Махаббатың шынайы ма, әлде жалған ба?
Кино мен телеарналарда болсын, интернетте болсын, әйгілілігі жағынан Махаббаттан асқан тақырып жоқ шығар. Телехикаялар «романтикалық махаббақа» толып кеткен. Бұл тақырып айналасында қаншама ән жазылған. Арамыздағы көптеген адамдар санасында, Махаббат — «маңызы бар жалғыз нәрсе» деген стереотип қалыптасқан. «Семейная жизнь» журналындағы Пол Попено өзінің мақаласында, көптеген адамдардың махаббат жайлы ойлары келесідей деген: «Махаббат — қолжетімсіз еліктірме, ол кенеттен пайда болып, қызылша ауруы сияқты, жан тәніңе билік орнатады. Ол жайлы сен интуиция арқылы білесің. Егер ол шынайы сезім болса, ол жайлы көп ойланбайсың. Оны ешбір күмәнсіз қабылдайсың. Махаббатың күші керемет, махаббат үшін барлығынан теріс бұрылуың мүмкін. Ер адам өзінің әйелін, махаббат үшін тастап кетсе, немесе келіншек өзінің отбасын, ал патша өз тәжін тастап кетсе, ондай адамдарды түсінуге болады. Махаббат ойда жоқта пайда болып, адамды өзіне тәуелді етеді» делінген. Бірақ бұл шынайы махаббат емес! Нағыз махаббат басқаша болады.
Адамды құмарту сезімі шыныменде кенеттен пайда болады, және оны бақылау мүмкін емес. Шынайы махаббат дегеніміз — айнымас және риясыз сүйіспеншілік. Махаббат осы қасиетінің арқасында өмір сүреді. Құмарту пен махаббатың айырмасын ашудың қажеті не деп ойлайтын шығарсың? Қажеттілігі келесіде: екеуінің ара жігін ажырата білу, көптеген қателіктерден айырылуға көмектеседі. Жыл сайын миллиондаған адамдар, көздерінде от жалындап, АХАЖ-ға барып некелесіп жатады. Кейбіреулері үшін бұл шынымен де баға жетпес құндылық болып қалады, кейбіреулері үшін неке шыдамдылықтың емтиханына айналады. Ал осы жастардың жартысы үшін, неке, нағыз берекесіздіктің өзіне айналады. Аздаған уақыт өткненен кейін бір бірімен бір шаңырақта өмір сүру дегенің мүмкін емес екендігін түсінеді. Бұл неден пайда болады? Бұл некелердің айырмашылығы келесіде. Кейбір адамдар некені шынайы махаббат негізінде ұйымдастырады, ал басқалары — жалған махаббат болып табылатын, құмартушылық негізінде некелеседі. Бұндай отбасы көпке бармайды. Бұл екі ұқсас сезімді қалай айыруға болады? Әйгілі «золотая лихорадка» кезінде көптеген адамдар алтын кенінің «күре тамырын» таптық деп, көп мөлшерде қазып алып қуанып жүрген минералдары, жай ғана, қарапайым, ешқандай бағалығы жоқ пирит екенін кейін ғана білген. Пириттің сырт келбеті алтынға өте ұқсас болып келеді. Оны басқаша «ақымақтар алтыны» деп те атайды.
Мен айтып кеткендей, құмарлық пен шынайы махаббаты айыру оңай шаруа емес. Өзінің «Төсектік қатынас, махаббат және құмарлық — оларды қалай айырамыз?» деген кітабында, доктор Рэй Шорт, адам сезімінің шынайы махаббат екенін, немесе «ақымақтар алтыны» — құмарлық па екенін анықтау үшін, бірнеше анықтаушы кеңестер береді.
Біз солардың ең негізгі 12 кілтін қарастырамыз.
Алдын ала айтарым бар! 1.Бұл кілттердің орналасу тәртібі маңызды емес. Олардың барлығының маңыздылығы бірдей. 2.Бұл кілттердің барлық 12 түрі бірдей қолданылуы тиіс. Өзіңе ұнайтындарын ғана қолдану қате болады!
№1 Кілт. Екеуіңді жақындастыратын не нәрсе?..
