"Халықтық IPO" бағдарламасы...

«Халықтық IPO» Бағдарламасы туралы біле отырыңыздар.
«Халықтық IPO» – бұл бірегей Бағдарлама, ол Қазақстан азаматтарына ірі ұлттық компаниялар акцияларын сатып алуына, сондай-ақ олардың ықтимал пайдасының бір бөлігін алып қана қоймай, сонымен қатар олардың дамуына қатысуға да мүмкіндік беретін бағдарлама.
инфографика
«Халықтық IPO» өзінің жалпы түсінігінде мемлекеттің ұлттық байлығын олардың азаматтары арасында бөлу дегенді білдіреді. Көптеген дамыған батыс елдері, мысалы, Ұлыбритания осындай бағдарламаларды ойдағыдай өткізді.

IPO (Initial Public Offering) – «алғашқы жария ұсыныс» ретінде аударылады. Бұл термин қаржы операциясын білдіреді, оның барысында компания алғаш рет кең жұртшылыққа өз акцияларын сатып алуды ұсынады.

Халықтық IPO – акциясы ең алдымен жеке тұлғаларға – Қазақстан азаматтарына сатылады.

«Халықтық IPO» бағдарламасына қатысу үшін неғұрлым тұрақты компаниялар іріктелді, оның басым көпшілігі өз табысын елдің ішіндегі қызметі есебінен қалыптастырады, яғни әлемдік нарықтардағы жағдайларға тәуелді емес.

Қатысушы компаниялар – бұл тұрақты компаниялар, олардың акцияларының құны ұзақ мерзімді перспективада өседі. Бұл тұрақтылық инвесторларды тартады, өйткені оларға деген сұранысты ұстап тұрады, ал бұл бағаның да ұсталып тұратынын білдіреді.

2012 жылы «Халықтық IPO» Бағдарламасына «ҚазТрансОйл» АҚ қатысатын болады

2013 жылы –«KEGOC» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «Самұрык-Энерго» АҚ,
«Қазтрансморфлот» ҰТКК» АҚ

2014 жылы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ

2015 жылы – «Қазатомпром» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ

Қазақстан үшін «Халықтық IPO» – бұл экономиканы дамытуға халықтың ақшаларын тарту тәсілі

Тартылған ақшаларды Ұлттық компаниялар өзінің одан әрі дамуына, қызметін жаңғыртуға және кеңейтуге салуы мүмкін.
Одан басқа, «Халықтық IPO» қазақстандықтарды қор нарығының қызметіне тарта отырып, өздерінің қаржы сауаттылығын арттыруға ынталандырады. Халықтың белсенділігі ірі инвесторларды тартады, олар біздің нарығымызға үлкен ақшалар әкеледі. Бұл біздің экономикамыз үшін принципиалды маңызды.

« Халықтық IPO» Бағдарламасы — бұл Қазақстан азаматтарына өзінше инвестициялар слу мүмкіндігі.

Бұл капиталды көбейтудің жаңа қаржылық құралы. Құралдардың әртүрлілігі өз қаржы жоспарларын іске асыру үшін көбірек мүмкіндіктер береді.
Мысалы, қазіргі кезде халық жинақтарының үлкен бөлігі банктік депозиттерде сақталады. Депозиттер ақшаларды жақсы сақтайды, бірақ оның айтарлықтай көбейтілетіні туралы айтуға да тұрмайды. Акциялар неғұрлым жоғары тәуекелдерге байланысты, бірақ сонымен қатар олар неғұрлым жоғары пайда түсіруді қамтамасыз етуі мүмкін. Мысалы, депозиттер бойынша ең жоғары ставка шамамен 8-9% тең, ал акциялар құны туралы айтатын болсақ, «ENRC» АҚ акцияларының құны 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 қыркүйекті қоса алғандағы кезеңде 384% өсті. Яғни бірінші жағдайда әрбір салынған 1000 теңгеге біз 80-90 теңге аламыз, ал екінші жағдайда – 2840 теңге аламыз. Мысалы, ENRC шынымен нақты, сіз қор биржасының сайтынан (www.kase.kz) алынатын статистикамен таныса отырып бұған көз жеткізе аласыз. Алайда, акциялардың ықтимал жоғары табыстылығының кері жағы да бар – тәуекелдер. Мысалы, «КАМАЗ» ААҚ акцияларының бағасы 2011 жылдан бастап 2012 жылды қоса алғандағы кезеңде 46% төмендеп кетті.

