Мен көрген жаужүрек балалар - Ермек Тұрсынов бұны көрмесін!!!


Сурет www.kino24.kz сайтынан алынды

Әлқисса, алданып қалудан басталды. «Қазақфильміміздің» күттірген дүниесін қазақшасының үстінен жазылған орысша нұсқасында көру жазылыпты маңдайға. Осыдан-ақ түсіне беріңіз – рухтану, күш алу мен серпілу импульсі түсінілетіндей бәсеңсиді. Едәуір жаншылады.

«Көшпенділермен» еріксіз салыстырасың. Жанры, месседжі мен тағылымы сабақтас болғасын. Бұнысында осал тұстар ескерілгенсігенімен, ә дегеннен кейбір кемшін тұстарын елемейін десең де болмайтындай екен. Жоқ, жаманаттамай, бәріне көз жұма жақсы көрейінші дейсің ғой. Оның да шамасы, дәргейі һәм шегі болмай қоятыны бар бірақ, ағайын.

Диалогтарды күшейтіп беруге болар еді, мысалы. Шайқасу сахналарына біліктілеу маман тартылып, өжет жаужүректердің образын ұтымдылау беруге болар ма еді… Массовкаларға қарап популяциямыз құруға жақын қалған этностардыкіндей ме еді деп кіжінегің келеді. Енді, біреудің талай жылғы ойластырған, жүйелестірген дүниесін бір шимаймен быт-шыт қылу оңай да шығар. Ахан Сатаев соққыларды қабылдай алатындай шыңдалған режиссер деп білгесін бе, көсіле айту керек болыңқырамай қалған сюжеттерді.

Сартайдың роліндегі жігіт өз миссиясын жаман атқармаған сияқты. Есесіне «досы» Таймастың әсіресе ауыр кінәсі үшін ағашқа байланған жерінде Сартай келген тұстағы сомдауы тым әлсіздеу болды. Түсінуімше, бұлар кәсіби актерлер емес, кастинг барысында сұрыпталып-іріктелгендер ме деп қалдым.

Әбілқайырдың роліндегі жігітті бір жерден көрген сияқтымын… Айтқандай, «Ағайындылар» бұл киноға сол күйі керуендетіп келген бе дерсің… Композиторына дейін…

Сол бір таныс бейнелер, кісілер… Жаңа амплуада бірден мойындай кету қиынға соқты. «Қазақфильмді» айналсоқтап жүргеннің қай-қайсысы да ролсіз қалмаған сықпытты.

«Жаужүрек мың бала» деп аталғасын қараларын жүзден асыру керек еді кемінде. Әйтпесе Түркістаннан жетеу, Шалқардан үшеу, Ойылдан екеу… Аздық еттік.

Ат үстінде ойнау, каскадерлік шеберлік жетіспеді, Аңырақай шайқасы заманына сай сол кездегі қазақ өмірінің шынайы картинасын жете сезіне алмадым. Жалпы алғанда, қазақ фильмін қазаққа қазақша бермей, үстіне жабыстырыла оқылған орысшасымен бергенінен ләззәтқа бөлене алмай қалған сияқтымын. Ыза мен реніштің көбісі содан ба деймін.

Бірақ фильмнің ұнамды тұстары да аз емес екенін бүкпеу шарт. Оны қарарман әркім өзінше бағамдасын. Мәселен, жоңғарлардың қару-жарақ қоймасын «аларда» аса көп созбай, сағызша шайнамай ана оқымысты жігіт барды, оттықты қоймаға лақтырды – істі насырға шаптырмай лезде жарды. Әйтпесе, кескілескен айқас боп кете ме деп қорықтық та отырдық.

Қазақтың дүниесі болғаны үшін ғана осылай күйінгенсисің. Әйтпесе, қанша қанжарлама – тілеулессің. Деңгейіміз осы. Тоқмейілсуге тура келеді, достар.
Бөлісу:

60 пікір

patick
Менің айтқым келгені де осы еді. Менің ойымды оқығандай болыпсың
Nurgisa
Алдан, aza болып бардық. Жігіттердің не әсермен қайтқанын білмедім, білдіре жатар. Киноға, айтқандай, қазақтың тойына барғандай болдық қой  Сегізде басталады деген киномыз 8-40та басталды.
asaubota
бұл туралы ертең арнайы пост жазып, әлеуметтік желілер арқылы акция бастаймын.
FaraOn1
Бәрібір ішуге тура келеді. Бұл жерде енді кезекті недоношенный КФ өнімі үшін
Nurgisa
Саған енді кешірімді ғой, Петр мен Павелдікін бір кәдеге жарататын жігіт… Повод та керек, былай қарасаң. Саған қарасқаным деп біл!
meirzhan
Өкінішті әрине, Дегенмен осы жолы сеанстан кетіп қалмапсыз.
Ғашық жүректі көрген көз осыны да көретін болды ау
zhanibek_nurish
БОЛДЫ, МЫҢ БА, МЫҢ БІР ЖҮЗ БІР МА, МАҢЫЗДЫ ЕМЕС, КӨРМЕЙМІН! СКАРЛЕТТІ КӨРУГЕ БАРАМЫН!
Rozatai
Мың рет естігенше, бір рет көр! Өзгенің пікірі саған азық болмайды
rymbek
Бұл қазақты мазақ қылу. Сонау мегадан үйге дейін жауя келдім) Күн суық Ақтөбеде, жел ұрып тұр, құлақ тоңып қалды келгенше.
Енді келгенше, қаным қайнап келді, мен мұндай тупой киноны голивудтың тупой режиссерлары да түсірмейтін шығар деп ойлайм.
Ана режиссерді атып тастау керек. Ертегі, үлкен кісілерге арналған ертегі. 10 миллион доллар кетті деп кеуделерін кереді, не қарық қылды?! Абыройдың жұты бұл. Мен бірінші болып керекте осындай пост жазам ба десем, бастап қойыпты ғо.
Сөзім жоқ.
Бля, сука, қотақбастар, малдар, малғұндар (админ өшірме)))
Көптен бері ішпей жүр едім))
Жігіттер бірдеңе істеу керек. 10 миллион долларға ????? қайда, ондай ақшаның дүниесін көрген жоқпын. рижессер чмо, қолынан ештеңе келмейді.
жыным қайнап отыр.
Ана Қабанбай батырды қалай мазақ қылды десеңші. Дулығасы салбырап, иығы төмен түсіп, қарны қампиып бір кісі жүр, сөйтсем Қабанбай батырымыз. Мен бір сайқымазақ шығар десем.
Жоңғарлар тупой, 20 адам 3 адамды өлтірем дегенше жартысы өліп тынды, қарап тұрады, ана қазақ біздің жоңғарларды өлтіріп болсын деп. Таймас ең соңында бір үндемейтін жоңғардың батырын өлтіріп, өзі де қатар өледі, өлер алдында кегімді алдым дейді. Сонда айналасындағы 100 жоңғар ана 2 қазақ өзінің ҚОЛБАСШЫСЫН өлтіргенше қарап тұрады.
режиссерді ату жазасына кесу керек, ол өзі қазақша да білмейтін сияқты.

Әбілхайыр хан келеді де, бірігу керек, әйтпесе жоңғардың қалың қолын жеңе алмаймыз дейді. Я, бірігу керек, деп айналасындағы би сұлтандар қолдап жатады. Сонымен бірігетін болып шешеді, қазақтардың «стратегиясы» жоңғарларға қарсы.
Кұлейін ба жылайын ба?!!!
Gastarbaiter
Одан да сол ақшаны «Тақтар таласы» (Игры Престоловты аударғаным) қазақша дубляжына жіберу керек еді десейш.
aza
Унамаганы: жутан Наурыз, жамау мен шокпыттан арылмаган казах ауылы,(биздин режиссерлердин барлыгы шапкыншылыкка дейинги казах ауылын неге тым кедей, неге тым сурыксыз етип суреттейди), урыс кимылдарындагы голливудтык адистердин, коринистердин коширмеси, басты кейипкердин бири Сартайдын жузинин тым бейкуна екендиги(Сатаев фильмин алем кореди, дуниеге казах улы осындай дегиси келген болар, алайда мына сарауыз балапаннын аке шешеси жау колынан каза тауып жетимдик корип, кокбет боп оскендигин байкай алмадым), сосын арине, орысша нускасын коргенимз жаныма батып кетти. (жарнамасын коргенде уткан жеринин бири осы дубляж, дыбыстау екен деп суйсингем, тым жаксы асерге бир орыс дауыс араласып, куртты да отырды. Казахша тындаймын деп аргы жагындагы дауыска зейин койдык, акыры есту аркылы берилетин сезимнин бирталайын жогалттык. Астана деген сон орысша нускасын жиберген болар, алайда, опшыи жыным келди)
Унаганы: Музыкалык коркемделуи, ен алдымен осы катты унады. Бастан аяк казахтын халык андери мен куйлеринин ауендери койылган екен, Аканга алгыс, Хорлан катты унады, ен сенимди ойнаган актриса, асиресе, сонгы коринисте, олер сатиндеги коринисте шеберлигине танти болдым. Жонгар батырлары мен жасагы унады, жеке коринистерде, жаппай коринисте де шебер берди, жаудын да жауызырагы екени ар сатте далелдеп отырды. Кей сатте казахтардан басым тусип жатты. Тагы бир жетистиги казахтын жеринин адемилигин пайдалана алыпты, айтеуир. Корсетип ак бакты.
Сонгы жагы тым тез боп кеткен секилденди, Сартайдын айели туарманга келип капты, бир карасак. Тагы бир керегар дуние осы жерде, айели тугалы тур ани мини, отауды жана тигип берип жатыр))) Унамады, амал не?!
Gastarbaiter
«Біржан Сал»-ға екі ай уақыт кетті, қанша ақша кетті білетіндер айтып жіберіңдерші?
Ең бастысы атмосфера. Егер команда сендерді сол заман әлеміне енгізе алмаса, бәрі құрыды дей бер. «Біржан Сал» -әзірше соңғы тарихи фильмдерге эталон боп тұр.
Nurgisa
Асеке, жанды жерден бастың. «Біржан салдан» кейінгі пікір алмасымы конструктивтілеу ауанда өрбіп еді, тарихи, мәдени аспекттері тұрғысында диспут боп еді. Қателеспесем, элементарлы режиссерлік жұмысқа, задумкаға қысастық қылғандар болмады. «Біржан сал» әзірге шынымен сындырып тұр бәрін. Таза потребляттық көзқараспен мынаны да салыстырсаң, «Сұлтан Бейбарспен» де терезелес бола алмайды-ау, шайқасу сахналарын сын садағына алсақ.
Abilakim
«Біржан салда» оқиға шиеленісуі болмады, шарықтау шегі жоқ деп ұнатпағандар көп еді. Бірақ көріп отырып өзіңе көп ақпарат ала аласың. Қазақ әйелінің ерін сыйлауы, салт-дәстүрлер дегендей
Nurgisa
«Біржан сал» кәдімгідей тебірентіп еді. Жеткізіп еді жеткізбегін. Көткекірушілік те атымен жоқ еді онда…
meirzhan
«Біржан салды» орысша көрдім. Көрдім де ызаландым. Ызаландым да басылдым.

