Мектепте ең жек көретін сабағың қайсысы еді?

Ең жек көретін, оқығың келмейтін пән қайсысы еді?

Мектепте ең жек көретін сабағың қайсысы еді?

Бөлісу:

151 пікір

Gastarbaiter
Жек көретін пәнім болған жоқ.
info
Өзіме ұқсаған химияны жек көретіндер көп екен ғой
asaubota
химия менің сүйікті пәндерімнің бірі еді
Gastarbaiter
Лібә, ең жақсы көретін деп ойлап, шеттілін таңдап едім
info
Мен басында жақсы оқыдым химияны, кейін аяғым шығып сабақтардан көп қалып қалдым. Сол негізін түсінбегеннен бе, тек жаттап оқитын сабағыма айналды. Одан кейін ұнатпайтын пәніме айналды
Abilakim
бірнешеуін таңдай алмағандықтан «Химияны» басып ем, жек көрген жоқпын, тек нашар оқыдым
patick
Жалпы мына тізімнің ішінде тарихтан басқасына қызығушылығым болмапты
Aikona
Тақырыпты дұрыс оқымаппын  Жақсы көретінімді басып жіберіппін а так орыс тілі болатын
AKY
Физика! анебір ағайға қаным қайнайтын.
Химия, геометрия, қазақ және орыс тілі мен әдебиетін жахсе көрдім. Информатикаға равнодушно қараппын, бірақ мамандығым
asaubota
орыс тілі сабағын жек көретін едім және орыстілді апай беретін ағылшын тілін.
Armanjan
сыныптағы барлық бала химия пәнін мұғалімімен қоса жек көруші едік.
Gastarbaiter
Химия 11 рет, Биология сабағы 9 рет болатын аптасына. Екеуі де фавориттерім болатын.
Кейін Химиялық Анализ Негіздері қосылып, буферлі ерітінділерді оқи бастағанда мен үшін нағыз сынақ басталды, ал Биологияға қызығушылық "Өсімдіктану" курсы біткен соң күшее түсті, одан кейін Анатомия, одан кейін Тіршіліктану: «айқасу», хромосома, эволюцияны өте бастағанда қызығушылығым одан әрі күшейді.
asaubota
Анатомия кітабы берілген кезде бір жылдық бағдарламаны бір күнде оқып шығып едік  кейін бәрібір ең қызық жерін апай оқытпай аттап кетті
vebred
рас сол ең қызық жерін бізге де оқытпады… бірпқ бәрібір өзіміз ашып оқыдық… сонда апайлар өздері ұялды ма екен… әйтпесе ғылым ретінде оқытса да болар еді ғой..))
Zhan
Біздің кластағылар да «Тәнтану» деген пәнді сонау сентябрьде кітап үлестірген кезде-ақ, «керекті» деген жерлерін оқып алғанбыз
007
сол қызық жерін бізге түсіндірді, ертеңіне қыздардікін қыздар ұлдардікін ұлдар айтат деп ұлдардікін мененсұрағаны бар айтып бердім  …
dark_nazgul
біз де химия мен биологиядан көз ашпайтынбыз. «Химиялық технология» деген де болатын бізде. химзаводтардың схемаларына дейін көрсететін.
serjan
Менің пәнім көш бастайын деп тұр ау!
salta
менің де жек көретін сабағым болмапты. бәр сабақтан олимпиадаға қатысуға тырысатынмын, ең жақсы көретін сабақтарым тарих пен география болатын.
info
география пәні қызық еді, Мемлекеттер, астаналар, арал, бұғаз, түбек…
dark_nazgul
географияны қақпайтынмын, сол үшін оқығым келмейтін.
asaubota
географияны әдейі қоспап едім, ешкім жек көрмеген шығар деп. география ең добрый пән ғой
dark_nazgul
география мұғалімі мені откровенно жек көретін.
Gastarbaiter
Әйелдер бәріне субьективно қарайд.
Орыс тілі апайынан шапалақ жегем, бірақ ұнайтын
Биолог іштен бір удар берген, тәртіп үшін. Ол да солай.
serjan
Тарихты жек көрдім Қытай тарихы еді көбісі өтірікке құрылған.
Abilakim
қытай жылнамасы ең шынайы ақпараттарды береді дейтіін ғалымдар қырта бере ме?
serjan
Қытай жылнамасы басқалардың тарихына қатысты шынайы ақпарат бере алатын шығар, ал мектеп бағдарламасына енгізген өздерінің тарихы жөнінде айтар болсақ бір жағы саясатпен ұштасып жатады.
