Рулас туыстармен Түркістанда бас қостық
7-ші маусым Монғолия мен Қытайдан Атырауға дейінгі Чингизидтер Түркістандағы Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Яссауи кесенесі маңында қойылған 22 ханның әруғына ас берейін деп бас қосты.
Кеше, яғни 7-ші маусымда таңғы сағат 8-ден бастап Ахмет Яссауи кесенесі маңында жиналдық.
Бұл жиынға қатысуға ниет білдіргендердің бас-аяғы сағат шамамен 10-да жиналып, Аман Шотаев бастаған бірнеше қоғам қайраткерлері мен жергілікті әкімшіліктен және мұражай басшылығы сөз сөйледі.
Сағат 11-де әруақтарға құран бағышталып, ақбураны бауыздау рәсімі болды.
Сағат 12:30-да «Иса» мейрамханасында алыс-жақын аймақтардан келген Төре тұқымдары мен тарихшылар, журналистер, жазушылар бас қостық. Мейрамханада үлкен ас беріліп, құран оқылды.
Көпшіліктің ішінде: Дүйсенкүл Бопова, Нұрлан Амрекулов, Арман Ахмуканов, Аман Шотаев, Гизат Табулдин сынды кісілер болды, басқа кісілерді танымағаныма кешірім сұраймын. Алда тағы осындай басқосуларға ат салысамын деп шештім.
Қалғанын суреттерден тамашалаңыздар
Дүйсенкүл Бопова апам
Қарағандыдан келген Қазыбек бауырым күй тартты
Қытайдан келген бауырым ән орындап берді
Ал 31 арна жаңалықтардан сәл басқашалау етіп айтты, неге екенінен хабардар емеспін. 1:39 минутында мен тұрмын. Басымда қоңыр атлас орамал, көзде қара көзілдірік, үстімде қызғыш жемпір, ішінде көк көйлек, қолымда ақ сөмке, ал тауып көріңдер

Очм, Криминалистикалық Орталықтың Генетикалық Зерттеулер бөліміне «Мен — Чингизидпін бе?» деген сауал жолдап, 30 мың доллар төлейсің. 30 мыңға қалай жоқ деп айтад нақ!!!
РюрикковичтерменРомановтар ұрпақтарымен одақ құру ойларыңда жоқ па?Дурные мысли, дурные поступки.
былай өздеріне білінбейтін шығар, бірақ сырттан шынымен күлкілі.
Зима не бүдет-екі
Жиылып, міндетті түрде мәселелер шешілу керек пе?
Сендердің есіл-дерттерің соғысу, ұрысу, минустау, негатиффф сыйлау!
Сосын, бәріміз де қай рудан екенімізді білеміз, олар да біліп, жиылып,құран арнап жатса, несі жаман?
Надо завидовать молча))Кереевских будет, и ваших тоже… будет
меніңше, «суреттен» деу керек еді)))))
Саяси астар іздемеңіздер, бұл жай ғана бас қосу. Әлімдер жиналса, төрелер шетте тұрып дірілдеген қолдарымен шылым тартады дегенді қайдан алдыңыз? Жиналсын, мен қолдаймын!
Бүкіл Әлім жиналған жиындарда болып көрмеппін, бірақ Әлімнің бір тармағының келесі тармақшасы жиналған жерде өзге рудың ақсақалдарын қадірлеу міндетіміз етін.
Жоғарыдағы жаздыкүні түйе сойғанды бірінші көруім. Қазір оның етін жеуге болмайды емес пе?
Қандай қорытындыға келіп тарасты чингизидтер?
Таныс-біліс болу, сыбайлас қамқорлық.
Көпшілік жүрген жер болған соң ондай аз-мұз кемшіліктер болып жатады.
Құрбандыққа ілінген түйенің фотосуреті тітіркендірді, мұны малды қорлау деп ғана ұғамын, дұрыс орынға баууыздау керек еді, аяқ асты етпей,
ақталу ма? олай айтатының бар, суретті салмасаң да болар еді,