Құмарту: Сен ол адамға құмартып жүрсең, көбінесе ол адамның физикалық көрсеткіштері қызықтырады. Сұлу келбеті, фигурасы — бұлар, әлбетте өте тартымды қасиеттер. Бірақ келбет алдамшы болуы мүмкін. Ол сыйлықтың сыртына оралған қағазға ұқсайды. Оған қарап ішінде не бар екендігі жайлы білу мүмкін емес. Екіншіден, адамның сыртқы сұлулығы мәңгілік емес. Доктор Шорт былай дейді: «Көптеген мектеп жиналыстарының ішінде, менің жас кезімде болған біреуі. менің есімде қалып қойыпты. „Жігіттер! — деді оратор. — Қызға, керемет сұлу келбеті, немесе фигурасы үшін үйленер алдында, 30 жыл өткен соң ол қыз қандай болатыны жайлы ойлап көріңдерші!?“, осы сөздер ,әрдайым, менің ойымда»
Шынай махаббат: Егер сенің махаббатын шынайы болса, саған ол адам жеке тұлға ретінде қызықтырады. Әрине сенің ол адамға деген сезіміңде физикалық қызығушылық та болуы мүмкін, бірақ ол басқа да тартымды қасиеттерімен қатарлас болады.
№2 Кілт. Сен үшін Ол адамның қанша қасиеті тартымды болып көрінеді?
Құмарту: Әдетте құмартқан адамыңның өзіне тартып тұратын қасиеттері көп болмайды. Ол қасиеттер саған қатты әсер етуі мүмкін. Мысалы: Жігітке өз қызыныың жүрісі қатты ұнауы мүмкін.
Шынайы махаббат: Адамды шынымен жақсы көрсең, ол адамның барлық немесе көптеген қасиеттері сенің көңіліңнен шығады. Біздің әрқайсысымызың сан түрлі мінезіміз, бағытымыз, өмірге деген көзқарасымыз болады. Басқа адамдның қанша өзгешелігін таныдың? Оның ішінде қаншасын өзіңе тартымды деп есептейсің? Бұл өте маңызды, өйткені, некелескеннен кейін алғашқы кездегі эйфория ақырындап жоғала бастайды. Некені сақтап қалу үшін және оны қызықты қылу үшін екі адамның арасында көптеген ортақ қызығушылықтар болуы тиіс.
№3 Кілт. Бұл қалай басталды?
Құмарту: Құмарту деген лезде пайда болады. Шынай махаббат ешақашан бір көргеннен пайда болмайды, ал құмарлық бір көзқарастан пайда болуы мүмкін. Бір орысша өлеңде келесідей жолдары бар, «глаза влюбленных встретились в толпе, вспыхнула молния, и они сразу поняли, что созданы друг для друга». Шындығына келсек, бұл екеуі бір біріне жай ғана жағымды әсер қалдырған.
Шынайы махаббат: Шынайы махаббат, әрдайым, асықпай келеді. Басқаша болуы да мүмкін емес. Сен ол адамды шынайы сүйуің үшін танып, білуің керек. Ал ол уақытты талап етеді және ол уақыт сен ойлағаннан көп болуы да мүмкін. Адамның көңілін табу (немесе «жүру» деп те аталады) ұзаққа созылғаны, әрдайым жақсы әсер береді. 1 жыл жүрген, жарты жылдан жақсы, ал 3 жыл, 2 жыл жүргеннен жақсы. Статистикалық мәліметтер бойынша, жастардың көбі 1 жылдан артық шыдап жүргілері келмейді. Тезірек некелескілері келеді, кейін өз тәжірибелерінің нәтижесінде «Асыққан — шайтанның ісі» деген мақалдың куәгерлері болады. Асығыс некелесу, ертең ол жайлы өкінуге уақытың көп болады деген сөз.
№4 Кілт. Қызығушылығың жақын арада аяқталатын сияқты ма?
Құмарту: Құмарту кезінде, ол адамға деген қызығушылық кейде жоғары өрлеп, кедте төменге құлдырап тұрады. Бұл жағдайдың себебі — құмарту жылдам пайда болатындықтан, тамыры тереңге тарамайды. Және ол кезде, көбінесе, жеңілтек қатынастар орын алады.
Шынайы махаббат: Бір адамды шынайы сүйген кезіңде, сезімдерің шырайлы және нәзік болып келеді. Шынайы махаббат кезінде де сезімдерің бірде қарқынды дамып, кейде тоқыраушылық болып тұрады. Солай дегенмен, бұндай кезде, сезім тұрақты болады. Шынайы махаббат асықпай келіп, тамырын тереңге жаяды.
