Хайуаннан қай жеріміз артық?
— Ух — деп демімізді алдық. Мамыр айының соңы. Оқушыларға сабақ, бізге жұмыс тамамдалды. Яғни жазғы демалыс. Сонымен не керек, біздің академия осы жылды аман-есен, жақсы аяқтадық деген ниетпен молда шақырып, құран оқытып, мал шалды. Бәле-жала осы жылмен кетсін, келесі жыл мамыражай болсын деген ниетпен…
Әлқисса, менің осы мектепке келгеніме екі жыл өтіп кетіпті. Осындағы кездерімді есіме алып отырғанымда, белгілі бір оқиғаларға байланысты кейбір сәттер есіме түсіп соны баяндағым келіп отыр.
Бір күні сабағымда санасыз бен саналылар туралы әңгіме басталып кетті.Адам саналы, хайуан санасыз. Адам бәрінен биік дегендей сөздер қозғала бастады. Осыны пайдаланып, мен тақтаға санасыз-хайуан мен саналы-адам деп, адамның хайуаннан артықшылығын жазыңдар дедім. Әрине, балалар бірінші 45 минутты осыған арнады. Сөйлейді, білім алады, мейірімді, т.б. Әйтеуір отыз-қырық қасиетті жазған соң барып саябырсыды.
— Болды ма? — Ешкімде үн жоқ. Шамасы, жазатын нәрсесі таусылған болуы керек.
Енді қолыма шүберек пен бор алып, талдай бастадым.
— «Сөйлейді»- сөйлеу деген қарым-қатынас, демек, жануарлар да адам секілді сөйлемесе де, түрлі дыбыс шығарып, қарым қатынас жасамай ма?- Сүртілді.
— «Білім алады»- «білім» деген өмірді түсіну, білу сөз. Мысалы физика түсініксіз ғылым болуы мүмкін, бір қарағанда. Бірақ онда айтатыны өмірде бар нәрсе, яки аспанға лақтырған нәрсенің жерге құлауы, немесе жаңғырық, т.б. нәрселер. Яғни, ол білім адамзаттың өзіне өмір сүруге қажеттіні ұғынуы. Адам өзіне қажет емес нәрсені зерттеп әуре болмайды. Өйткені жаратылысы сол. Демек, жануарға тартылыс заңындай түрлі заңдардың қажеттілігі жоқ. Ол оны сезінеді. Санасыз болғандықтан. Демек, адамға оны сезінуді бұйырмағандықтан, білуге тырысады. Яғни, хайуанның біліміміз артық деп көкудің қажеті жоқ… Тағы сондай пікірлермен әлгі жазылған отыз-қырықтың бәрі сүртіліп кетті.
— Басқа бар ма, айтарларың?- Үн жоқ. Содан соң оқушыларды бір бірлеп пікір айтқыза бастадым. Міне… Дәл сол кезде керегіміз айтылды-ау. АДАМГЕРШІЛІК!!!
— Ия, адамгершілік. Иткершілік немесе хайуангершілік деген жоқ, яғни балама ұғым жоқ.
Алайда жалғыз бұл емес, тағы бар-дедім. Ақыры өзім айттым. ИМАНДЫЛЫҚ!!!
Хайуан еш уақытта Алланы сүйе алмайды. Оған, Оның бұйрығына бас иеді. Ал адам қорқып қана қоймайды оны сүйеді. Оған мінәжәт етеді-деп сөзімді МАХАББАТ деген үшінші қасиетті айтайын дедім де, айтпадым. Өйткені адам баласы махаббатты басынан кешпей түсіне алмасы хақ.
— Қош, сонымен адамның хайуаннан артықшылығын көрдіңдер, аса бір артықшылығымыз аз екен, солай ма? Бірақ тек қаптаған әлемде санымыз жеті ақ миллиард екенбіз — дегенімде, бір оқушым жұлып алғандай:
— Сонда сізді адам өлейін деп жатсада да көмектеспейтін, тірі жанды жақсы көрмейтін, атейсттерді жеті миллиардқа қосып отырсыз ба? — дегені.
Не дерімді білмей көп ойланып қалдым…

1.егер адамдар арасында бір-бірін лақтырып кету, қастандық жасау, опасыздық, зұлымдық, тб әрекеттер болмағанда, онда адамгершілік деген ұғым да болмас еді. өйткені адамгершілік деген ұғым алдыңғы сөйлемде аталған әректтерге қарсы қасиет ретінде қалыптасқан, меніңше.
хайуанлар арасында ондай теріс әрекеттердің жоқ екенін ескерсек, жануарларда хайуангершілік деген ұғымның неліктен жоқ екенін ұғасың. яғни, оларда ондай ұғымға қажеттілік жоқ.
2.бірде ТВдан жабайы табиғаттағы маймылдарды көрсетіп жатыр екен. бір ұрғашы маймыл жаңа туылған баласын тастап кетті. соны бақылап отырған бір еркек маймыл әлгі бала маймылды (оның әкесі болмаса да) өзінің бауырына басты. асырап алды десе де болады. осы әрекет адамгершіл… дәлірек айтқанда, маймылгершілік емей, немене?
Жануарлар арасындағы махаббат ше?
Адам мен хайуанның айырмашылығы, артықшылығы деген қай бұрыштан қарағаныңа байланысты.
Атеисттер адам баласына көмектеспейд деген тіпті қыртыған әңгіме.
По ходу дела қатырам деп алып, ыңғайсыз сұрақтарға титықтап, бар өтірігіңді тауысып, риторикалық тіркестер арқылы сытылып шықпай.
Мына сөздерді көзі шалған Мумудың көз алдындағы бар әлем шыр айналды, ол жан дүниесіндегі ең кастерлі, қадірлісін қыңсылады:
— О! Цербер ием!!! Бізді адамдар өз қатарына қоспақшы!!!
Не жазып едік, О Цербер ием!!! Аяй гөр!!! Құтырған адамның үргенін құлағыңа шала көрме!!!
© Тургенев
сен үйреттің ба?
«Сен мазмұнды емес, мағынаны ұға алмасаң, хайуанның қатарына жете алмассың» дейсің. Демек, хайуанның қатарына жете алу үшін, жазбаның мазмұнынан бұрын, оның мағынанысын да ұға білу керек екен ғой? Ал хайуан оларды ұға алады екен, сеніңше.))))))))) Не жазғаныңды өзің түсіндің бе өзі? Мынауың каламбур ғой.
Саяси тұрғыда: Адам хайуаннан қай жері артық деген сұрақты объективті қарастыра алмайды, өйткені мүдделі жан. Салыстырылып отырған объекттердің біріне өзі жатады.
Биологиялық тұрғыда: Адамның қай жері, қай қасиеті және қай жануардан екені нақтылануы керек. Және оның барлығы бейімделгіштік тұрғысынан, не эволюциялық күрделілік немесе популяциялық тұрғыда екенін нақтылау керек.
Діни моральдық тұрғыда: Тым болмаса, инстинкт деген сияқты таза ғылыми ұғымдарды қолданбау керек.
Психологиялық тұрғыда: Адамның барлық жоғарғы сезімдерінің дерлік негізінде қоғамдық өмір мен өзара және ұрпақ аралық тәжірибе бөлісу нәтижесінде күрделенген инстинкттер және шартты/шартсыз рефлекстер жатады.
Мысалы-1: Тәкен мен Марат.
Маратта да үй бар, Сәкендеде үй бар. Екеуі тең делік.
Енді. Мараттың үйі мынау:
Ал мынау Тәкеннің үйі:
Енді теңестіріп көр осы екі үйді бір біріне.