Жоспар іске асты!


Сәлем Керекшілер!
Осыдан үш ай бұрын сіздермен бір жоспарым туралы бөлісіп едім. Сол Аллаға шүкір іске асып жатыр, тек өзіме блог-сайт ашып істі жасауды кейінге қоя тұрдым. Ең бастысы ісімді аз ақшамен бастадым. Астымдағы көлігімді саттым. Ол қаражатым түкке жеткен жоқ, бірақ басын бастап алуға себебін тигізді. Үш айдың ішінде 10 млн. тг табыс таптық деп айтсам болады..... Бірақ ол үшін Алматыдан Шымкентке көшуге тура келді. Неге? Өйткені, біріншіден Шымкент менің туған қалам, екіншіден Шымкентте бизнес жасауға МЕН ҮШІН барынша қолайлы… А! Ия, тағыда айта кетейін, тендерге қатысып батып қалам десеңіздер қателесіздер!!! Бәрі алдын-ала шешіледі немесе беретінін бермей ештеңе таба алмайсыз(өзім үйренген құпияларым туралы айтып берермін)!
Сонымен компаниямның аты «APPLESIN», бұл атты таңдаған себебім, американдық Appple компаниясы өте қатты ұнайды(Бұл туралы әлі түсіндіріп жатармын). 10-нан аса сайт жасап қойдық. Біреуін өзіме сыйға тарттым, біздің футбол жайында, футболды қатты жақсы көремін. www.nashfootball.kz Ал визитка сайтымыз www.applesin.kz
Істі бастау үшін не істедім:
1. Жоспар құрдым(Қалай аз ақшаменен компанияны тез көтеруге болатынын)
2. Інімнің ашып бірақ 2007 жылдан іссіз тұрған ЖШС-сін(ТОО) алдым
3. Атын өзгерттім(Бұрынғы аты «МерейАрт» еді) ТОО «Центр технической поддержки и программного обеспечения ЭпплСин» (Атын естігеннен тік тұрсын деген ой болды)
4. Электрондық қолтаңба алдым(ЭЦП)
5. Екі стартап проект дайындадық(Жақында ол туралы толығымен түсіндіріп беремін)
Жалғасы қызық болатын болса жалғастырайын, әзірге мұны бір пресс-релиз деп қабылдаңыздар!
Сұрықсыз деп тапсаңыздар қоя салайын!!!
Бөлісу:

38 пікір

KazaXXX
Опшым біреуге кеңес жағынан көмек керек болса көмектесейін!
Onlasyn
Маған қызық болып тұр. ТОО-ңда неше адам жұмыс жасайды?
KazaXXX
Әзірге 5 адамбыз! Бірақ 1 адам 3-4 адамға татыйды!
bekmur
ТОО-ң қай режимде?
bekmur
10 000 000 ды калай таптың үш айда? Сайт жасап тапсаң мықты екенсін…
KazaXXX
Тек сайттан ғана емес! ИТ-аутсорсинг және Бағдарлама жазуымыз бар! Өзіміз Антивируспен Бухгалтерлік бағдарлама дайындап жатырмыз!
F0x_kz
Менде ақша табудың жолын білем егер жақсы еңбектенсең айына 6000-7000 долларды ойланбай табасың.Мен қазір осымен айналсып жүрмін.Кароше тапқан айлығым шайлығыма жетпейді 2 айда 00.03 доллар таптым, неғып аз өзім бір күн істедім да қойш деп қойып кеттім егер интернетте босқа отырғанша осылай ақша табуға болады. 6000 долларды жақсы еңбектенсең табасың… солай
satibaldi
Маған айтпас па екенсіз?
F0x_kz
Бар болғаны 1000 теңге сосын пажалуста үйретемін қалай миллионер болуды.
Gastarbaiter

