Бағы ашылмаған қала...

Тағы бір тақырып табылды… Жаңаөзенді қаралаушылар үшін. Кеше кешкілік Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы шағын мұнай өңдейтін, жергілікті жұрт «гпз» атап кеткен зауыт жарылды. Ақпаратты мен түнгі 00*20 дарда алдым. Сол кезде "қала жалын сәулесінен жап жарық боп тұр, өрт сөндірушілердің қолынан ештеңе келер емес" деген еді… Түнгі екілер шамасында «жалынның 5 нүктесінің екеуі өшірілді, адам шығыны жоқ» дегенді естідім… Ал, таңертең, яғни жаңа бір 10 минуттай бұрын Астана арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі Сандуғаш Шортанова «Астанадан врачтар алдырып жатыр, соған қарағанда хал мүшкіл ау» деген тілдей ақпарат берді… Енді көңіл алаң, маза жоқ… Түнгі ауысымда да жұмыс жасайтын адамдар бар екенін ескерсек… Ойлаудың өзі жаман. Қала әкімнің бірінші орынбасары Тілек Көшмағамбетов деген сыйлас досым еді, ол да пәлендей ашып ештеңе айтпады. Дірілдеп тұр дауысы…
Ееей, бағы ашылмаған қала…
Сормаңдай жұрт…
Қай пейіліңнен таптың екен?!
Қасқа болдың ау… қайта қайта қара жамылып… Аспаның ашылмай-ақ қойды-ау, қайран Өзен…
Бөлісу:

9 пікір

aza
Ақпарат құралдары әлі үнсіз… белгісіз тыныштықтан қатты қауіптенемін мен…
Armanjan
өйткені оған кінәлі біреу болу керек ғой (анау аман қалған шекарашы сияқты) соны тапқасын жаңалықты бұрқыратады келіп, ал әзірше жұмбақ жағдайлар орын ала тұрмақ.
Marco
бір адамды күйік шалды деген ақпарат шықты
Aidakonya
бар го акпарат 44 адам ар турли денгейде закымданган
omarbirat
Әйтеуір тірі болса екен. Бір-бір үйдің асыраушылары ғой.
aza
Тірі болса екен деген пікір ішіме жатады… Азаматы ғой бір шаңырақтың, рас айтасың, Өмеке…
VKM
Үнсіздік алаңдатады(
rakisheva
Әр жамандықтың артында жақсылық бар дейді ғой… Жақсы күндер әлі алда шығар, ол күнді де көре жатармыз…