mirasasem
Сызу деген сабақты жек көретінмін
Gastarbaiter
Ох, лібә, мен де. Бәсе, әйтеуір біреуін жек көруім керек ед.
vebred
менде сызу сыза алмай-ақ кеттім ғой
asaubota
осы сабақтан алдын ала қорқып жүргем  бірақ бақытыма орай түрік лицейіне барғанымда ол сабақ онда оқытылмайтын болды! және орыс тілі де жоқ болып шықты!
mirasasem
Бағыныңыз жанған екен! Бізде бұл сабақтан мектеп директоры берді, сызу дайын болмаса сразу 2 қоятын
Abilakim
тошны, түк сызбай кеттім ғой сол сабақтан.Жалпы, дәптердің шетінен 2 см қылып жолақ сызғанның өзінде қисайтып жіберетін едім
Erkekyz
Мен де осы сызуды жек көріп кеттім. Жо-жоқ жақсы-ақ сызатын едім, ондайға ебім бар, бірақ ағайым өте нашар адам еді, тек қана маған жаман ғо, неге екенін сол күйі түсінбей кеттім. 4-ші тоқсандығымды 4 жылдығымды да 4 шығарғанда мини скандал шығарып, 5 те 5 қып алдым.
Ал химия менің ең сүйікті пәнім еді. География ғо фаворит еді).
AL-ASTER
Жақсы көрмейтіндердің арасында қазақ тілі де бар ед, шылау одағай, құрмалас, аралас сөйлемдер, матасу дегендерді соңына меңгере алмай кеттім ғой.
sammita
информатика ұнаушы ма еді?
AL-ASTER
Қатты ұнайтын. Бізді үш топқа бөліп оқытатын тізіммен. Мұғалімдер ұрспайд, үшеуіне де бара беретінмін))
sammita
Анар апайың ба еді?
AL-ASTER
Ондай апай болған жоқ. 54те оқыдым ғой. Шынарапай, Сағынышапай сосын Мейірағай болд. болд.
bazuka
ааааа апай)))) Солайдеде осындай нигі болатын))
sammita
Ал Астердің мектебін шатыстырып отырмын. Анар менің туысым еді)))
AL-ASTER
ол кісі информатик па еді? кажсы солайдеде бір суретке коммент жазғанда Сағынышапайды таним дегендей болып ед)
sammita
ия, Сағыныш апайды мен де танимын, талай театрға апарған шығар сендерді
AL-ASTER
Театрға көруге емес, сонда ойнауға апарған еді тобымызбен оқушылар сарайына)
serjan
Біздегі бір өкінішті жағдай жаратылыстану, техникалық бағыттағы пәндерді жек көреміз де қоғамдық гуманитарлық пәндерді оқығанды жақсы көреміз яғни оңайына қарай ұмтылады қазіргі оқушылар, бас қатырғысы келмейді, өз басым қоғамдық жаттама пәндерді оқып математика мен физиканы химияны білмейтін адамды топас деп қараймын.
Gastarbaiter
«Гуманитарный склад ума» деген балағат бар орыстарда
vebred
уйбооооой)))) онда мені жек көре бер)))
Gastarbaiter
Ол үшін үлкен себеп керек
bazuka
жек көретін пәнім болған емес, сондықтан қалыс қалдым). Жек көретін мұғалімдерім болды енді))
info
Адамдар өзі не техникалық пәндерді, не гуманитарлық пәндерді жақсы оқитын болады ғой. Одан кейін сынып жетекшісі қай пәннен береді, сол пәннен ақсайды, себебі ақша жинау, жиналыс жасау, бұзықшылық жасағандарға ұрысу сонымен-ақ уақыты да өтіп кетеді. Менің сынып жетекшім дене шынықтыру пәнінен беретін, айтеуір жиналысымыз бітпейтін
AL-ASTER
Соңғы жылы біздің сынып жетекші психолог болған, сабақтан қашып кешіккендердің миын шұқитын
info
 Құдай сақтасын
serjan
Сосын директордың сабағы негізінен өтілмейді деуге болады.
info
ия, кейін тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының(завуч) да сабақтары өтіле бермейді
asaubota
біздің директор Социологиядан берді. бір күні мен Ажырасудың себептері деген реферат жазып апарғам (блеа мектеп оқушысына сондай тапсырма бере ме екен?).

