"IT-тірлік" онлайн-журналы

Армысыздар!

Ұзын сөздің қысқасы: биылғы құрылтай қатысушыларына көрсеткен «IT-тірлік» атты журналымды шығаратын күн таяп қалды. Күнделікті ит тірлікпен арпалысып, "Әне-міне шығарамын" деп жүргенде жылдың бір жартысын еңсеріп тастаппыз. Соны есіме алып, міне біртіндеп күн, түн демей осы шаруаны қолға алып, бітіргенше жанымды қоярға жер таппай жатырмын.

Қазір мен сіздерге журналдың промо-ролигі мен журналдың демо-нұсқасын ғана ұсынбақшымын. Ал толықтай, иншаллаһ, маусымның бас жағында, жыл бойы өзім асыға күтетін күн қарсаңында көресіздер.



Демо



ПыСы: журналдың бір беті дайын емес, неменеме жетісіп жарнамалап жатырғанымды өзім де білмеймін)

ПыСы екінші: Қызық үшін мына IT-tirlik.kz сайтыма да бас сұғып қоярсыздар))
Бөлісу:

48 пікір

araika
Сәттілік! Журналдың түстерге байытылғаны әрі қанық екендігі қуантады. Ал, роликтің «мылқаулығы» ұнамады, слайдтан еш айырмашылығы болмай қалғандай ма
zholantai
timurr bul promo rolikti daiyndauga eki taulik uakitimdi zhumsadim degen edi. zhurnalga zhazildim, dal kazir zharikka shigu kunine 14kun 22sagat kalgan eken. Kutemin, tagatsizdana. Tezdet timurr)))
timurrr
Журналға лебізің үшін рахмет! Роликтің мылқаулығын айтқаның үшін де рахмет. Дұрыс қабылдадым. Бірақ, біріншіден, бұл менің өірімде жасап тұрған бірінші ролик және барым да, нарым да сол Сондықтан, кешіріммен қарауларыңызды өтінемін
Daniar-Alan
Таке анау-мынау көмек керек болса. дайынбыз. көмектесеміз.
serjan
Қол шапалақтап қуанамыз, қазақша оындай журналды аыға күткендер көп шығар жазылмын.
Barsa
Бұл журналдың кімдерге арналатынын жазып жіберсең: шәйнектерге, техниктерге, программалаушыларға, жүйадминдерге?
timurrr
Жақсы сұрақ. Негізгі мақсат — аити саласындағы ақпараттық ашаршылықты еңсеру болған етін. Сенің сауалыңнан соң артиллеристерге де бірдеңе дайындау керектігін ойластырып отырмын. Әу баста ол туралы көп ойламаған себебім, біріншіден, біз бұл салада кенжелеу қалып келеміз, көп адам майлрудағы поштаны сайт деп ойлайды. Бұл мысалдың тізесі шығып кетсе де ақиқаты сол. Сол үшін негізгі таргет таза шәйнектер болатын. Бұл ойымды қуаттап, таза ИТтерге арнауды ойлауға бара қоймаған екінші себебім, менің журналымдағы көп дүние елге тараймын дегенше, көзі қарақты ИТтер оны мендегі журналдың бет санына тәуелді ақпаратты күтпей-ақ, мыңдаған ағылшын не орыс тілді ақпарат көздерінен, форумдардан оқып, біліп үлереді. Дегенмен, ойластырып отырған жайым бар енді… Рахмет!
Barsa
Идея жақсы. Өте жақсы. Стилистикамен жұмыс жасау керек секілді. Сондықтан да, жақсы корректор керек. Осы сайтта еріктілер табылады деп ойлаймын.