№5 Кілт. Сезім саған қалай әсер етеді?
Құмарту: Құмарту, адамның жолын орайды. Тұлғаның жауапкершілігі мен іскерлілігі төмендейді. Романтикалық сезім сені барлық жағыңнан арбап, армандарға итермелап, босқа жүресің. Егер қыз: «Оның кемшіліктері бар екенін білемін, бірақ ол екеуіміздің махаббатымыздан басқа, ештеңенің маңызы жоқ»- десе, ол қыз жай ғана қызығушылық білдіріп, уақытша құмартып жүр! Ертең ол қыз тұрмысқа шыққан соң, маңызы бар нәрселердің қанша екенін біле бастайды.
Шынайы махаббат: Егер сүйіспеншілің шынайы болса, өзіңнің ең жақсы қасиеттеріңді танып, сол қасиеттеріңді дамытуға ұмтыласың. Шынайы жақсы көретін жігіт өзінің қызы жайлы: «Мен оны осыншама ғажайып сұлулығымен қоса, өзімнің жақсы қасиеттерімді дамытуыма рух бергені үшін, сүйемін»- деп айтады.
№6 Кілт. Осы кезде басқа адамдарға деген көзқарасың қандай?
Құмарту: Құмартып жүрген кезіңде, барлық «жаһан» бір адамның айналасында құрылғандай көрінеді. Басқалардың, сен үшін, маңыздылығы күрт төмендейді. Ол кезде сен туғандарыңды және достарыңды елемейтін боласың. Сенің сезімің, өміріңдегі ең маңызды затқа айналады. Осы кезден бастап сен үшін маңызы бар сезім сол ғана. Өз өміріңде кенеттен пайда болған осындай «махаббатың» үшін, кез келген тәуекелге барасың. Алдында айтып кеткендей кез келген құмартушылық өміршеңділігімен ерекшеленбейді. Бірақ, осы сезім арбауында жасайтын қателіктерің, көп жағдайда, кейінгі өміріңе әсер етеді.
Шынайы махаббат: Шынайы сүйіспеншілік кезінде, сүйген адамың — сен үшін әлемдегі ең маңызды адам, бірақ туысқандарыңмен және жолдастарыңмен араларыңдағы қатынасың жақсармаса, ешқашан нашарламайды.
№7 Кілт. Айналаңдағылар сенің қарым-қатынасыңа қалай қарайды?
Құмарту: Жақын таныстарыңның сенің «сүйіктің» жайлы ойлары — өте маңызды емтихан. Егер сенің құмартушылығың шектен асып бара жатса, үй іші және жақын жолдастарың сенің мұндай қатынасыңа, көбінесе, қарсы болады. Құмартушылықтың қауыпты жақтарының бірі, жаңағы «сүйіктіңді» идол қылып алып, оның маңына жаң жуытпайтын боласың. Өйткені сен ол адамның кемшіліктерін көрмей, санаң жалған махаббатпен уланып жүреді. Достарың ол адамның кемшіліктерін немесе жағымсыз жақтарын көрсетіп жүрсе де, сен ол мәлімдеулерді игнорға жіберіп жүресің. Ата-анаң сенің қандай қателік жасайын деп тұрғаныңа көрсетіп жатса да, оларды тыңдауды қоясың. Кейде, жастар: «Енді не болыпты? Біз туыстарымызға емес бір бірімізге үйленеміз ғой!»-дейді. Сенің ұстанымың да осындай болуы мүмкін, бірақ өзіңді шынымен жақсы көретін адамдардың кеңесіне құлақ аспау — кешірілмес ақымақтық. Өмір сүріп келген жылдарыңда, сенде және сүйікті адамыңда, белгілі орта адамдарының ішінен жолдастар жиналады. Кез келген адам, жақын достарына, жолдастарына ұқсауға тырысады, және олар өзіңе ұқсай бастайды. Соған қарап, сенің достарың, сенің «айнаң» деп айтуға болады. Егер сен біреуге ессіз құмартып жүрсең, жолдастарың сенің ондай қылығыңды құптай қоймайды. Егер олар қауыпты белгілерді көре бастаса, сен ол жолдастарыңның айтқандарына құлақ асқаның жөн.
Шынайы махаббат: Егер сенің сезімің шынайы болса, туыстарың мен жолдастарың, сенің таңдауыңмен келісу шансы жоғарылайды. Некелерің абыройлы, бақытты болуы үшін, ата-ананың алғысын алу керек.