орысша бір материалдарды аударғам түрікше сөздік арқылы. сонда басты себептердің бірі жыныстық қанағаттандырмаушылық дегем. соған бұлқан-талқан болды, былай бізге білдіртпей. лицейде ондай тақырыптар айтылмау керек және біз ондай сөздерді білмеуіміз керек та просто. енді Гүлен жамағатының лицейі ғой, ондай болмау керек еді
Zhan
сонда басты себептердің бірі жыныстық қанағаттандырмаушылық дегем
Біздің қазақтың көптеген келіншектері оргазм алмаса да байы мен бала-шағасының қамын ойлап жүре береді. Өзім талай келіншектермен ашық сырласқанмын. Айтуларынша, оргазм тұрмақ, нармалні жыныстық қатынасқа түспегенін мойындайды.
asaubota
миссионерліктен басқасын көрмегендер де бар екен
vebred
қойыңдар -ей не болды))) жүрміз ғой осы үндемей-ақ, ха ха ха ха
Zhan
соны айтып тұрмын ғой. Ноутбуктан порносайттарға кіріп неше түрлі позаларды көрсетіп, «күйеуіңмен осылай боласың ба?» деп деп сұрасаң, әлгі келіншектер беті ашылмаған қыздай ұялады ше. Не деген ұяты тамып тұрған келіншектер деп таң қалам. Олардың қасында мен Салта айтпақшы бір тұтам ұяттың жұрнағы қалмаған бетсіз сияқты боп қалам.
Abilakim
сен күйеуге тиген соң саған сол позаларды біреу көрсетсе сен де ұяласың.Себебі, ол екеудің құпиясы
007
келісемін,,, сыныпты 11 ұл болдық 3 бала жақын дос едік сынып жетекшінің сабағы бізге ұрсумен өтетін қасымдағы балаларды шапалақпен беттен ұрып бастарынан сумканың ременімен ұрып құмарын қандыратын ал бақытыма қара менің бойыс ұзын болып онда ударлар жеуден аман қалдым… тағы бір мынадай оқиға болды...9 сыныптан бастап темекі шегетіндердің қара тізімінде әлгі үшеуміз тұрмыз, сынып жетекші сабағына кіргенде үшеумізді тексереді қойын қоншымызды нәскиімізге деін түк қалдырмайды (әрине солай істейді егер туалеттен үсті басың мүңкіп келіп тұрса) кезекті тексеруде менің шалбарымның қалтасында үлкен жыртық болды қолын қалтама сап жібергенде тереңірек кеттіде шоршып түстім бүкіл сынып бұттан кеткенше күлді сынып жетекші өзіде күлді
Gastarbaiter
Салауатты Өмір Салтына Баулу сабағынан үзінді.

Балалар, ЖИТС-тің пәлен пайызы нашақорлар, пәлен пайызы бейберекет жыныстық қатынасқа түскендер мен «гомосевзвзвуалистер» (әдейі жай, түсініксіз айтады).
Бүкіл бала тырқ-тырқ күледі. Бауыржан орнына тұрып, әдейі:
«Апай, гомоСЕКСуалистер қалай жұқтыратынын түсіндіріңізш»
Очм, «секс» деген сөзді естісек «жырқылдайтын» ауру боп ед 9-сыныпта.
vebred
басым көпшілігің бақытты оқушы болған екенсіңдер, олай дейтін себебім, біздің ауыл тым шағын еді… 11 жылдық мектепте, барлық пәннің мамандары жетіспейтін… сондықтан алгебрадан беретін кісі көп жыл физикадан сабақ берді, биология, химия пәнінің мұғалімі кетіп қалды да оның орнына биолог сабақ берді сөйтіп соңғы сыныптарда химиядан білетінімізді ұмыттық… ал қазақ тілінен беретін мықты маманның мінезі жаман болғандықтан көп жыл мектепте жұмыс істемеді… оның орнына берген кісіміздің не түсіндіргені есімде жоқ… тарихшы деген маман бар еді ол жылда декретке кететін, орнына әркім бір сабақ беретін де тарихтан да мақұрым болатынбыз… қойшы әйтеуір, географиядан лесник сабақ беретін...))) тағы не еді… физкультурадан миллион адам берген шығар, кому не лень… сонымен нағыз сауатсыз болып мектеп бітіргенбіз......әйтеуір бір жыл бойы мектеп бағдарламасын қайта оқып шығып өз бетімше, оқуға түстім ғой…
asaubota
сонда да ауылдық мектепті алтынмен бітірдім деп мақтанатындарды түсінбеймін. тіпті одан әрі кетіп институтты да қызылмен бітіріп шыққандар бар. былай қарасаң не ақыл, не фантазиясы жоқ. логикасы ноль! бірақ жаңағыдай мақтанады…
vebred
рахмет Аршат)))) ха ха ха мынауың тура мен туралы
Gastarbaiter
Әңгіменің бәрі бұтаққа барып тірелетіні қызық
GulL
Gastarbaiter
Орыс әдебиетінде де «И тут Федя как трахнет ее по голове» дегенді естігенде де сол жырқыл қысып
GulL
ияя сол жерін әдейі балдар қайта қайта оқитын еді апайдың реакциясын бақылау үшін
Tarazkyzy
Химия, химия, тағы да химия! Сол химиядан Н2О-дан басқа ештеңе ұқпай кеттім.
sammita
дегенмен сол кездің қазақ оқулықтары мықты аударылған еді қазақшаға.