«Жаңалықты кеш аштым деп қорықпа» мағынасында айтылған бір айтишникті сөзі ойыма оралып отыр. Егер, шынымен айти-мамандарына жарамды дүние жасайтын болсаң оқитын адам табылады. Тек керек уақытында керек материал жарияланса болғаны. ИМХО
Kipshakkyzy
Мәә, мынау керемет дүние ғой!  Мұндай дүние үлкен қажырлықты қажет етеді.Журналды оқуға асығып отырмын ше.Қарапайым халық түсінетін тілде жазылсыншы біз ұғынатындай! Сәттілік!
timurrr
Рахмет! Қарапайым халық түсінетіндей етуге тырысамыз.
edige
Мен «ИТ тіршілік» туралы екен десем…
timurrr
ИТ тіршілік қой сол) копирайт Ереке ака Техносиндром
edige
Былай күшті екен… ғжық-ғжық-ғжық
неге тек кана ғжық-ғжық-ғжық, то есть 3 ақ бет
Gulistan
Рассылкаға қалай тіркелсек болады?
timurrr
it-tirlik.kz/ сайтына кіру арқылы. Төмен жақта
serjan
Бір нәрсені анық ажырата алмай отырмын, журнал баспа түріндеде шыға ма әлде сайт түрінде ғана ма?
info
«көп адам майлрудағы поштаны сайт деп ойлайды» Тимур осы созине 100% косыламын, майлру мен сайттын айырмашылыгын айтып шаршадык) Казак тилинде осындай журналдын жарык коретиндигине шын журектен куаныштымын! Иске сат! Колымыздан келгенинше ат салысамыз
meirzhan
«көп адам майлрудағы поштаны сайт деп ойлайды»
осы сөздерді естіп те шаршадық, нубтарға басқаша подъеб жасаңдарш
info
«нубтар» деп катты кеттин гой Маке))
meirzhan
саған тиіп кетсе, кешір ))
info
Мәке тиіп кететін ешнарсесі жоқ) просто «нуб» деген термин кобінесе, виртуалды ойындарда қолданылатын еді да)))
timurrr
«Бұл мысалдың тізесі шығып кетсе де ақиқаты сол» дегенім сол етін) Бұл мысалды айтып-айтып, өзім де жалығып кеттім
Janasil
Осылай айналдыра бер, Түбі ҚР — ға тарайтын журнал шығаруға болады.
Gulistan
Тимур, өткендегі Илья Франктің әдісін де осы журналда сипаттамақ болдың ба?
timurrr
Кіріп те шықпапты. Оны қай жерден байқағаныңды айтып жіберсең?)
Gulistan
Еш жерден. Жай, «Көмек керек болса, айт» дегенмін. Сен сол адамның стилі бойынша аудармаға көмек керектігін айттың. Сол, осы журналға азық болғаны ма деп ойлағаным..іштей
timurrr
а, ол басқа ғой)
aikarakoz
Енді Қазпресспен келісіп, былай подписканы қолға алу керек
Janasil
Айқаракөзден ақыл алып біраз пиарлап жібер.
asaubota
неге сайт емес журнал?
timurrr
онлайн журнал сайттың ішінде)
Barsa
Жобаның фишкасы FlipSnack-те болса керек
aza
Тәке, сәтті қадам болғай! ИТ тірлік деген атауы да қазақы ұғымға жақын, әдемі таңдалған…
Gastarbaiter
Ерлан Оспанның бұрыңғы блогының аты «IT-tіrlik.wordpress.com — болатын, „Ит-тірліктен тікелей репортаж“ деген хедлайнері болатын.
Онда да программист өмірінің және басқа да жақсы ойларын жариялап тұратын.
Ол да бір дәуір еді.
AL-ASTER
(иттірліктен.блогпост емес па еді?)сол блог жабылып қалған соң ғана сондай блогтың бар болғанын білдім ғой. Олардан қалған боянндар шығып тұрса керемет болар ед.
Gastarbaiter
Үшқатарлы вордпрестің темасында болғаны есімде.
AL-ASTER
Содан кейін дәруішөлген.ком өрт сайт еді ғой. Бір нетклубтың домашний страницаларына сол сайтты жабсытырып қойғанның артынша ол сайт та жабылып қалды ғой. Бірақ жабылар алдындағы қоштасу хабарламасы да өрт болып ед)
Дом. страница демекші, қазір кей орыс тілді браузерлерді алғаннан кейін дереу дом. стр яндекс боп, поисковигі яндекс бокететіні бар екен ғой. СНГ территориясына жарап тұрған сервис болар, бірақ гугл әрқашан рулеззз, мүмкін қазақтілді браузерлерге іттірлікті дом.стр ету керек шығар, бірақ иттірлік жалпыға арналмаған ғой. Мүмкін оған ойын сауык массагет, ккинфо сияқты сайттар жарайтын болар.