Сенгілерің келсе сеніңдер...

… сенбесеңдер осы әңгімеге арқау болған оқиғаларды көзбен көрген жандардың ұялы телефонын берейін(Гаста секілді «вирус» ойынын ойнамас деп сенемін).
Біздің ауыл таудың екі жағында екенін де, біздің үй таудың 15 үйлі жағында екенін де талай айтқанмын, жазғанмын. Сол 15 үйдің ішінде 3 үй сәл оқшаулау тұрады, кейінірек 1-еу қосылып 4 үй оқшаулау тұр.
Сонымен, бұл үш үй бір-бірімен жеті атадан аспас туыс. Айтпағым мынау.
Барлығымызда үйімізде құс асырап көрдік. Бірақ, біз туыс болғанымызбен иттеріміз бір-біріміздің тауықтарымызды, балапандарымызды қырып кете беруші еді. Қазір бұл үйлердің ешқайсысында құс жоқ ау деймін. Елдос атты туысымыздың үйі қаз асырайтын. Бір жылы қаздарын сойып алды ма,әлде өліп қалды ма толық есімде жоқ. Есімде қалғаны күзге қарай ата қаздары ғана тірі қалды. Сол еркек қаздары қыс бойы қорасында иттермен бірге жүретін.Иттермен бірге таласа-тармаса тамақ ішіп жүрді. Уақыт өте келе психикалық ауруға шалдықты ма әйтеуір, өзін қаз емес «итпін» деп ойлай бастады. Иттермен бірге тау жаққа кетіп қалуды шығарды. соңдарынан балпаң-балпаң басып келе жатқанын көру аянышты еді. Қаз бейшаралар 15-20 метрден артыққа денесін көтеріп те ұша алмайды екен-ау. Мойындау керек, мен есімді білгелі елағаңдардың үйіне біткен иттер біздің иттерді әрдайым талап кететін. Тек бір ғана итім солардың иттерінен ықпапты өткенге көз жүгіртіп қарап отырсам. Әлгі атақаз иттердің төбелесіне араласып ысылдап, қораластарына болысатын. Ең қызығы, үй маңынан өтетін қара жолдан матасекіл, аттылы адам өтсе әлгі қаз иттермен қосыла қуатын. Өзім бір екі рет матасекілмен өткенде итен көрі сол қаздан қатты қорықтым жүгіріп-жүгіріп келіп арасында ұшып, қаңқылдап, ысылдап есті шығаратын. Кейде қанаты бетіңді осып жібереді. Сол уақыттарда ауылда камера да жоқ түсіріп ала қоятын. Камера бар болса да бала бізге ешкім ұстата қоймайтын.
Бөлісу:

8 пікір

alisha
Жалпы сендім. Бірақ мынауыңа сенбедім
Камера бар болса да бала бізге ешкім ұстата қоймайтын
Abilakim
неге? «Матасекілден түсіріп аласың деп» ұрсулары мүмкін еді
Abilakim
бірақ бізде дәәәу VHS касеталы камера бар болатын ол кезде. Жайлауда жататын. Аттарды түсіруге, ат бәйгесін түсіруге қолданып жүрдік.Бірақ кассетамыз бар еді, ауыл адамдары бәйге көреміз деп алып, жоқ қылып жіберген ау деймін.Немесе балалар жоғалтқан ба,әйтеуір жоқ солар
sammita
сенбегенде… ата қаздың балапандарын қызғанып жаман тістейтіні рас қой қуып, ысылдап.
Janasil
Шынында қаздардың қуалайтыны бар.
Abilakim
Атақаздардың төбелескенін көріп ем, бала кезімде.мойындарын созып алып,қанаттарымен сабаласып, жаман төбелеседі екен
Aidakonya
ауылга барганда кашып журем каздардан, сонда бир бала айткан еки саусагынды шыгарсан кетеди деп, кайдагы саусак, мойнын соза бастаганда «Сиренаны» косып алып алга тартасын гой