Орамжапырақтан жасалған голубцы


Суреттің сапасы нашар болғанына ренжімессіздер! Бұл менің алғашқы постым!
Сайттың аты айтып тұрғандай керекші қыз-келіншектерге көмегі тиер деген оймен өзім дайындаған голубцыдың (қазақшасы қалай екенін білмеймін) мәзірін жазбақпын.
Қажет заттар тізімі:
— 500 гр тартылған ет (фарш)
— 1 үлкен орамжапырақ;
— 0,5 стақан күріш;
— 1 сәбіз;
— 2-3 тал сарымсақ;
— 1 үлкен пияз
— 2 орташа қызанақ
— Тұз
— қара бұрыш
Соус үшін:
— 1 ас қасықтомат соусы немесе кетчуп
— 2 ас қасық қаймақ
— Су (қажетінше)
— Тұз (қажетінше)
Дайындалуы:
Алдымен орамжапырақты жапырақтарынан айырып аламыз. Сосын әрқайсысын бөлек-бөлек ыстық суға 2-3 минут қайнатамыз. Немесе орамжапырақтың екі жағындағы түйінін пышақпен алып тастап, бүтіндей ыстық суда ұстауға болады. Содан кейін жапырақтарын даралап аламыз.
Пияз бен сәбізді 3-4 минут табада қуырамыз. Күрішті шала пісіріп аламыз. Сосын тартылған етпен осы аталғандарды араластырамыз, үстіне сарымсақ пен қызанақты және қажетінше бұрыш пен тұз қосамыз. Жақсылап араластырамыз.
Дайын болған қоспаны орамжапырақтың жапырақшасының ортасына саламыз да, жан-жағы жабық болуын қадағалап ораймыз. Қалған жапырақшалар мен қоспаны дәл осы әдіспен жасаймыз.
Соустың дайындалуы:
Томатсосусын(мен осыны пайдаландым) сметанамен араластырамыз. Қажетінше тұздаймыз да су қосамыз.
Терең қазанға оралған голубцыларды салып, тығыз орналастырамыз. Үстіне соусты құямыз. Соус голубцыды жауып тұруы керек. Қақпағын жауып, 40 минутқа асты жай отқа қоямыз.
Дастарханға берген кезде үстіне қаймақ қойып, көк шөптермен әрлейміз. Астарыңыз дәмді болсын!
Бөлісу:

64 пікір

saltanat23
Тамақтың жасалу жолын суретке түсіру есімде болмапты. Келесіде міндетті түрде ескеріледі. Менің келесі тақырыптарым да аспаздық тақырыбында болмақ.
AKA
Оххх, жақсы болды, жиірек жазып тұрыңызшы.
saltanat23
Міндетті түрде. Негізі басқа тағам түрлерінің жасалу жолын түсірген суреттерім бар. Тек жазуға қол тимей жүр.
zholantai
Тұрмыс құрғансыз ба?
saltanat23
Ия.
zholantai
Тағы да көп-көп тағам түрлерінің жасалуын күтеміз,
asaubota
жазбаны Аспаздық қауымдастығына көшірдім. келесіде де сол қауымдастыққа сал. рахмет.
zholantai
алғашқы постың асханадан басталғаны жақсы, өте жақсы
saltanat23
Қазіргі кезде бала күтімімен үйде отыруыма байланысты асхана тақырыбы басты орында тұр. Жасаған тағамдарым отбасыма ұнайды.
satibaldi
«Орамжапырақ» деп келе жатып, сосын:
2 ас қасық сметана
asaubota
ерінбей қалай оқисың соның бәрін?
aikarakoz
Соны айтам. Еще байқалмайтын нәрсені байқап қояды ғо
satibaldi
Оқу, мұқият оқу — менің мамандығым, арқалаған крестім.
Zhan
арқалаған крестім.
 Не деген Исатәңірге адал жарн едің.
Gastarbaiter
Оқығаннан бұрын, кімнің не жазғанын, тасты ерекшеліктерін, семьялық жағдайы мен арман-мүдделерін ұмытпайтыныңа тәнтімін.
Әр жаунгеріңнің аты жөнін білетін Ескендір Зұлқарнайын естісе у ішівөлетін шығар нақ
zholantai
осы керекке бес имам, бір христианин, үш католик, жеті протестант қажет-ақ. Буддист пен ламалар керек емес,
dark_nazgul
Томатсосусын
мынау ше?
satibaldi
Ацтектердің диалектісінде қауын дегенді білдіретін шығар.
saltanat23
Неге күлдіңіз сонша?
dark_nazgul
Өзім бұрышпен ғана жасаймын, сосын шала қуырып, шала пісіріп әуре болып жатпаймын, сәбіз бен картопты үккіштен өткізіп алып, шикідей салам. Еті піскенше, күріші де, сәбіз пәбізі де пісіп шығады.
satibaldi
Бітті, мен — сендікпін.
dark_nazgul
Господин назначил меня любимой женой!!!
aikarakoz
Ленивые голубцы дегені де бар екен. Оны жақында естіп, жасалғанын көрдім
dark_nazgul
о қандай? бұрышты, оның ішіне салынуы тиіс салманы бәрін бөлек бөлек қазанға салып, үстіне қайнақ су құйып, бұқтыра сала ма?
aikarakoz
ия, былайша айтқанда, ботқа болады
dark_nazgul
satibaldi
Сонда сенің жасайтының еңбекқор голубцы болып тұр ма?
dark_nazgul
Еріккеннің ермегі ғой менікі, уақыт көп, қол бос дегендей…
sammita
Өзім бұрышпен ғана жасаймын
мен де. ерекше ұнайды. Капустаның әуресі көп. Бұрыштан тез әрі тәтті болады. Қашан болгар бұрышы шығады екен свежий
saltanat23
Өзім болгар бұрышынан жасалғанды ұнатпаймын. Меніңше капуста дәмдірек болатын сиқты.
dark_nazgul
балаларым бәрібір ішін ғана жейді. Сыртын алып тастайды. Сондықтан немен істесең де бәрібір, ол тек контейнер ғана.
saltanat23
Бұрышпен жасаған кезде ауызы ашық болады ия, қателеспесем. Басындағы түйіні алынады ғой. Күріш пен сәбізіңіз сондықтан тез піседі. Бірақ ішіне су барып, дәмсіз болып қалуы мүмкін сияқты. Ал, капустадан істеген кезде жан-жағы бәрі жабық болады, әрі соусқа істелгендіктен дәмді.
sammita
бұрыштың ішіне су крімеуі үшін, қаз-қатар тұрғызып қоясың қазанға, сонда көп сыяды бір жағынан формасын сақтап піседі. Суды бұрыштың үстін жаппай жеткізбей құю керек. Қап, сиқырлы рецептерімнің бәрін айтып қойыппын ғо
Marationok
көк шептермен
Шөптермен деп оқып қойдым, дұрыс оқыдым ба?
saltanat23
Түзетіп қойдым. Біреудің қатесіне соншама күлгендеріңіз не?
asaubota
нервы құртпа босқа, бұл жерде ақтөбеліктерді жақтырмайды онша. шымкентскийлер ғой кілең. просто бірінші рет жазғасын қателер кетіп қалған ғой, дымда қылмайды, келесіде мұқият боласың.
saltanat23
 Жарайды.
asaubota
мен де басында қатты ренжитінмін, тіпті 2 рет сайттан кетіп қалып, қайтып келдім.
saltanat23
Бірақ мен кете қоймаспын әзірге
Zhan
Менде қазақстандықпын. Шымкенттіктер сондай жаман шы. Сразу қатеңді көріп шыға келеді.
saltanat23
Еркексіз бе, әйелсіз бе?
Zhan
Мент әжейдің көршісімін. Бойжеткен.
saltanat23
керекші қыз-келіншектерге көмегі тиер деген оймен
салған болатынмын тақырыпты басында. Байқасам, бәрі (еркегі де, әйелі де бар) тек қате іздеп, мін табуға кірісіпті.
Айтып қояйын, бірақ тамақта мін жоқ
bazuka
asaubota
үндемешиш Камсамолдың қызы
bazuka
ок! О елді мекенінің жігіті)))))
sammita
дааа… жерлестің аты жерлес..))
Marationok
Күлген жоқпын, көңіліне тиіп кетсе, кешір.
araika
Біздің үйде де болгар бұрышымен әзірленеді, сондай дәмді тағам. Және қыстық азық үшін де таптырмас ас. Кафелерде де осындай орамжапырақпен дайындалады екен
Daniar-Alan
Біздің үйде де болгар бұрышымен әзірленеді
біз жақта да сөйтеді. Мында Астанаға келіп біраз жей алмай жүрдім. Мұндағылар орамжапырақпаен дайындайды екен. Жақында жұмыс ауыстырып, столовыйға кірсем олар шымдықтар екен  рәхәттәніп жедім ғо
AKY
голуцыдың либойын жей берем