бірнеше пәнім тұр мында жек көрген
asaubota
ол кездегілер қазақша ойлай алатын аудармашылардың еңбектері еді. қазір сөздікке, түсініксіз терминологияға қарап аударады. ал бұрынғылар действительно қазақтар аударған дүниялар еді.
Zhan
Қазір де аударуға болады. Бірақ конкурс жариялау, аудармашыларға стимул жасау деген атымен жоқ. Сосын да бұл салаға ешкім басын ауыртпайды.
sammita
оны аудартпау керек! Сол саланың жетік маманы, ғалымдар общым сондай ғұлама адамдар жазып шығуы керек.
GulL
онда ондай ғұламалардың жазуын күтуге кем дегенде 50 жылдай уақыт керек, себебі қазіргілердің алдыңғы қатары кеңес дәуірінде білім алған + орысша оқыған сондықтан олардан қазақша жазба күтпей-ақ қоюға да болады. Шынында аудармаға келетін болсақ бұрынғы техникалық кітаптар жатық тілде аударылған, бәрі түсінікті, ал қазіргілер жаңа сөз тауып ойлап қосып адамның миын айналдырады
bazuka
дегенмен сол кездің қазақ оқулықтары мықты аударылған еді қазақшаға.
ия ұғынықты болатын
vebred
рас оларың рас енді… қазіргі оқулықтарды қараған ғұрлы, редакциялап оқисың ғой)))
GulL
жыным келетін сабағым алгебра болатын  тіпті универге түскенде сол сабақ болмайтын факультетке түскенмін  1 курста сол сабақты кестеден көріп бүкіл поточка талып қала жаздаған, сөйтсем жалғыз мен екен десем бәрі солай қашып келгендер екен  
Gulistan
Геометриядан теоремаларды дәлелдеу процесі ең іш пыстырарлық кезең болатын мен үшін.
zholantai
алгебраны сүйдім десем де болады. Химияның мұғалімі қарт кісі еді. Шаршаған, бізді де қоса шаршатып жібереді. Және ешқандай да лабораториялық сынып жоқ болатын. «Мың естігеннен, бір көрген артық» дегендей, реакциялардың іс жүзінде орындалу мүмкіншілігіне куә бола алмағандықтан қызығушылық сөніп, тұтанбастай болып қалған. Сондықтан да Химияны жек көрдім, бірақ қызық пән болып сезілетін
a63a1
бәріне сабақ ретінде қараппын, мынаны сүйдім деп бөліп айта алмаймын. Әйтеуір анау менен асып кетті деген жанталаспен өтті мектептегі күндерім.
Robin
Менің де жек көретін пәнім жоқ екен. Яғни маған барлық пәндер ұнайды. Ешбірін жеккөрмейм. Бірақ Орысша дым түсінбейм. Сол үшін сол сабақта тып тыныш отырам.
a63a1
 кетш нақ, ақкөңіл амиго
Robin
Күлетін нәрсе көріп отсыздар ма?
AKY
таза сана номинациясын ешкімге бермей келе жатырсың, ай, маладес!
Rozatai
Химия қиын,
Ашиды миың.
Ашыса миың,
Құдайға сыйын,- деп отыратынбыз.
Реакция дегендерді жек көретінмін. «Бірнәрсе оксиді мен тағы пәленшенің сілтілік түзілісін жаз» дегенді естігенде төбе шашым тік тұратын. Тақтаға шыққанда тілдей қағазға реакцияларды жазып, соны сықпыртып көшіріп беретінмін. Бір күні ежелгі әдетімше алақанымдағы қағазға қарап жазып жатырмын, артта отырған ағайын шулап отыр еді, бір сәтте сынып ішінде сілтідей тыныштық орнап қалды. "Үйбәй, бұларға не болды?" деп артыма жәймеееен бұрылып қарасам, ағайым жаныма аяқ тықырын білдірмей келіп, менің көшірбай әрекетімді бақылап тұр екен. Ұялған тек тұрмас, бетіне қарадым да, өтірік ыржиып күле бердім  Ол не деуші еді:«Отыр, 2!»
Аттестатымдағы екі төрттіктің бірі осы химиядан түсті
AKY
Химия қиын,
Ашиды миың.
Ашыса миың,
Сарқытұа сыйын,- деп химик апайды айтатынбыз)
kokbori
Есепке жоқпын, үйдегі машинаның номерін бір айдан кейін жаттағам, онда да інім 2,3,4 деп санап бергенде, оған дейін мән бермеппін Демек, алгебра
Gastarbaiter
Бәсе, ән-күйді жақсы көретініңді сезіп едім.
kokbori
Ән күйді жақсы көрмесең мақаусың, бірақ ондай сабақ тек бастауышта, мен мектепте тарихты, универде психологияны, экономиканы, политологияны, әдебиет сынын және өтің жарылса да айтайын, журналистика тарихын жақсы көрем, жақсы көре беремін
Gastarbaiter
Медсестра, мына науқасқа да екі кубик димедрол, новокаин, реакция беріп жатса калий хлор
Adiletshu
Алгебра, Геомерия, География. Осы сабақтардан олимпиадаға барып тұратынмын. Алгебраны әлі ұмытпаппын. Інімнің есептерін шығарғанда есіме түседі.
meirzhan
Биологияны. Себебі жай ғана жаттау керек болатын оны. Түсіну керек емес, тек жаттасаң болғаны. мұғалімін де методикасын да жек көретінмін.
sammita
Ән-күйден өңкей махаббат, өмір, бақыт туралы әндер үйренген екенбіз қарап отырсам))