Осы екі мысал – қор нарығы оқиғаларының алуан түрлілігін құрайтын жеке жағдайлар. Оның ерекшелігі осы алуан түрлілікте. Сіз, бейнелі түрде айтқанда, балықты тұнық суда, тыныш айлақта аулай аласыз және бұл ретте шамалы, бірақ тұрақты түсіммен қанағаттанасыз, сондай-ақ үлкен табысты іздей отырып, залалдарға тап болу тәуекеліне бел байлап, ашық теңізге де шыға аласыз. Таңдау – бұл әр адамның жеке ісі, және оның болғаны да жақсы. Атап айтқанда таңдауды қор нарығы ұсынады, ал «Халықтық IPO» — қор нарығымен танысу үшін жақсы бастама.

Осылай «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры 2015 жылға дейін қор биржасындағы салымшылар мен инвесторлар саныны 160 мың адамға жеткізіді жоспарлап отыр. Егер осы қарқынмен жұмыс жасайтын болса, бұл межеге жетуге болады екен.

Біраз материялдар осы саиттан алынды.Your text to link...
Бөлісу:

16 пікір

patick
Қазірден бастап кірісе беруге бола ма?
MINbala
әрине, болады. ол үшін сіз еліміздегі брокерлік кеңселерге барып сол черден толық ақпарат алып, счет ашытырп қойыңыз. Алғашқы Халықтық IPO осы күзде баталады. Сол кезде халықтың көп боуына байланысты үлгермей қалуыңыз мүмкін
MINbala
әрине, болады. ол үшін сіз еліміздегі брокерлік кеңселерге барып сол жерден толық ақпарат алып, счет ашытырп қойыңыз. Алғашқы Халықтық IPO осы күзде басталады. Сол кезде халықтың көп болуына байланысты үлгермей қалуыңыз мүмкін…
Barsa
Мысалы, мен "ҚазТрансОйл"-дың акцияларын сатып аламын делік. Бірақ, шартты түрде алғанда 2017 жылы оның балансындағы құбырларды "ҚазТрансМұнай" деп құрылған әлдеқандай бір компания тартып алмасына кім кепілдік береді?
MINbala
Себебі бұл Ұлттық компания ғой… Сондай-ақ аталған 10 ірі компаниялардың барлығы дерлік «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына қарасты компаниялар… Сенуге болады…
Serzha
керісінше, ұлттық дегенді естігенде сенімсіздік пайда болады
KILYZAMAN
Бенсиялық қорымыздың өзін шетелдіктерге басқартуды меңзеген пысықайлар АйПомызды Ойпырмай қылып жібермесе жақсы болар еді…
Marationok
Білмедім бірақ былай деп жазып қойды.
«Халықтық IPO» Бағдарламасына мынадай әрекет етуші адамдар қатысады:
Инвесторлар – ақшаларын сақтау және пайда түсіру мақсатында бағалы қағаздарға салатын адамдар.
Брокерлер – өз атынан және инвестор есебінен акцияларды сатып алу және сату бойынша мәмілелер жасайтын нарықтың лицензиялары бар қатысушылары.
Эмитенттер – бағалы қағаздар шығаратын компаниялар.
Қазақстандық қор биржасы (KASE) – бағалы қағаздарды сатып алу және сату үшін орын беретін және жағдайлар туғызатын сауда-саттықты ұйымдастырушы
Орталық депозитарий – бағалы қағаздарды сақтау, есепке алу және меншік құқықтарын ауыстыру бойынша қызметтер көрсететін ұйым. Сатушының шотынан сатып алушының шотына бағалы қағаздарды ауыстыруды жүзеге асырады.
