Strikeforce: Кормье vs. Барнетт

Ал, қадірменді төбелессүйерлер, өзімізге арнап бір пост жазып жіберсек!

Осыдан тура бір апта бұрын Strikeforce гран-при финалы болып өткен еді. Аталмыш жарыстың басты кездесуі 2004 жылғы Олимпиада ойындарында еркін күрестен АҚШ құрамасында өнер көрсеткен Даниель Кормье мен 2002 жылғы UFC чемпионы Джош Барнеттің арасында болып, төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімі бойынша Кормье жеңіске жетті. Есеп: 49-46, 50-45, 50-45

Жалпы, кездесу жақсы өткен сияқты. Қарсыластардың екеуі де бразилиялық джиу-джитсуға жүгініп, жерде жарты сағаттап жатып алған жоқ — тұрып төбелесті. Төбелестің басым бөлігі бокспен өткен көрінеді. Не де болса, Кормье таза жеңіске жетті… тек анандай жойқын соққылар жасап нокаутқа жібере алмағаны болмаса. Кормье ударник емес, күресші болғаннан шығар деп долбарлап отырмын өзім — онысын түсінуге болатын шығар. Бір шетінен Барнетт те еңгезердей — денсаулық жетеді

Төменде — сол кеште болған барлық кездесулердің толық видеосы.
Кездескендер:
1) На-Шон Буррел мен Крис Спенг — жартылай орта салмақ
2) Рафаэль Кавальканте мен Майк Кайл — жартылай ауыр салмақ
3) Гильберт Мелендес пен Джош Томпсон — жеңіл салмақ
4) Джош Барнетт пен Даниель Кормье — ауыр салмақ
Кормье мен Барнеттен басқаларының нәтижелерін жазбай-ақ қояйын. Өздерің көріп аларсыңдар


P.S.
Енді бірнеше сағатта жылдың ең басты төбелестерінің бірі болмақ. Бұл енді Strikeforce емес — ел арасында «сегізбұрыш» атанып кеткен UFC чемпиондығына талас. Басты кездесу Жуниор «Сыған» дос Сантос пен Фрэнк Мирдің арасында өткелі жатыр. Негізі, дос Сантоспен голландиялық Алистар Оверим кездесуі керек болған. Бірақ Оверим тестостерон деңгейінің тым жоғары болуына байланысты жекпе-жекке дейінгі медсынақтан өтпей қалды. Енді оның орнын Мир басты.
Одан кейінгі маңызсыз емес кездесу Антониу «Дәутабан» Силва мен Кейн Веласкестің арасында болады. Опшым, бір қызық матч болғалы жатыр. Видеосы шыға салысымен осында шығарармын қызығушылар бар болса
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше