Орта есеппен көлік жүргізуші әйел


1. Қысқарту жолдарын білмейді, өздері үйреніп қалған жолмен жүре береді «тығын» боп тұрса да
2. Рульде отырып артық істер істей алмайды, музыка ауыстырып терезе жабу деген жұмыстарды
3. Машиналары көбіне кішкентай маркалы: гольф, матиз, смарт, жук, мини, Рав 4, тайота лансер.

4. Машиналары тап- тұйнақтай, күнделікті тазалауға ерінбейді
5. Қатты жылдамдықпен айдамайды, 100 ден асса рульге ие бола алмай қалам деп қорқады
6. Артына көбіне екі пассажирден артық алмайды, адамдардың удобствосын ойлайды
7. Пассажирғып жігіттерден гөрі қыздарды алғанды ұнатады
8. Парковкада жарты сағаттай жүреді, парковка жасай алмай, парковкада машина көп болса шыға алмай қиналады
9. Машина салонында міндетті түрде жұмсақ қонжық немесе әдемі жастықша тұрады
10. Машина айдағанынан екі апта болмастан боқтық сөздерді жаттап алады, өйткені жігіттер солай істейді соларға ұқсауға тырысады
11. Темекі тартып кетулері де мүмкін, оған пробка кінәлі деп айтады
12. Майысып жолдан әрең өтетін қыздарды ұнатпайды, жігіттерге ұнау үшін солай ететіндерін біледі. ішінен «жігіт тұрған жоқ» деп боқтап алады
13. Сиденьяның астында міндетті түрде каблугы биік туфли жатады, каблукпен машина айдаған қиындау деп ойлайды
14. Машиналарының түсі көбіне қызыл, қызғылт келеді, ол олардың талғамдарының жоғары екендігін көрсетеді деген сенімдері бар
15. Салфетканың түр түрі жүреді, бардашоктағы касметичкалар мен тампондарды қоспағанда
16. Правилаларды қатты сақтайды, өйткені инструктор солай үйренткен зато еркектерге қарағанда 90 % ға аз ұшырайды аварияға
17. Жігіттерді басып озып кетсе, мұрнын шүйіре қалады мақтанып іштей
18. Гай тоқтатса, шаштарын түзеп жымыйып майыса қалады, себебі гайлер қыздарды көп қинамайды
19. Сигнал берген жігіттер болса, жігіт сүйкімді крутой машинада болса жымйады, онша мес болса менсінбей қарайды.
20. Ассықанндар сигнал берсе, ақырын өлең айтып қойып, айналып өте берсеңші деп отыра береді

Ақпарат өз оптымынан және қасымдағы қыздарды зерттеу арқылы алынды  Сурет мыннан.

Толықтыра отырыңыздар!
Бөлісу:

65 пікір

saken
Жол көлік оқиғасына тап болса, 200 пайыз кінәлі болып тұрса да «Менікі дұрыс» дейді )
Gastarbaiter
Статистика бойынша, батыстағы әйелдер ережені еркектерге қарағанда сирегірек бұзады екен. Қорқақтығынан болса керек.
AL-ASTER
Өзі отырған сол жағына қарай рульді ала беред)
alisha
Келісемін! Инструктордан ең көп естіген «комплиментім»
Argyn
Жигули, мәсківич, волга мінгісі келмейді… айлығы аз болса да қымбат көлікке қызығады…
19852407
гольфті де спескіге қос
ken
машина алғансың ба не?
Aikona
жоқ, анда- санда папаныкіне угон жасап тұрам))
omarbirat
Жүріп келе жатқанда, артында көліктер кептеліп жүреді, ал көлігінің алдында кемінде екі көлік сыятындай орын бос болады.
19852407
хехех, кемінде 2 метр болу керек алдағы-арттағы көлікпен аралық, сондықтан ол дұрыс ол
omarbirat
«Скорость потока» деген нәрсе бар. Тым қатты немесе тым баяу жүрмеген жөн. Жолда көліктер көп болған кезде, көлікті еш себепсіз баяу жүргізу көлік кептелісін тудырады
19852407
ее, бұныңыз онда көлікке жаңадан отырып, қорқасоқтап айдайтындар туралы болғаны
GulL
Рульде отырып артық істер істей алмайды, музыка ауыстырып терезе жабу деген жұмыстарды

мыналар енді бас жағында болады ғой қықық
Қатты жылдамдықпен айдамайды, 100 ден асса рульге ие бола алмай қалам деп қорқады

үйренген соң светофордан кейін артыннан қалмайтын жігіттерден қашқанда 100 ге д қарамайсың негізі
Машина айдағанынан екі апта болмастан боқтық сөздерді жаттап алады, өйткені жігіттер солай істейді соларға ұқсауға тырысады

жаттап алмайсың қорыққанан аузыңа түсе береде ондай сөздер, жігіттер тут непричем дер едім
Сиденьяның астында міндетті түрде каблугы биік туфли жатады, каблукпен машина айдаған қиындау деп ойлайды

