Екінші қабатқа көтеріліп-түсуге лифт пайдаланатындар - мәмбет пе?

Қағындылары да жоқ: қол-аяқтары балғадай жігіт пен қатыны сөйтед епті. Әділін өздерің айтыңдар.

Екінші қабатқа көтеріліп-түсуге лифт пайдаланатындар - мәмбет пе?

Бөлісу:

63 пікір

zholantai
тыраштанып көтере алмай келе жатқан ауыр жүгі болмаса, қу таяққа сүйеніп,қос аяғынан әл кеткен болмаса, шұғыл шаруасы болмаса,… лифті пайдаланып қажет емес, сондықтан иә, мәмбет!
лифті орнынан қозғалған сәттегі сілкіністі діріл жайсыз әсер етеді, мейлінше лифтіден аулақ жүремін, енессссссс
dark_nazgul
үшінші қабатқа лифтімен шығамын.
Казгудың конференцзалына бірнеше мәрте жаяу шығып түсетін қайран жастық ай… *(
dark_nazgul
САтекесі, даусымды алмайатыр жүйеңіз, қате бар дид.
meirzhan
Мүмкіндікті неге пайдаланбасқа.
boztorgai
жұмыс жасап тұрған лифт — ол жақсы ғой
Simona
5-этaждaн (немiстерге 4-этaж) aуыр жүгiм болмaсa күнделiктi жaяу шығaм. Aл төмен лифтпен түсем. Бiр жерден оқығaм, тепкiршекпен төмен түсу тiзеге зaрaр бередi деп.
Gastarbaiter
Рас айтады. Төмен түсу бірнеше рет құлау ғой. Буындарға соққы болады.
Gastarbaiter
Жағдай Ацсотонаның ақылы лифтіне қатысты болса, снобизм дер едім.
GulL
жасап тұрса неге мінбеске? кейде ерінгенде, ыссы даладан келіп ырсылдап баспаен көтерілгенше лифт самое то
Simona
Лифтi шaқырып, ол келгенше, кнопкaны бaсып, ол қозғaлғaншa, 5 этaжғa жеткенше… Қaншa уaқыт кетедi, одaн дa өзiм жылдaм.
AL-ASTER
Ток үнемдеу үшін 2, 3 қабаттарға жаяу шыға салуда тұрған еңтеңе жоқ деп (өзім лифтпен шығып кетем) Кейде амалсыз біреудің лифті, карточкамен болғанда жаяу көтерілуге тура келед.
a63a1
Қарағандыда мен көрген лифттер 2 этажда ашылмайд
sammita
рахмет, снобизм деген сөздің мағынасын біліп алдым)))))
2 емес, 3-4 қабатқа да жаяу шыға берем, лифт күткенше.
bazuka
Баспалдақпен жүрем өзім, лифтте ауа жетпей қалады. Сондықтан мәмбет деп ойладым дым ренжімесін)
Armanjan
мысалы 17 этажды үйдің ең үстіңгі қабатында тұрсаң, лифт зулап тұрса, сонда да жоқ таза ауамен демалып жаяу шығамын дейсің бе. Күніне бірнеше мәрте шығып түсу керек болса. (тек жоғары этаждарға да қатысты ма дегенім)
bazuka
сауалнамада 2-3 қабаттарға делінген, тақырыптан ауытқымайық.
AKY
Мүмкіндік болса лифтпен жүрем. қай қабат болса да) бірақ ақылы лифт жағдайында 9-этажға да жаяу көтерілуге мәжбүрміз.
bazuka
лифтке ақша төлейсіндер ма не? ужс ғо, қанша сонда?
satibaldi
Ол ештеңе емес: мына тұрған Айкедей жерге де олар пойызға ақша төлеп мінед, прикинь?
AKY
100 көтерілу 500 теңге Қыста ауыр киіммен қиын әрине, ол кезде лифтпен жүрдім, ал қазір зарядкааа
konvict
Сізге арықтау керек
Gastarbaiter
Сізге арықтау керек
Қыздар еркектерге қарағанда өзіне сыншылдау болады. Әсіресе әңгіме сымбат туралы болғанда, сенің оған күнде ескертіп отыруыңды қажет етпейді.
Бұндайды сенен «фигурам қалай, не істесем болад?» деп кеңес сұрап келмейінше екінші гәрі айтушы болма
konvict
Ық-ық, пікірің дұрыс қо. Бірақ ше, АКУ-ге тиіскім келед те тұрад
boztorgai
100 көтерілу 500 теңге

төмен құлдилау 100, ал көтерілу 500?
Aya
Лифтінің өзіме дым қатысы болмағаннан кейін түк сезіне алмай отырмын. Олар мәмбет пе, емес пе дегенге
Gastarbaiter
Онда сіз өзіңіз мәмбет болғаныңыз
Aya
Айтарын айтқасын бетін жапқаны несі?! Сіз қате ойладыңыз, жарқыным.
Gastarbaiter
Өзі сондай қорқақпын, мән бермеңіз.
araika
Бір группаласым 18 қабаттан жаяу мініп-түсетінін айтқанда, шошып кеткем. «Бір түскенде, бар керек-жарағыңды алып кіретін шығарсың?» дегенімде, «жоқ» деген жауабын да айтқан. Осындай жағдайдан кейін, екінші қабатқа лифтімен көтеріліп-түсуді ысырап дер едім.