Жаз өмірін мәз өмірін қысқартып,
Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып.
***
Басында Қамажайдың бір тал үкі…
***
Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені,
Желтоқсан желі ызғарлы.
***
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
***
Сағындырған Сарыжайлауым
***
Қариялар азайып бара жатыр
***
Сағындым Алматымды
***
Кең далам, толғанайын толғайын
***
Заман-ай
***
Желтые тюльпаныыыы хиты да болатын ән дәптерінде
Rozatai
«Белые розы» ше? Әлде ол бертінде шықты ма?
sammita
болды ғо, «О, қу арақ» хит болған замандарҒо
Adiletshu
Шамасы 1980 жылғысыз-ау дейм
a63a1
о қуарақ 96 ларда емеспе? мен 3 оқим демек
AKY
несі бар, махаббат туралы да үйретті:

Нені ойладың?
***
Әнім сен едің
***
Қайықта
***
Дудар-ай
***
Жайдарман
satibaldi
Дон Жуандау мұғалім біздерге де көз жүгіртіп қойды деЧ.
satibaldi
Жаз өмірін мәз өмірін қысқартып,
Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып.
Мұғалімің күнтізбелік жоспарды біздің мұғалімнен алған болса керек.
sammita
сондай деймін, жыл басында пәннің күнтізбелік жоспары бекітіледі, қай күні қай әнді үйрететіні туралы. Ешкім (ата-ана да) «ойбай мынауы несі, балалар әнін неге үйретпейді, аттан-аттан» демейді ия. Ән-күй тек төменгі сыныпта болатынын ескерсек)
satibaldi
Біздерде импровизацияға ерік берілетін. Айталық, «Желтоқсан желін» айтып тұрғанда үш қыз бірінен соң бірі Ләззаттың, Қайраттың, сосын тағы біреудің суретін алып шығады да, ән біткенше жерлеуалды өлімсіреген мұңлы келбетпен парталарды аралап жүреді.
Marationok
Дене шынықтыру, физраны жек көретінмін.
Adiletshu
Неге, дос ғҮӘ?
Marationok
Еріншектігім көп болған.
Сосын, ғҮӘ деген не? Білмейтіндерге айтып жіберсең
Adiletshu
Клавиатураның жоғарғы жағындағы қазақша әріптер
Marationok
Оны біліп тұрмын ғой, жалпы, қандай мағынасы бар дегенім?
sammita
ғой ия
Marationok
Онда, оның қойған сұрағының ұйқасы жоқ деген сөз ғой, иә?
meirzhan
Оны тек Аңсар ғана білетін шығар.
Gastarbaiter
Қума, қума ееей, дррррр
aikarakoz
Химияны қақпай кеттім. Бастауышта Бейнелеуді, жоғары сыныпта Сызуды керемет жақсы көретінмін. Сосын қазақ тілі мен әдебиетіне ғашық едім. Алгебра, Биология, География, Астрономия мен Орыс әдебиеті пәндерінің оқытушылары қатал болған соң амалсыз оқып, артынан ұнатып та үлгердім. ҰБТ-да Матемнен 22 балл ғана жинап, аттестатқа жалғыз 4 түсті
