Майқұдық бүгін біртүрлі....©

Кеше еліміздің қай аймақтарында жауын-шашын болғанынан хабарым жоқ. Бірақ, мынау біздің Майқұдықтың жауын сәтіндегі көрінісі. «Топан су басты даланы!» деген бір өлең бар еді ғой (ННбек, Бақай) соны еске салды әйтеуір кім айтса да.



Жиенім Ислам. Басында қайыққа мінемін деп батырсынып тұрған, судың екпіні астындағы "қайығын " шайқағанда жылап жіберді)))
Бөлісу:

6 пікір

Gulistan
Мәскеу жақта да қатты жаңбыр болды деп еді, мынау соның легі емес пе екен?
Abilakim
Білмеймін,әйтеуір сел болып кетті.
19852407
Оралда таңмен сіркіреген күйі, 10.00-ға таман құйып жауып өтті. Терезеден көріп, жұмысқа жетіп жығылғаныма қуандым. Алматыны да еске түсіріп жіберді бұл жаңбыр
a63a1
Кеше сағат 4 жарымдарда Майқұдықтың орталық көшесімен горняк жаққа барғам, топан су басқандай болды, атымның бауырынан асып кететін су екен асфальт үсті. Біраз аттар ауыздықтарын ашып құйрықтары қызарып жолда тұрғанына қарағанда су өкпелерін алып қалған сірә
a63a1
16 ның үсті бұлттың ашылған тұсы екен, бәсе Ислам қайыққа мініп жүр екенғой. Сол саңылаудан шыққан күн жарығы да бір түрлі хаустан кейін болған сәтке ұқсатты