№8 Кілт. Қашықтық, сезімдеріңе қалай әсер етеді?
Құмарту: Сезіміңнің шынайылығын тексерудің ең әсерлі түрі — қашықтық арқылы тексеріс. Егер сенғ жай ғана құмартып, қызығушылық танытып жүрсең, қашықтық пен уақыт, сенің жалған сезіміңді жойып жібереді. Осы арқылы, құмарлық арқасында қосылған жұптардың, көптеген ажырасуларын түсіндіруге болады. Уақыт өте келе, жақын жерде, көзге көрініп жүрген адам, фотосуретте ғана қалған адамның орынын басады.
Шынайы махаббат: Адамдар арасында Шынайы сүйіспеншілік болса, сүйген адамыңның алыста болғаны, араларыңдағы сезімдеріңнің бұрынғыдан да артық өршуіне әкеледі. Шынайы махаббат қашықтық мен уақытқа тәуелсіз болады. Ол тек қана тән құмарлығы негізінде емес, адамның толық тұлғалық қасиеттері негізнде құралғандықтан, қашықтық пен уақыт, ондай сезімге кері әсерін тигізе алмайды. Бірге өткізген уақыт, бір біріңе, барынша жақындасып, бірігуге әкеледі. Сондықтан, бір біріңнен алыс жүрген кезде, өзіңнің жалғасыңды жоғалтқандай сезімде боласың. Қанша тартымды болса да, басқа адам, сенің жүрегіңдегі босап қалған орынды толтыра алмайды. Қашықтықта жүрген кезде, әлбетте, қорқыныш пен көңілсіз күндер көбейюі мүмкін. Сені: «Ол басқа адамды кездестіріп қалса не істеймін?» деген ойлар мазалауы мүмкін. Ондай жағдай болуы мүмкін. Егер сенің сүйікті адамың басқа бір адамда өзінің бақытын таба білсе, ол жайлы үйленгенге дейін білген жақсы. Сондықтан, егер сүйіктіңмен араларың суып кетсе, ол жайлы уайымдамай-ақ қой. Сенің ол адамға деген сезімің махаббат емес, тек қана құмартушылық болғаны. Және ол сезімің қашықтық арқылы тексеріске төтеп бере алмады. Бұл сезімді кеш болмай тұрғанда біліп, тексеріп алған жақсы.
№9 Кілт. Араларыңдағы кикілжің, сезімдеріңе қалай әсер етеді?
Құмарту: Жай ғана құмартушылық болған кезде, араларыңда ұрыс, кикілжің жиі болып тұрады. Не дегенмен де, араларың жібіп, қайта қосылығаннан кейін, ұрыстар үдей береді. Барған сайын жанжалдардың масштабы өсе түседі. Екеуің, аязда тұрған дикобраздарға ұқсайтын боласыңдар. Аралары алшақ болған кезде аяздан тоңып, жақындаса бірін бірі инелерімен шаншып шыдатпайтын. «Фил мен Алисаның кездесіп жүргендеріне 2 жылдай болып қалды. екеуі ай сайын ұрыссып, қайта қосылып жүретін. Кикілжің, кез келген, түкке тұрмайтын заттан пайда болатын. Екеуі бірін бірі өлердей қызғанатын. Осы уақытта Мария, Алисаның жан құрбысы, екеуінің көзін ашуға бел буады. Бір күні Алиса, өз құрбысына, әдеттегі жанжалдың мазмұнын айтып отырды да, жыны келіп кетіп: „Енді маған қайтып келші деп айтып көрсін! Мен онымен тіпті сөйлеспей қоямын!“-деді. „Алиса, меніңше сен онымен сөйлесуің қажет“ — деп, әрі қарай Мария өз ойын былай жалғастырды, — »бірақ осы жолы сен түбегейлі шешім қабылдап, оған "Қош бол Фил, бәрі бітті" деп айтқаның жөн болады"- деді. «Екеуің бір біріңнің теріс жақтарыңды қоздырып жүрсіңдер. Екеуіңнің ортақ темаларың болмағандықтан, араларыңдағы ұрыс-керіс, татуласулардың барлығы тек зерігу үшін» — деп, бар шындықты айтты.
