жақсы біледі ғой деймін
9. Роналдо

Бразилия сериалдары дүрілдеп тұрғанда жұлдыз болып сериалдарында көп көрсетілетін, әйелі 1 сағат допты түсірмей ойнай алады
10. Жозе Моуринью

Әдемі, әдемі, тренеррр

Қазір мына футболистердің кейбірінің отставкада кейбірінің тренер екені НЕ ВАЖНО!
Қыздар, тағы қандай футболист білеміз?
Суреттер гугулдан сұрап алынған.
Бөлісу:

97 пікір

patick
Баллакқа бітірген жоқсыңдар ма не?
Aikona
қққ, танымайтын болғаныма қарағанда бітпеген- ау. Ана: «играй как Бекхэм» де сомдалған индия қызы мен Кираны білем
salta
Шевченко, Канн, Акинфеев, Жирков, Аршавин… олар көп қой
Aikona
Сіз ана, саусақпен саналатын қыздардың ішіне кіресіз-ау деймін
salta
 просто үйдегі қожайын футбол десе бәрін ұмытып кетеді, мен де қосылып қараймын сосын.
patick
сені ұмытпауы үшін ба?
salta
жоқ, Аршат айтпақшы 15 минуттық үзілісті жіберіп алмас үшін
asaubota
біздікі Саматтан басқасының аттарын білмейді, онда да ол Ақтөбеде ойнайды және жақсы араласамыз. қалғандарын былай түрлерінен білмесе аттарын білмейді. мысалы Рональдиньо ұзын шашты ана негр. Роналду — ол да Рональдиньо бірақ ақ және жас
alisha
Роналду мен Рональдиньо бір адам шығар деп ойлайтынмын бұрын Светлана-Света деген сияқты деп
Gastarbaiter
Роналдо мен Роналду да екі бөлек
patick
Біздікі Аршавинді біледі. Онда да «Прожекторперисхилтонға» қонақ болып кеткеннен кейін
asaubota
әйелдің футболды ұнатпағаны, қарамағаны, білмегені жақсы. әйтпесе отырады өзіңмен жарысып. жалпы ерлі-зайыптылардың қызығушылықтары әр түрлі болғаны дұрыс деп ойлаймын.

кей қыздар ойлайды футбол арқылы жігіттерді қызықтырамын деп. олай емес қыздар
Aikona
сүйетін жігітіңнің қызықтарын бөлісе де білу керек деп ойлаймын
Gastarbaiter
Мен де қыздардың өз қызығушылықтары болса, қатты сыйлаймын. Өзінің бөлек армандары, өзінің бөлек «Мені» болғанын ұнатамын. Қыздар өзі шын жақсы көретін хоббилерін ұмытпаса екен. Мысалы, Гүлістанның гүлдері маған қызық емес, көп жігіттерге қызық емес, бірақ адалдығы үшін қатты сыйлаймын.
Қызығушылығының 90 пайызы жігіттерге, оларды қалай айналдыруға болатын тақырыптар, тамақтың рецепттері мен әртүрлі шүберек талқылауға ғана қызығатындарға немқұрайлымын.
Тіпті былай дос ретінде де қызық емес ондай адамдар.
Aikona
Әрине әркімнің өз «мені» болған жақсы. Бірақ, жігіттер вниманиені сүйеді, саған, сенің әлеміңе қызықпайтын қызбен (әйелмен) сен бір күнде бірге тұра алмас ең.
Мысалы, мен гүлге тамаққа, киімге онша қызықпаймын. маған сол жігіттерский әңгімелер қызығырақ
Gastarbaiter
«Осы біздің Ырзабай қарайды да жатады ала таңнан кешке дейін, не қызығы бар екенін, ішіне алтын сап қойған ба не бәле» дейтін әйелдерге өліп өшіп жүретін еркектерді танимын.
dark_nazgul
Швайнштайгерді білемін.
patick
Онда Клозені де білуге тиіссің
dark_nazgul
бiлем
Канды блем.
aikarakoz
Оливер Канды білем күжірейіп қалған. Хасан (мүмкін Хакан) Шаш деген піришөскісі күшті джігіт болатын. Бұрыыын мектеп оқып жүргенде ағаларыммен көргенім бар еді бір кездері
omarbirat
Прическасы бар жігіт Үміт Давала (орысша оқымаңдар, екпін соңғы «а»-ға түседі) еді
asaubota
Хасан Шашта прическа болған жоқ, тақырбас ол  

