Футболға барайық: Қазақстан-Қырғызстан


Ертең, 1 маусым күні Алматының орталық стадионында Қазақстан-Қырғызстан жолдастық кездесуі өтеді. Басталуы 19-00. Кіру тегін екен.

Футбол сүйер қауым болып қарап қайтпаймыз ба? Кімдер барады, қай жерге жиналамыз, соларды талқылайық?

Сурет: sports.kz
Бөлісу:

27 пікір

patick
Кім жеңеді деген сұраққа болжам айта отырыңдар
qisyq
Мен баруға дайынмын. Сағат 18.15-те стадион алдындағы таблоның жанында жиналайық (Кока-кола деген жазуы бар, қателеспесем, кіммен кім, қашан ойнайтыны жазылып тұрады, кассаның жанында).
AL-ASTER
Қазақстан жеңеді ғой, сол қуанышты көріп қайтуларыңызға тілектеспін дегеннен басқа айтар жоқ…
Abilakim
жеңгеннен кейін тас-талқан етіп жеңсе шіркін.Жанкүйерлерді голға қарық қылып
mercedes
ай осы Қазақстанда оңай қарсылас таңдап
asaubota
бұл да бір психология ғой. жеңістің де дәмін көруі керек ойыншы. одан кейін Ереванда армяндармен ойнайды, ал олар мықты қазір.
Erke
Асып кетсе 3 гол салар,қашанғы жеңіліске куә боласыңдар Алматы халқы, осы жолы барып жеңісті тойлап қайтыңдар, оның үстіне тегін екен! ту алып баруды ұмытпағайсыздар!!!
aza
Астаналықтар 8 інде француздардан ұтылуға барайық)))
asaubota
ол күні көптен бері күткен қасиетті футбол айы басталады. ол күннің алғашқы ойынын жамағатпен бірге қарау парыз болмаса да уәжіп. сондықтан француздарға бара алмаймыз ау? 20-45те басталады ғо.
e_zhalgas
мен де барам
patick
мен басқа вариант қарастырмадым
asaubota
трансляция бола ма екен?
Marationok
Қазақстан — Қырғызстан 5:2

Голдар: Нұрдаулетов 2 (1:0), Тәжімбетов 11 (2:0), Байматов 26 (2:1), Тәжімбетов 30 (3:1), Шәріпов 34 (3:2), Нұрдаулетов пенальтиден 57 (4:2), Тәжімбетов 90 (5:2)
Ескерту алғандар: Шмидтгаль 62 — Рустамов 35, Шератов 56
Қазақстан: Бекбаев (Цирин 46), Киров, Логвиненко (Рожков 46), Нұрдаулетов (Шахметов 68), Мұқтаров, Шмидтгаль, Энгель (Гурман 82), Исламхан, Тәжімбетов, Хижниченко (Остапенко 21), Жолшиев)Көкеев 62)-
Қырғызстан: Ағапов, Асқаров, Шератов, Байматов, Бакоев, Власичев, Харченко, Шарипов, Аджиниязов (Умаров 80), Мака Кум, Рустамов
Бас төреші: Олим Талибжанов (Өзбекстан)
Қапталдағылар: Жахангир Саидов, Руслан Серазетдинов (екеуі де— Өзбекстан)

не дейміз енді, крәсәпчиктер
asaubota
әлемнің 195-ші командасын айдавалдық!
mercedes
Алмат Бекбаевты көріп қазақ қақпашы пайда болыпты ғой десем… Тесік екен епті
FaraOn1
италия — россия 0:3
asaubota


Армения әдемі голдар салған, әсіресе бірінші гол.
Erke
Бізге кімдер әдемі гол салмады десеңші…
asaubota
әсіресе Сидельниковке дешиш
mercedes
лібә осы Сидельников деген қыртымды неғып ала беретінін түсінбейім сборныйға