Шынайы махаббат: Егер адамды шынымен жақсы көретін болсаң, араларыңда келіспеушіліктер пайда болуы мүмкін, бірақ шынайы махаббат, оның барлығын жеңе біледі. Сондықтан осындай махаббат кезінде жанжалдар сиреи береді. Әрбір жұп өз конфликтілерін шешуді үйренулері керек. Дау-дамай туғызатын мәселелерді іште сақтамай, ақылға салып, бірігіп шешіп алған дұрыс.
№10 Кілт. Араларыңдағы қатынастарыңа көзқарасың қалай?
Құмарту: Құмартушылық белең алған кезде, сен, жұбың мен өзіңді екі бөлек қарастырасың. «Мен», «сен», «менікі», «ол», «оныкі» деген есімдіктерді өз ойыңда болсын, сөздеріде болсын, жиі қолданасың.
Шынайы сүйіспеншілік: Шын сүйетін жандар арасында қолданылатын сөздер қатарына «біз», «біздікі», «бізді» дегендер жатады. Екеуің жайлы бір тұлға ретінде ой қозғайтын болсаң, сен ол адамды шынымен сүйесің. Бұл кілт жай ғана кездесіп жүрген кездеріңде онша маңызды емес сияқты болып көрінуі мүмкін, бірақ отбасы құрған кезде маңызы еселене түседі. Неке құмарлық негізінде құрылған болса, ері мен жұбайы бірге атқарған жұмысқа қарағанда, екі түрлі іспен айналысу кезінде жан рахатын сезінеді. Күйеуі, бос уақытын отбасымен бірге өткізудің орынына, «достарымен қыдыруға» асығып тұратын болады. Немесе әйелі отбасылық жұмастарға қарағанда, қоғамдағы байланыстарына көңілі ауа бастайды.
Шынайы махабат негізінде құрылған отбасыда, күйеуі мен әйелі, бірігіп іс атұыруға ұмтылып тұрады. Ондай отбасы жұптарының арасында: «Егер сен менімен бара алмайтын болсаң, менің де барғым келмейді» — деген әңгімені жиі естуге болады.
№11 Кілт. Өзімшілсің бе, әлде риясызсың ба?
Құмарту: Құмарту кезінде сенің екінші адамға деген қызығушылығың өзімшіл мағынада болады. Жігіт, бір әдемі қызбен, тек өзінің достарының арасынадағы мәртебесін көтеру үшін кездесіп жүруі мүмкін. Мысалы жаңағы қыз тым ерке, кежір болса да, ол мектеп «ханшайымы», яғни оның жанындағы жігіт мектеп «ханзадасы» болып шыға келеді. Керісінше жігіттің адамдар арасында қадірлі, беделді екенін байқаған қыз, өзінің мәртебесін көтеру үшін, ол жігітті жанынан алшақтатпайды.
Шынайы махаббат: шынайы сүйіспеншілік кезінде, сүйетін адамың, өзінің беделі арқылы ықпал жасамай, сенің өз-өзіңді жақсылап тануыңа жақсы әсер етеді.
№12 Кілт. Сезіміңнің негізі неде?
Құмарту: Сенің мақсатың, өз өмірін сені бақытты қылу үшін жұмсайтын адамды іздеп табу ма? Ең алдымен сені өзіңнің жағдайың қызықтырады ма? Егер жауабың «Иа!» болса, онда сенің жалпы позицияң эгоистік болып келеді — сен көбінесе осы қатынастан өзің не ала алатының жайлы ғана ойлайсың.
Шынайы махаббат: Махаббат — айнымас және риясыз. Сүйген адамыңның көңілі орынында болуы үшін қолыңнан келгеніңнің барлығын істеуге дайын боласың. Сен үшін сүйіктіңе «бере алатының», «ала алатыныңнан» әлдеқайда маңызды болады.
Түпнұсқасы мына жерде
Осынша пәлсапаны өзің ойлап шығарманың анық қой. дереккөзі қайда? Жалпы, сезім туралы жазу «неблагодарный» іс. Ол деген қолға ұстап көруге болатын дүние емес қой, оны сипаттау да мүмкін емес.
Дереккөз
Әркімнің мақсаты әрбөлек.
Бірақ екі жақтың ризашылығы жемістіліктің нышаны.
Және бәріне тән бір нәрсе, екі жақтан да ресурс құйылмаса (материалдық, рухани немесе эмоциялық) ондай қатынас өшіп қалады.