Тіркеуші – бағалы қағаздардың иеленушілері туралы деректерді жинайтын, тіркейтін, өңдейтін және сақтайтын ұйым.
Реттеуші (ҚР ҰБ Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті) – қор нарығының қызметін бақылайтын қадағалау органы
Трансфер-агент – ақпарат пен құжаттарды қабылдау және беру функцияларын орындайтын заңды тұлға.
Демек, қатысу үшін сіздің қолыңызда біріншіден ақша болуы керек, екіншіден броккеріңіз болуы керек, қысқасы жоғарыдағы айтылған барлық тұлғалар болуы керек.
Яғни, әншейіннен әншейін ала салуға болмайды екен, сосын, ол тек қана ҚазПочта арқылы жүзеге асады екен.
MINbala
Қазіргі таңда жаппай халықты сауаттандыру жұмысы жүріп жатыр… Еліміздегі брокерлік бсқару кеңселері түпкір-түпкірді аралап, халықтың қаржылық сауатын ашу үшін тегін семинарлар мен ақпараттар таратып, ағартушылықпен айналысу үстінде. Бұл үшін қазынанадан қомақты қаржы да бөлінген.
Негізі "Қазпочта" арқылы сатып алынанды делінген. Бірақ жуық арада мен "Қазпочта" бөлімшесіне кіріп осы туралы сұрағанымда ештеңе білмейтіндерін айтып, менің өзімнен сұрағаны бар… Соған қарағанда "Қазпочта" қызметшілері толықтай ақпаратпен қанықпаған…
Marationok
Мен семинарға қатыстым, сонда әлгі семинаршы қыз былай деген:
— тек қана ҚазПочта арқылы жүзеге асады-, деген, есімде қалғаны, акцияны сатып алушылар арнайы лицензиясы бар брокерді жалдауы керек, жаңағы айтқан қыздың тағы бір сөзі, ол брокерлерді жақсы таңдап алыңдар деген, адал болсын деп айтқан семинарда.
konvict
Банкке сенбеңдер. Олар бәрібір алдайды. Тура сол секілді мынау да сол алдаудың бір түрі. Ық-ық…
MINbala
әр кімнің өз пікірі бар емес пе… және де әр адамның пікірін құрметтеуден басқа амал жоқ…
aza
Алдайды… Сенбеймін… Сенбеуге шақырамын!
Serzha
мен де солай ойлаймын, «мемлекеттік бағдарлама» дегенде уже ештеңеге сенбей қаламын
халықтан ақша сыпырып алу да, қашу олардың ойлары
aza
Мемлекеттік екенінде дау жоқ! Қарапайым халық акцинер бола алмайды, сіз акция сатып алуыңыз үшін қор биржасында жұмыс жасауға құқы бар делдал жалдайсыз! Ол сіз үшін ойнайтын болады. Хош, осныңы бәріне қарамай сатып алдыңыз делік, алайда саудаға тамызда түсетін ҚТО акциясының бағасы 12 000 теңге, оның жылдық дивиденті 1 600 теңге екен)))) Бұқақақақа))) Миллиардатған қаржыға сатып алмасаңыз, алған 100 акцияыңыз мекеме құнды қағаздарының 0,000000001 пайызын да құүрамайт екен)
Байлар ғана сатып алады. Алсын, қандай жолмен алғаны белгісіз ақшаларын қайтарсын елге. Дәлірегі Айпио арқылы) Бұл да саясат қой, жігіттер ау) Қарапайым халық үшін емес бұл ойын!
serjan
Cайтынан көшіре салыпсыз, жазып жатпай ақ сілтемесін қоя салсаң өздері толығырақ танысар еді.