1000 адам мың теңге беріп, ертеңіне миллионер болмаған соң,
песдунақ деп тастап кетеді.
Қалғандары біраз лох бола тұрад.
Сол лохтардан еріншектердің біраз тағы тастайды.
Қалған 5-6 жанкешті айына 5-6 мың доллар табысқа ақыры жетеді.
Ол 5-6 мың доллар айлық әлгі тастап кеткендердің мың теңгелерінен құралады басында.
Кейін тағы сондай «поток» жиыналады. т.с.с
Шанс бар екендігіне мысал боп әлгі 5-6 жанкешті келтірілед.
Солай ма?
F0x_kz
обшым жігіттер 5000 долларды оңай табасыңдар бар болғаны 1000 ақ теңге беріңдер айтамын…
F0x_kz
ол интернет арқылы табасың файл обменник
KazaXXX
Сетевой маркетинг-пе?
zholantai
ештеңе түсінбедім, жазбаңнан
satibaldi
Жарнаманың ақысын төле. Нақ.
F0x_kz
Нақ деп қай наққа айтып отырсыз нақ десең иа
serjan
Өткенде жазған жоспарына жақсы лебіз қалдырған екенсіз енді не болып қалды.
ken
енді іші өртеніп барады
serjan
Маған қызық болып тұр, қызық емес ау ақша табудың жолын үйретем дегенге құнығып барамын, деседе егжей-тегжейін толығырақ жазсаң жақсы болар еді, ұнамағандарға ұнамайтын шығар жаза бер.
KazaXXX
Толық жазайын! Мен өзімді біреуден артық білем деп отырғаным жоқ, жай ғана үйренгенімді айта отырайын! Тендерге қатысудың қызықтарыда көп! Ешкім қатыспасын деп келісім-шартты қанша қрақынышты қылып жазсада қалай олардың жоспарын быт-шытын шығаруға болатынын іс жүзінде көрсетейін!
asaubota
СИН — Снижение Информационного Неравенства?
KazaXXX
Шынымды айтсам білмеймін де! Бұл атаумен бизнес жоспарды осыдан 5 жыл бұрын жазғам!
Rafa
KazaXXX ЖОО оқу жүйесін автоматтандыруға қатысты жобалар болса серіктес болуға шақырамын
KazaXXX
ЖОО-ны түсіне алмай тұрмын, бірақ серіктестікке әрқашанда дайынбыз! Сайттағы поштаға хабарласыңыз!
Rafa
Жоғарғы Оқу Орны
Gastarbaiter
Менде де біраз идеялар бар еді. Жүгіретін адамдар жетпейд. Кредит алып жалдайм-ау деймін.
Serzha
несие алсаң, артқа қайта алмайсың
Gastarbaiter
Енді қатын алуға, не там салуға емес ғой, тірлікке
KazaXXX
Несие деген ең жаман нәрсе сияқты мен үшін! Қандай идея бар бірге талқылайық қарсы болмасаңыз!
Serzha
кәдімгі ИТ-компания ғо
omarbirat
«APPLESIN», бұл атты таңдаған себебім
Адам Ата мен Хауа Ананың алма жеп, күнәға батқаны деп түсіндім
Gastarbaiter
Күнәға бату алмасы -менде де сондай байланыс тудырды.
KazaXXX
Шынымен соған келеді!
Serzha
Ия, тағыда айта кетейін, тендерге қатысып батып қалам десеңіздер қателесіздер!!! Бәрі алдын-ала шешіледі немесе беретінін бермей ештеңе таба алмайсыз(өзім үйренген құпияларым туралы айтып берермін)!
порталда төмен баға ұсынған ұтпай ма? қолға не затқа бересің?
KazaXXX
Солай ғой, бірақ астары(подводные камни) бар келісім шарттар көп.
Marationok
айдың ішінде 10 млн. тг табыс таптық деп айтсам болады
Күмән бар, бірақ, бәрі келісіммен болса… әрине.
kokbori
Өзге не десе, о десін, барыңды айта отыр
Abilakim
тендер деген ең былық сауда ғой