Суға батуда. Таңда!

Cізде тек бір таңдау бар. Сізді өлердей сүйетін адам мен сіз өлердей сүйетін адам суға батып бара жатыр. Қайсысын құтқарасыз?

Суға батуда. Таңда!

Бөлісу:

43 пікір

SaryQazaQ
Құтқарған адамыңызбен қалған өміріңізді бірге өткізесіз деп алайық
satibaldi
Екі адам суға кетіп жатқанда, қайсысы сүйед-сүймейд деп жатуың адамгершілікке жатпас. Теңіз ережесі: қайсысын құтқару оңайырақ, сол бірінші құтқарылады.
SaryQazaQ
Енді бұл жерде кім қалай деген сұрақ қаралмайды. Суға бату мысал ретінде ғана айтылған. Әңгіме басқа
satibaldi
Кез-келген таңдауда сол. Таңдаудың пәлсапасы: «аспандағы тырна ұстаймын деп жүріп, қолдағы торғайдан айрылып қалмау».
araika
Бұл да психологиялық шимайларға жата ма, сұрап алайықшы алдымен?
Aya
Сізге ұнамаушы ма еді ондай «шимайлар»? Мен қатты ұнатамын
araika
Ұнауына ұнайтын, бірақ өткендегіден соң бет қайтып қалды.

Мені сүйетін адамды құтқарамын деп дауыс бердім.
SaryQazaQ
өткендегі не еді?
araika
Міне, мына жерде

Біздің анализдің қорытындысы қашан?
SaryQazaQ
Белгілі бір қорытындысы жоқ. Жалпы керектіктерді бір қырынан танып қаламыз
SaryQazaQ
иә, сондай «шимай». Достарымның арасында көп талқыланатын еді
AL-ASTER
Қалыс қалуды жөн санаймын.
satibaldi
Иә, үш адамды құтқару керек болар.
AL-ASTER
осы жазда Бурабайдағы жұмбақтасқа сүгіретке түсіп жүргенде катамаран өзі кетіп қапты, артынан секіріп барып қайтарып алдым))) Жан керек болғанда жүзіп кетед екен адам. хыхы, әрине саналы түрде жұзе алатынын біліп тұрып суға секірмейтін әдет бар)
satibaldi
Вася+Коля деген жазу аман ба әлі жұмбақтастағы?
AL-ASTER
Жазулар бар деп жазайындеватсам, мыналардың екеуі де еркектің аты ғой
satibaldi
Өшіріп тастамаса мен осындай нұсқасын көргем.
AL-ASTER
Осы жылы барғанда жөндеп қарап өзім өшірем.

satibaldi
Енді со жартасқа ынтызар боп барып, оған қоса, өтірік қайықтан қалып қойған сенің бағытың туралы ойлар маза бермей отыр…
Marationok
Cізде тек бір таңдау бар
Таңдау әрқашанда бар. Иә құтқару, иә құтқармау.
Armanjan
қиын мәселе екен.
a63a1
мен оны сүйіп ол мені жек көріп, мен оны жек көріп ол мені сүйіп тұрса нестим? Екеуінде өлтірсем қалай болад?
ademi_alem
Екеуінде өлтірсем қалай болад?
Armanjan
негізі солай болып тұр, қолдан келсе екеуінде құтқару керек, немесе екеуінде бірге жіберу керек ағызып.
ademi_alem
Құтқарған адамыңызбен қалған өміріңізді бірге өткізесіз деп алайық
олай болса өзің сүйетін адамды таңдайсың ғой…
a63a1
қателесеің, адасқандар аралында қалу қауіпі мол
Abilakim
ойда жүрген үшінші адамды таңдауға бола ма?
Abilakim
мүмкін мен жүзу білмейтін шығармын? Құтқарушыларға хабарлассам екеуін де құтқарған болып шығамын ба?
araika
Мысал үшін деп тұр, яғни таңдау еркіндігі берілгенде сіз қай тетікті басар едіңіз?
Сендер әлгі «мысал үшін де болмайды!» дегендей болдыңдар ғой
Daniar-Alan
ешқайсысын. мен жүзе алмайм
GulL
қашан білеміз не болатынын сонымен?
Abilakim
Сауалнама иесі бір адамды да құтқара алмастан су түбіне кеткен сыңайлы. Су түбінде оны өзі сүйген қыз құшақтап жатыр ма екен әлде өзін сүйген қыз ба екен? Бізді енді осы сұрақ мазалауда
GulL
 қайсысын таңдарын білмей жатқан шығар
zhanibek_nurish
өзіңді өлердей сүйетін адамды(шарттылық деп алсақ,) құтқару оңайырақ болады деп ойлаймын,
SaryQazaQ
Мен таңдауымды жасап қойғанмын. Мұнда Эгоизм деген нәрсе бар.
adayqyz
Ozin suimeitin adammen omir suru kiyn goi
SaryQazaQ
50/50 тұр. Сауалнама қызық өтіп жатырған сияқты
Marationok
жатырған сияқты
SaryQazaQ
Таңдаулар тең жүріп жатқанына қарап айтып отырмын