ал мен керісінше каблукпен жүргізгенді ұнатам
Гай тоқтатса, шаштарын түзеп жымыйып майыса қалады, себебі гайлер қыздарды көп қинамайды

толықтай келісемін
Ассықанндар сигнал берсе, ақырын өлең айтып қойып, айналып өте берсеңші деп отыра береді

GulL
10. және қосылып өлең айтып отырады кейбіреулері
11. жұмысқа асыққан кезде артқы жақты көрстетін айна(зеркало заднего вида) уақытша қол айнаға айналады
12. документтері әрдайым дайын тұрады май қызметкерлеріне көрсеткенде
әзірге осы ойыма түссе жазармын, Айкона шынында актуальді тақырыпты қозғадың
meirzhan
Қыз бала обгон жасаса намысқа тиеді кішкене.
GulL
арасында сол жібере салуға болады ғой, кішкене озып кетсең болды желкілдеп арытннан жетіп келіп бажырая қалады осы жігіттер мужское самоюбиелері жоқ жерде ұстап
meirzhan
артынан қуып, озатындар жынысқа қарамайды жалпы.
GulL
көбіне жігіттер солай істейді әйтеуір, олай істеген қыздарды көрген жоқпын
meirzhan
артынан қуып, озатындар жынысқа қарамайды жалпы.
қай жынысты екенін білмей, артынан қуады дегенім ғой. жалған намыстылар
Zevs
обгон жасай ала ма өздері? шумахер болмаса
meirzhan
жасау үшін сәл пәл тәуекелшіл болса жетіп жатыр, асқан шумахерлік керегі жоқ.
GulL
неге жасамайды? жасайды әрине
Zevs
кейбіреулері қатты рисковать етеді бірақ. бір оқиға есімдеақ тойота ланд грузер прадо мінген бір қыз алдындағы водовоздан озам деп встречный келе жатқан қара джипке шығып (біле тұра)кеткені соғылуға бір метр жетпей қалғанда алдындағы водовозды озып жанынан сырып өтті.
ken
не деген ұзын сөйлем
GulL
 ондайларда бар арасында
Gastarbaiter
мінекей өздерің көріп отырғандай, қауіпті сәт… Самат Смақов допты аяғымен іліп ала кете жөнеле жаздаған болатын, бірақ…
dark_nazgul
Автобуста келе жатып бір күні, қапталдасып қалған бір көліктің руліндегі бикештің светофорда кірпігін бояп отырғанын өз көзіммен көргем.
Gastarbaiter
Автобуста келе жатып бір күні,
Будақтатып выхлопнойдан түтінін,
Қапталдасқан көліктегі бір бикеш,
Рөлде отырып бояп жатты кірпігін
asaubota
Aikona
суреттің мағынасы не?
FaraOn1
Ролде отырған әйел, граната ұстаған маймылмен тең деген тәмсіл бар еді ғой
asaubota
жәй әзіл ғой, солай айтылады ғой әзілдеп
FaraOn1
бұл әзілді маған таксист әйелдің өзі айтып берген.
өйткені ең алғаш рет әйел адам жүргізіп отырған машнеге отырған едім, ішімде біртүрлі қорқыныштар пайда болып, түрім невжный боп отырғанын көріп тыныштандырғысы келді ғой дим)))
Erkekyz
Көлік айдамасам да айдайтындарды білемін, толықтай келісемін))).
FaraOn1
Сатывалдының ара ойы кетіп жатқан шығар мына жерде
araika
Көп жағдайда тәжірибесіз жүргізуші нысанаға іліккен сияқты
Қосарым: Ұзақ жолға шыдамайды.
omarbirat
Машинасының артқы терезесінде туфлидің суреті жапсырулы болады
Aikona
көп қыздар оны қазір жапсырмауға тырысады, ішінде қыз отырғанын көрген жігіттердің нервісі қозбасын деп
dark_nazgul
Мен шәйнектің суретін шапсырып қояр едім.
Aidakonya
«Ассықанндар сигнал берсе, ақырын өлең айтып қойып, айналып өте берсеңші деп отыра береді» мынауын енді рас
aza
ВКМ қайда?! Бұл оның тақырыбы емес пе еді?
dark_nazgul
Куәлігім бар, бірақ көлігім жоқ. Соған сәйкес мәшине айдай алмаймын. Бірақ жақын арадағы жоспарда бар.
Мен айдасам, жақсы жүргізуші боламын. Өйткені, көбінесе балаларыммен жүремін, сондықтан барынша ұқыпты болуыға тырысамын.
және, балаларымды тек автокресломен алып жүруге тырысатын боламын.
Aikona
әйел адамдардың көбі жылдамдықты асырмай ережені сақтап айдаулары көбіне сол балаларын алып жүретіндерінде. Себебі, ана болғасын олар балаларын бірінші орынға қояды.
alisha
Орта есеппен әйел көлік жүргізуші дегеннен Орта есеппен көлік жүргізуші әйел деген дұрыс болар…

