"Аң-таң таң" еркін видеоблогы. Превью, 1-3 сериялар.

Кез-келген тақырыптағы, әсіресе, қоғамда қызу талқыланып, қазнетте тұздық болған оқиғалар мен мәселелер жайлы көзқарасты-деректі сериялар. Кез-келген уақытта шығуы мүмкін жеке еркін блог әлеуметтік желіде мәтіндік ой білдіруден бас тартып, көрнекі видео нұсқамен ой айту әдісі болып табылады.
Автордың көзқарасы кейде жалпы қалыптасқан ұстанымдарға сай келмей жатады. Сонымен, сапасы түрлі, темпі орташа видеороликтерді қарап, пікір білдіріп тұрыңыздар!


Леонардо ди Каприо, «Оскар» сыйлығы, әлемдік және отандық кинематограф жайлы

8 наурыз, тарих, қазақ сайттары, стереотип ақпарат хақында

Макдональдс пен ММА шеберлері туралы


p.s. Youtube каналыма жазылып қойсаңыздар, тіпті риза болар едім!
Әрі қарай

WOCS: Бұл - капоэйра!

Төбелес клубы: WOCS: Бұл - капоэйра!Бүгін жекпе-жек спорты туралы жазатын БАҚ-тардың бәрі шулап жатыр. Сөйтсем, Бразилияда Watch Out Combat Show деп аталатын промоутерліктің 28-шарасында бразилиялық Жулио Сесар «Кішкентай жарқанат»* Невес деген спортшы қарсыласы Денер дос Сантосты (Жуниор дос Сантостың фамилилиясы ғана шығар деп отырмын) капоэйрадағы бір тебіспен бірінші раундта нокаутқа жіберіпті. Жалпы, қимылдары мен тебістері көзге әдемі көрінгенімен аралас жекпе-жектерде капоэйра сирек қолданылып жатады. Сиректігі — осы сияқты айына-жылына бір рет  Есесіне қандай шоу жасайды!
Әрі қарай

Спорттық қызығушылықпен...: Жұмабек Тұрсын

Мен үшін Керектегі бүгінгі күннің басты жаңалығы Жұмабек Тұрсын болды (Сержанның сол посты "Біз білмейтін қазақтар" қауымдастығына сұранып-ақ тұр екен). Төбелес десе, елең ете қалып, қалың ортасына түйілген жұдырықпен қойып кіріп кетпесем де, сыртынан қызықтап тамашалаудан қашпайтын басым, спорттық қызығушылықпен Интернеттен мәліметтер ақтарып отырып біраз… біраз деймін-ау бірталай дерек тауып алыппын

Әлқисса…

Әрі қарай

Strikeforce: Кормье vs. Барнетт

Ал, қадірменді төбелессүйерлер, өзімізге арнап бір пост жазып жіберсек!

Осыдан тура бір апта бұрын Strikeforce гран-при финалы болып өткен еді. Аталмыш жарыстың басты кездесуі 2004 жылғы Олимпиада ойындарында еркін күрестен АҚШ құрамасында өнер көрсеткен Даниель Кормье мен 2002 жылғы UFC чемпионы Джош Барнеттің арасында болып, төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімі бойынша Кормье жеңіске жетті. Есеп: 49-46, 50-45, 50-45

Әрі қарай

Ескілік: "Соңғы император" тағы жеңілді

Шыны керек, өте өкінішті жағдай. «Соңғы император» деген лақап атпен белгілі Федор Емельяненко бірінші раундта (!) техникалық нокаут алып, тағы жеңіліп қалды. Болды нақ, Федя шал болды дейін десең, Емельяненко — 34, қарсыласы Дэн Хендерсон — 41 жаста. Төменде — толық видеосы:

Ал мынау — жекпе-жекті он төрт минут қарап, көзін зорлағысы келмейтіндерге. Жекпе-жектің тоқ етер сәтінің қысқа видеосы
Әрі қарай