Керемет, бірақ ыңғайсыздау жұмыс!

Жақында бір сыныптасым кездесіп қалды. Аман-саулық сұрасқаннан соң не кәсіппен айналысып жатқанын сұраған едім…
— Ауылда жұмыс жоқ. Қалаға келіп, әупірімдеп жүріп «говновозға» (боқ соратын мәшине) жүргізуші болып жұмысқа тұрдым. Жаман емес, тіпті жақсы жұмыс екен ғой. Күніне жалақыдан бөлек 4000-5000 теңге «шабашка» жасап тұрамын. Тек… бір жаман жері бар екен… «Брат, қаншаға сорасың?» — деп сұрайтыны…
Бөлісу:

20 пікір

zholantai
Сорасың деген сөздің танымалдылығына сеп болған өз түпкі мағынасынан ауысып кеткендігі ғой. Сол үшін ұяла ма, сонда?)))
Marationok
Мәселе сөздің ауысып кеткен мағынасында емес сияқты, меніңше… не соратынында.
Abilakim
)))Есектің артын жусаң да мал тап деген осы.Арланатын түгі жоқ
Marationok
Иә, жұмыстың аты жұмыс.
aikarakoz
Қазір есектер де ақымақ емес, оңайлықпен жуғыза қоймайды
SaZhaM
Сонда қалай? Артын қызғана ма?
Abilakim
айнаға қарайды екен
Adiletshu
Бір кемпір үйіне келген жігіт ағасынан: «Балам, сен өзің ауызға аласың ба?»-депті ғой.  Спирттік ішімдік ішесің ба дегені ғой
Abilakim
«алмағаныма көп болды» деген шығар анау да))
Adiletshu
Ол: «Жоқ»-деп шошып кетіпті
SaZhaM
Бір жігіт үйіне қонақ шақырған көрінеді. Қонақтарының бірі тілегін білдірген соң үй иесіне бір қой атапты-мыс. Содан бері бір күн өтеді, екі күн… бір ай өтеді, аталған қойды әлгі адамы әкелмейді. Содан шыдамы таусылып, телефон шалады. Үнтұтқаны «мырза» қонағының әйелі көтереді. «Отағасы қой деп еді...»-деп жайлап алыстан сермеп шаруасын айта бастағаны сол еді, "Қой десе қой енді"-дейді арғы жақтан. «Жоооқ, бір қой деп еді...» — «Бір айтсын, екі айтсын, қой деген соң сол сідікті ішуді қою керек қой!»-деп үнтұтқаны тастап жіберіпті.
AKY
Зынданға!
Daniar-Alan
неге? нәрмәлні ғо. күңіл-күй быт-шыт ед, бір көтерді
AKY
боянн ғҰә. дым қызық та емес.
asaubota
кейде ұялам бар ғой біздің ұлт өкілдерінде осындай арзан, сақалы шыққан анекдоттарды пост қылып шығарып қоятын адамдардың барына. деңгей төмен, өте төмен…
SaZhaM
Негізі, бұл екі жағдай да шын өмірден алынған… Астарлы ақиқатты қазбаланғанымды кешірерсіз!
Armanjan
қарсы көшеде тұратын көршімізде ассенизаторы бар, көктем басталысымен жұмысы қызады, табысы да еселене түсетін көрінеді, кейде тіпті ханға сәлем бермей қалатыны бар,  қарызға ақша сұрағандар соның есігін қағып тұрады.
SaZhaM
Қызметін қажет еткендер: Брат, қаншаға ойнайсың? — деп сұрай ма?
Armanjan
сонда қаншаға сорғызасыз деп жатқанын естігем бірде.