Armanjan
Бір келіншек мақтанғысы келгенде былай депті: осы сұлу адамдар есепке нашар болады деген рас па дим, он жыл мектепте оқығанда математика миыма бір кірмей қойды ғой -деп.
alisha
Алгебра мен геометриядан өтірік 5 алдым. Сынып жетекшіміз математикадан беретін, 5-11 санып аралығында сол өзі болды. Сабақ түсіндірудің орында, тәртібімізді сөз қылып, тәрбие сағаты, анау-мынаулардың жоспарын жасайтұғын. Одан қалса күнтізбелік жоспарын жазамын. Кей себептермен орнына басқа мұғалімдер кеп, сабақ берген кезде жағаларын ұстайтын. Бүкіл сынып математикадан «толық үшке» зорға тартатынбыз.

Ол сабақтарға емес, соны білмегеніме жыным келеді.
aza
Алгебра мен геометрияны да аса жақсы көрдім дей алмаймын. Бірақ, Химияға ішім жылымай кетті. Басқа сабақтардан жақсы оқыдым да, ана мұғалімге мені сүріндіру мұрат болды))) Бірде үлкен бір тексеріс келіп, ашық сабақ болып жатыр. Бір кезде химигіміз сұрақ қойды: Баллар, қардың формуласын айтыңыздаршы… Сынып өл қалған, ешкім үндемейді… Жәй ғана дауыспен: Аш екі о дедім. Бейшара мәз болып кетті… Мейлі, сонда да жек көрдім.
Zilola
Бaгa ушiн, мaктaу кaгaзы ушiн бaрлык пaндi жaксы окыдым. Бiрaк, кaзaх тiлi мeн кaзaх aдeбиeтi тым киын eдi, диктaнт, шыгaрмaлaрдaн 4 aлaтынмын.
aza
Қазақ тілі мен әдебиеті дегендерден 4 алады деген ойыма кіріп шықпаған. 5 сыныпта бір мазмұндамама Ләззат Бекболатова деген класс жетекші апайым 5 те 2 қойып… Қатты қорландым! Жазуым нашар еді, қаралап, бояй беретін ем… Қатты тырыстық қой… Содан кейін 5 тен түсіп көрмедім)
ken
ең жек көретін сабағым қимия еді. өйткені түк те қақпайтынмын. қағуға тырыспайтынмын да.
мұғалімдер басқа сабақтардағы үлгерімімді және тәртібімді ескере отырып, тоқсан аяғында төртімді қойып беретін.
salta
кім қандай пәнді жек көреді сол пәннен әлсіз…
satibaldi
НВП, Физ-ра, ОБЖ. Осы сабақтар болатын күні ауа райы да бұлыңғырланып көмескі тартып, аңызақ жел күшейіп, мұңға жетелейтін атмосфеа орнайтын. Оған осы пән мұғалімдерінің сұрықсыз, көңілсіз, өмірден баз кешкен селсоқ түрін және қосыңыз.Осындай құрыған күні де жүгіріп-секіріп, жарысып, біреуден озып кетіп, нормативтер кестесін ерінбей жазывалып жүретін Шымбергенге жыным келетін еді, әнасстың.
vebred
Оған осы пән мұғалімдерінің сұрықсыз, көңілсіз, өмірден баз кешкен селсоқ түрін және қосыңыз.