сол Үмит Давала ғой айтып тұрғаны
omarbirat
Бір рет бір хабарда әңгіме айтып отырғанын көріп, приколшы жігіт па деп қалдым сол Хасан Шашты. Жүргізуші қызды күлкіден әбден өлтірді. Әңгіме айтып отырған кезде күлмей тыңдау мүмкін емес шынымен
Gastarbaiter
Хакан Шүкүр шығар? Хакан деуіне қарағанда))
patick
Кан пенсияда ғо
Marco

Қыздар, Джога Бонитоны да қарамайсыңдар ма?
satibaldi
Чилаверттің айбынына үш қыздың біреуі бітіретін шығар
dark_nazgul
а еще… а еще… маған Фернандо Морьентес ұнайды. во. бірақ, чо то көрінбей кетті соңғы кезде.
Marco
Қойды ғой ол футболды
dark_nazgul
эх. сұлу жігіт.
Gastarbaiter
Білә, Морьентес демекші, менің де сүйікті футболистім болған бір кездері Реал оны менсінбей Монакоға арендаға берген. Бір жыл ішінде айырды ғой Монаконың құрамында. Лига Чемпионовта Реалдың воротасын да жыртты. Рух берді бүкіл командаға, түнімен жанкүйер болып, Монаконың фурор жасаған жылы ғой. Сол жылы 2003 те Морьентес Лиганың ең мықты футболисті атанды.
sammita
сонымен қайсысы Нәке
dark_nazgul
әрқашан тек қана Касильяс!!!
Gastarbaiter
Міне, ұмытып қалғандар естеріңе алыңдар, Қалай Морьентес Реалдың сазайын тарттырды. Морьентес өз әріптестерінің тактикасын да әлсіз тұстарын да жатқа білсе керек.
«Сендер мені бекер саттыңдар, әріптестер!»