Әйтпесе біреулер көліктің де еркек-ұрғашысы болар деп ойлап қалар
Aikona
түзетіп қойдым, рахмет
alisha
Өз басым көлік жүргізуді үйреніп жүрмін. 5-6 рет қаланың ішінде жүргіздім. Басында механикаға үйретіп еді, қазір автоматпен шығып жүрміз. Ұйықтап отырып жүргізуге болады екен Топта 30-ға жуық үйренуші бар, соның 28-і қыз-қырқын.
AL-ASTER
Er balalar satip ala salad)
patick
Атыраудағы қозғалысты көріп қорықтып. Ереже, маневр сигналдары деген ұғым мүлде жоқ екен. 100-ден төмен жүрсең, сигнал беріп асықтырады.
alisha
Қойшы, ондайды байқамадым. Жолдасым 60-пен жүреді көбіне, алқымынан алып жатқан ешкімді көрмедім.

Байқағаным — жүргізушілік мәдениет жетіспейді. Біреу басып озса, міндетті түрде оның өзін басып озып, сигнал береді,1:1 дегендей т.с.с.

Жаяу жүргіншілер үндінің сиырлары атанғалы да біраз болды.
Abilakim
Жаңаарқада да жол ережесін сақтау жағы әлсіздеу.көлік жүргізіп үйренсең басқа жақта жүргізіп үйрену керек.Бұрылыстарда, кімнің машинасы крутой сол өте береді, танитын адамдар болса кішкене сыйлылауын қолын сілтеп"өте беріңіз" деген ишаратпен өткізіп жібереді.Басты жолда өзі болса да
omarbirat
Көбі оның артында жүргісі келмейді — әйелдің артында жүргеніне намысы келгендіктен емес, өзінің уақытын босқа кетіргісі келмегендіктен
alisha
Әйелде де әйел бар ғой енді, біреулері мен секілді енді ғана үйреніп жүргендер дегендей… 1-2 жылда әйелдер де ысылып, әдбен төселетін шығар.

Курста бір қыз: "Үйреніп алғанша возможность болса повороты жоқ жерлермен жүре тұрам" деп еді 
Үйреніп алған соң еркектерге есе жібермеспіз!!!
omarbirat
Ол — орташа есептен әлдеқайда жоғары тұратын әйелдер ғой
omarbirat
Жүргізуші куәлігін оқып немесе сатып алудың орнына сыйлыққа алу ықтималдығы жоғарырақ
Aikona
байқауымша қыздардың көбі оқып алуға тырысады, жігіттерге праваны оқып алу западло боп көрінетін сияқты (өздерінің сөздеріне қарағандар)
omarbirat
Қыздардың көбі оқып алуға тырысады емес, оқып алуға тырысатын қыздар көп
VKM
Көп пункттермен келіспейді екенмін, Айкона.Меніңше, айырмасыз қыз ба, жігіт пе рульде)))
VKM
Парковка десе, бастапқы кездегі косяктар еске түседі екен
Aikona
қызықтырып жібердің, айта отырсаңшы
VKM
Ол кезде қаладағы үйдеміз, аула толы көлік, соның ортасынан әдемілеп өту керек болатын.Басында папама телефон соғып,қойып берш деп тұратынмын.Кейін өзім… уа-ча… көршінің «Рафының»айнасын құрттым, тағы бір «Деликаны» сызып кеттім. Маркушникті құрттым ғой))) Кейін «Мерсті» әдемі айдадым
patick
Маған да тән категориялар бар екен
a63a1
осындай еркектерде бар, алғаш жүргізіп жүргендердің жынысына байланысты емес тәрізді. Мықты грамотно жүргізетін әйелдерде еркектерден қалыспайды сан жағынан (бөксе емес).Бірақ еркектер алғашқы кезінді білдірткісі келмейд шәйнек екенін. 40 жыл жүргізіп жүргендей қатайып отырады. ұшып жүру, подрезаттап кету бәрі алғашқы жүргізіп жүрген еркектерден шығад. Өз басымнан өткесін айтып отырмын.
Ең алғаш права алып машинамен көшеге шыққанда менде жын ұрғандай басып озіп, подрезаттап кетіп жүрдім, типі нақ кішкентайымнан көліктің жетегінде жүргендей, мақтаныш қысады.
Кейін ондай әдеттен бір жола айығасың, асығыс жұмыстар қысқанда болмаса штраф төлей беруде қажытады адамды.
omarbirat
Өзіммен ұқсастықтар байқап жатырмын.
1. Бір қатарға түсіп алып, сонымен ғана жүретін әдетім бар. Енді айығып келе жатырмын.
2. Басында мен де сондай болғанмын. Музыканы қосып қойып, машина айдай алмайтынмын.
3. Тойота Королла. Камриге ақшасы жетпейтіндердің машинасы
5. Ауылдан бірінші рет қалаға айдап келгенде, жылдамдықты 60-тан асырмаған болатынмын
9. Машинамда екі жастықша бар. Әрі сәндік, әрі қажеттілік үшін — машинада ұйықтау керек болғанда жастанып жатқан рақат. Мойынды ауыртпайды
16. Мен де пашти сондаймын. Жол полициясы мені тек трассада тоқтатады