Ал өзім бірінші қабатта тұратындықтан, асырып айтқанда күніне жүз мініп-түскенге әбден етім үйреніп кеткен. Салдырлаған темір есіктерге кіргім келмейді
boztorgai
18 қабаттан жаяу мініп-түсетінін
есікке таяу қалғанда кілт жоғы ойға келмесе игі
sammita
Екі жігіт 13 қабатқа жиһаз көтеріп келе жатады. Қиналып, шыдап әрең келеді. Бір жігіт:
-Досым, екі жаңалығым бар: біреуі-жақсы, біреуі жаман, қайсысын айтайын?
-Жақсысын айт.
-Біз 11 қабатқа жеттік.
-Уау, ал жаманы не?
-Шатысып басқа подъезге кіріп кетіппіз
Gulistan
Мен 10-қабатта тұрам, бірақ лифтімен 9-қатар болып есептеледі.
Өткен қыста шатырдағы жылу тұрбалары жарылып, төмен қарай су кеткенде, лифті мен подьезді шайып кеткен.Қысқасы, жөндеу жұмыстары кесірінен 1,5 ай жаяу түсіп-көтерілуге тура келді. Басында, әрине қиын болды, соңғы жағына қарай үйреніп кеттік.
2 түгілі, 5-ке жүгіріп шығатын болдық
Жауабым: МӘМБЕТ
Nurshat
Аникдод еске түсіп кетті… 10 этажға көтерілген шалдың кілтті ұмытқаны туралы…
AKY
пля, кеше лифт жайлы түс көрдім: карточканы тыңқ еткізі 9-ды бассам, лифт 5-этажға келіп мелшиіп тұрып алды. Одан ары қарай жаяу көтеріле салудың орнына, тағы тыңқ еткізіп, 9-ды бассам, әлгі лифт 12-ші қабаттан бір-ақ шықты. Ерегісіп, тағы тыңқ еткізіп 9-ды бассам, 1 этажға зу ете қалдым Сөйтіп ашуланып, 9-ды қайта-қайта басып тұрсам, әнеубір диспетчерскиймен сөйлесетін жерінен дауыс шығады «что случилось» деп. Мен ызадан тұтығып айтып жатырмын, «анау да мынау, то анда бардым, то мында бардым, 9-этажға жете алмай жүрмін» деп. Сөйтсем ана мақау түсінбей «не, не дейсіз?» дегенге «же!» деп айғайлаппын. Сөйтсем әлгі дауысм шыққан жерден порточка ашылып, ар жағынан бір әйелдің басы көрінед, «что вы сказали? повторите?!» дееееп
sammita
мүмкіндігінше ұйқыға трезвый жатқан жөн
AKY
кетЧ. бұл менің ішкі күйзелісім
пәлсапалық мән тауып жорып та тастадық, соңғы кезде алға басқан қадамым кері кетіп жүр, видимо подходты өзгерту керек-ау деп шештім.
AKY
Джан повитуха не дер екен бұған?
sammita
сізге арықтау керек©
күйзелісіңнен айналдым
AKY
тілеулес құрбы нақ!
satibaldi
пәлсапалық мән тауып жорып та тастадық
Сіздің мансабыңызбен бұл аса қиын болды деп ойламаймын
AKY
жоғалШ  қоймағандай-ақ. е-майлды «жақсы сөз жарым ырыс» деген ұстаныммен аштым.
satibaldi
presidentRK@ok.kz пошта иесінің түсіне қандай тарылар кіретінін әлден шырамытып отырм, фэньшуйсстың.
satibaldi
Лифті — өмір, ал қалғанын жори алмадым… Бәлкім екіншіқабатта қалып қойған болсаңыз, жүкті екеніңізді дөп басар едім, бірақ 5,9,12… 5+4=9… 9+3=12… Уа Қара Түнек Патшасы, көмек, көмек!!! А? Еееее, сондай кісі ме еді бұл… Түсінікті…
AKY
уелком ту зе хоутел Калифорнияяяя
a63a1
порточка ашылып, ар жағынан бір әйелдің басы көрінед
сигарету пажалуйста демедіңбе
aikarakoz
Мен екінші қабатта тұрсам да, лифтті қолдана берер ем. Өзімді мәмбетке жатқызбаймын, бірақ
sammita
келісім сұрамай, мына жерде 100 адам жатқызып қойдық сізді)))
aikarakoz
100 адам? жатқызып?
Abilakim
біразы аяқ-қолыңызды ұстап тұрды…
alisha
лифттің есігі ашылып — жабылып, сіз тетігін басып, ол іске қосылып болғанша 2 емес, 3 қабатқа жетуге болады.
ushkin
Екінші қабатқа да лифтпен көтерілетіндер бар ма? )
alisha
Мәмбеттік қой 

Өзім 8 қабатқа жәй көтерілемін, лифт жұмыс жасамайды. Бір жұмыстасым бар, 13-қабатта тұрады. Баласы тентектеу еді. Өліп-өшіп көтеріліп келе жатсам, 12-қабаттың қабырғасына «Шыда! Бреу қалды» деп жазып қойыпты Соған күлемін деп, 13-ке қалай шыққанымды білмей қалдым. Бұдан шығарған қорытындымды жария етуге болмайды
Abilakim
сондай жазуды мен де бір танысымның подъезінен көрген ем)))8-ші қабаттан.
AyaulymToleubek
2 қабатқа кулкили ))) қажеті не? санаулы адым емес пе?
gauxar9595
соны айтам да… мен 7 кабатка пыыыыр етип шыгып, пыыыр етип тусем го кунде)))