Adiletshu
Керемет ойын боп еді. Мен ең алғаш көрген чемпиондар лигасы. Бірінші ойында 4-2 қып Реалды ұтты ғой дейм. Монаконың екінші голына (Морьентез соқты)ешкім мән бермеп еді, сыртта соғылған гол санымен келесі айналымға шыққан. Жюлидің голы — шедевр
Gastarbaiter
Ал менің ең соңғы шын беріліп қараған Лигам болды.
alisha
Бұрындары Дель Пьеро ұнаушы еді
monti
Зинедин Зидан
ана жолы вечерный ургантқа келгелі танитын болам
Бэхамды Виктора арқылы танимын, қалғандарын жоқ
aizhan
көрмеймін футбол! «футбол көрем» деп мақтанатындарды да түсінбеймін, көрсең, өзің үшін көресің ғой) аталған тізімнен бәрін білем, 4 пен 10 басқасының
meirzhan
Футбол көру мақтаныш қой. Уақытым мен мүмкіндігім көп деген сияқты.
Aya
Осы уақытқа дейін
«футбол көрем» деп мақтанатындарды
өз басым көрмеппін. Әркімнің өз қызығушылығы бар ғой. Мақтанса да, басқа жасаса да күндеудің қажеті жоқ
rakisheva
Менің ең сүйікті футболистім
salta
зубаааааастик!))))
rakisheva
«От ненависти до любви один шаг» дейді ғой, басында дым ұнамайтын, әсіресе тісі
Adiletshu
Бұл зубастик емес. Зубастик Роналдо деген 9-ншы суреттегі
salta
өзім білед екем да эй, мен үшін бұл «зубастик», а 9 суреттегі «кекілді», өзім солай атап алғам, еще ол оранжевый аяқ киімімен есімде қалды. тақ шо,қалай атасам да фантазиям менікі ғой
meirzhan
Позитив футболист
mercedes
Қыздардың, қатындардың футболды ойын үшін емес, әдемі футболистер үшін көретініне тағы көзім жетіп отыр.
ken
танымалдығы (оның артында байлық тұр) үшін.
әйтпесе түрлері осылардың кейбірлеріне ұқсас өзбек-тәжік гастарбайтерлер бізде толып жүр ғой.
Aikona
Басында футбол көрген шынымды айтсам қызық еместін. Достарымның көбі жігіттер. Олардың әңгімесін түсіну үшін көріп жүрдім, кейін өзімде қарайтын болдым. бірақ, ана жігіт әдемі екен бай екен деп қарап көрмеппін ше
asaubota
Нөмірі 46-шы пост болғандықтан кейіннен қосылған юзерлер көрмей қалған шығар мына постты www.kerekinfo.kz/blog/futbol/46.html
doll_91
Арда Туран, Франк Рибери, Нани, Пепе коп ко жаксы футболистер турлери емес ойындары
SaryQazaQ
Футбол көрмейтінім білініп қалды. ыздар білетін футболистерден Лэмпард пен Смақов дегенді бірінші рет көріп тұрмын
Adiletshu
қызсын ба
Aya
Мысалы, Ерлан Жүніс те көрмейді. Бірақ ол нағыз еркек
Adiletshu
Ол кім? Сірә жақсы адам болса керек
Aya
дұрыс болжайсызАқын
meirzhan
Бәлкім футбол көруді жан баласына білдіртпейтін процесс санайтын шығар.
Aya
Ерланды айтамысыз?! Егер Ерланды айтсаңыз өзі солай деп еді. Сосын «Маған ұқсайды екенсіз»,-деген едім
Aikona
Қысқаша таныстыру постын іліп жіберсеңізші, қызықтырып қойдыңыз ғой
Ол кім? Сірә жақсы адам болса керек
 мындай ма әлде?
sammita
кәдімгі адам ғой, Тараздық Ерлан. ақын. Кімге қалай енді өзі білер о жағын)
Aikona
ұялттыңыз, кешірім өтінем
sammita
ұялғаны несі, білуге міндетті адамымыз емес деймін дә. енді кімге қалай өзі білер))
Aya
Міндеттілері де болушы ма еді?
Aya
Қаласаңыз, әрине
Blogshy
интернеттен Криштиану Роналдуды эксперттердің қалай зерттегенін қарағам. Шеберлігі, техникасы, жылдамдығы т.б. параметрлері. Жылдамдығы ортанқол спринтерден қалыспайды екен. Жоғарыға секіруі де ерекше. Содан соң дриблинг арқылы допты алып жүру сынынан сүрінбей өтті. фирмалық финті де керемет. Допты аяқпен жоғарыға шығарып, арқаға салып алып өтіп барып салған голдары керемет екен. Ең соңында оған пас берген сәтте жарықты сөндіріп сынады. Тас қараңғылықта допты қақпаға дәл түсірген өнеріне эксперттер таңдай қақты, шынында пас берушінің допты тебер сәтіндегі қимылына қарап ақ доптың траекториясын біледі екен. Нағыз профессионал. Қорытынды: Криштиану жұлдыз!
Aizhantabyn
Руниді білем. И то, түрі прикольный такой)))) Яркий. Пеле мен Марадонаны да білем.
Gastarbaiter
Пеле мен Марадонаны да білем.
Ал мен Терминатор 2-де басты рөлдегі анабір качок жігіттің атын білем. Арнольд. Тіпті фамильясын да білем-ау деймін. Шварценеггер. Ия, дұрыс Шварценеггер. Екі «Г» мен жазылад.
AKY
Зидан. Тек қана Зидан.
Erkekyz
Футболисттерден Джон Терри менің алғашқы махаббатым.
Сосын Лэмпардты көбісі білмейді.
mampasi
спорттың түрлерін тек еркек немесе тек әйел қарайтын деп бөлмеу керек. Әйелдер тек көркем гимнастика қарасын деген заң жоқ.
mampasi
мысалы, жаңа ғана Англия мен Италияның ойынын көріп болдым, кеше қарамап едім.
mampasi
мен Зинеддин Зиданның спорттағы соңғы қатысқан матчын көргеннен бастап футбол қарауды ұнатамын. Дәл Аршат сияқты беріліп көрмесем де өзіме қызықты деп тапқанымды қараймын. Айкона сияқты 10 футболист қана емес қазіргі ойнап жүрген футболистердін 70 пайызын білетін шығармын.
Aikona
негізі менде біраз футболшы білем
GulL
Зидан, Марадона, Роналд -у,-иьно,-о ларды ғана білемін
футболды тек жігіттері үшін көрді дегенге келіспеймін, арасында қызық үшін қарауға болады осындай еуро сияқты жарыстарын, қалай шаршамай жүгіретіндеріне қызығамын, осыларды көріп алып біздікілерді қарасаң қарның ашады, дым жүгірмейді
Gastarbaiter
Мен Sony PS — Евро 2012 ні бір күн ойнаймын деп, біразын жаттап алдым
Тіпті графикасының кереметтігі сонша, көшеде көрсем танитындай болдым.
ken
ал мен осы тақырыптың арқасында біраз футболисттерді танып қалдым)))
GulL
танығаны не керек тек олар біздің көшелерде жүрмейді эхх…