балалық шағымыз ұқсастау болыпты-ау)))) Жалпы мұғаліидердің көңіл-күйі деген сұмдық болатын… Үйіндегі проблемасын мектепке әкеліп, міндетті түрде бір байғұс оқушы тауып алып, оның жер-жебіріне жетіп, сосын бір «уһ» деп демін алушы еді жарықтықтар!!!!
Erbol
Алгебра мен геометриядан Майлин аты сондай өзі деген пиәншіктеу ағамыз сабақ беруші еді.Басы мақты істейді жарықтықтың, бірақ аузы ақаңнан босамайтын. Перегар классқа кіргенде-ақ періп тұрады. Көзіне бірінші түскен баланы, жүрші деп ертіп шығып кетіп, араққа жұмсайтын. 10-11 класста «Мұқағали степендиясы» дейді, мектептен шыққан байсымақтардың степендиясы дегендерді алып оқыдым.Сол степендияның жартысын сол тауысты, атасс.Әкелген бір жартыңды аштырып, стақанды тартқан соң, көзі шарадай жанып, Омар Хаямнан тартып, мен ақын болуым керек еді, өмір қиын брат деген тақырыптарда әңгіме айтатын.
satibaldi
Gastarbaiter
Туған бауырыңды тапқандай қуандың ғо
araika
Мектепте жек көрген пән болған жоқ, алайда одан кейінгі жылдарда тым көп болды Әу бастан іргетасы дұрыс қаланбағандықтан болар, тарихтан тым нашармын.
Delhi
Алгебра, геометриядан әкем, биология, географиядан анам беретін. Қазақ тілімен әдебиетінен папамның ағасы, физрадан нағашы ағам берді. Ал физикадан, физикадан деген директордың өзі беретін. Бағаға нашар адам болатын)) Бағаға нашар болдыма, әлде мені жақтырмады ма білмеймін, әйтуір көбіне сол сабақтан тұрып тұратынмын. Қалғандары оңай сабақтар ғой)))
Gastarbaiter
Алгебра, геометриядан әкем, биология, географиядан анам беретін. Қазақ тілімен әдебиетінен папамның ағасы, физрадан нағашы ағам берді. Ал физикадан, физикадан деген директордың өзі беретін

Непотизмнің асқар шыңына жетіпсіңдер ғо, сыбайластар өңшең))
Delhi
мен айтқаным тек бер жағы болатын))
Aigolek
немис тилин жек кордим. ващще окымадым о сабакты. Апайдын тусиниги бар апай ед. Баска сабактарыма карап токсанга 5 шыгарып коятын айтеур. Кай сабакты да киналып катырып окымадым. оныншы сыныптан кейн 4-5 сабактыгана катырып турып окыдым. Географияны окыганым соншалык барлык мемлекеттин туын, астанасын, барлык бугаз тубек не керек барин 100 процентке билетинмин. Казир сонын 10 проценти де калмаган
Gastarbaiter
Статистикаға қарап, қаззақтардың басым бөлігі сөзге шешен, ал нақты ғылымға… сука ұйқас таппай қалдым ғо… очм, нащар.
Соңғы түзету:
zholantai
Ал мен матиматиканы жек көретіндерді түсіне алмайм, күнімен терлеп, түнімен тыпыршып бір есепті шығара алмай, шешімін тапқан сәттегі кайф деген сұмдық ғой енді
temir1986
Жалпы баланы сабақтан қалдырмау керек. Мен мат, хим, физ деген сабақтарды 7 сыныпқа дейін жақсы оқыдым. Сонан соң басқа мектепке келсем, онда балаларды Асан-Үсен, ауылбай, район деп қатты бөледі екен. Содан сабақтан қала бердім анандай көзқарастардан қашып. Аяғында өзім ғана зиян шектім. Сол мектептің мұғалімдерінің сол көзқарасына әлі күнге жыным келеді.
asaubota
Химияны неге жек көресіңдер, еу? жақсы сабақ қо.
torgai
Физика ұнамайтын
SaZhaM
Ең мылжың сабақ — құқық еді…
SaZhaM
Ең сүйікті сабағым — математика (алгебра, геометрия) еді.