"Әттең" дейсің қазақ киносын орысша көруге мәжбүр болғанда.
omarbirat
Бұл фильмнен алатын әсерім өзім күткендей болатын түрі бар
Ең бірінші мәселе — билет аларда фильмнің қай тілде болатынын сұрап алмасам. Қазақшасы болса болды, болмаса түсірген фильмінен 800-1300 теңге кем тапқанын Ақан Сатаев өзінің сәтсіз стратегиясынан көрсін. Бұл фильмге онсыз да көбінесе қазақ тілді қазақтар барады, соны ескеріп фильмнің қазақ тіліндегі көрсетілімін қарастырмағаны — «bold» форматты үлкен минус.
omarbirat
Сатаев культының күйреуі
omarbirat
Ермек Тұрсынов көрмейтін де шығар. Коммерциялық жобаларды кино деп есептемейтін адам сияқты, по ходу.
vebred
Эххх, біліп едім шикілеу дүние боларын… Тарихи кино түсірместен бұрын адам ең алдымен, сол тарихпен сусындауы тиіс қой… жалаң режиссерлық логика көп нәрсе жасай алмайды, қаншама экшн болса да, басты рөлдегі актерлардың түрі ұнамап еді… қалғанын киноны көріп барып айтайын…
zhanibek_nurish
иә, коммерциялық киноларған комикс деп қарайды, ол кісі артхаусты дұрыс көреді, білсем
Gastarbaiter
Өнер адамы аш болуы керек деген ұстанымға сүйенетін шығар.
Janasil
Өйстіп-өйстіп қоғам болып кетеміз деген үмітім бар әлі де.
AKY
Бүкіл желаниені қашырдыңдар)))
asaubota
алғашқы қоңырау негізі киностандықтардың рецензиясында қағылды.
AKY
қағылса да «бара салайынЧ» деген ой болған
Nurgisa
Бір жағынан күйі-пісетін бізге де обал жоқ. Неге әр шыққан қазақ киносы сұмдық фуррор туындатуы керек? Сондай жазылмаған заң бар ма?
asaubota
жарнамасы қатты болды ғой, осындай кино түсіріліп жатыр дегеннен бастап. Тәуелсіздіктің 20 жылдығында болады деді премьерасы.
Nurgisa
Дұрыс қой, бір жағынан салқынқандылыққа салсаң. Шетінен шедевр болуы мүмкін емес. Мынау сәтсіз кино және бұдан заңдылық іздеу керек. «Көшпенділердің» фиаскосынан кейін оны тіпті ауылдағы қаймана қазақ та тилибизірден қарамай қойғасын, эфирден крутиттей беруді біржола доғарды емес пе?! Мынаның дәуірі бір жылдан аспайтын сияқты. Эхх, Шәкен ата, әруағың кешірсін сенің қазіргі қазақ кинематографиясына сатқындық жасап жатқандарды…
Abilakim
әр шыққан болғанда да аңда-саңда шығады ғой))
Barsa
Фильмнің орысша болуы бірінші және күтпеген соққы болды. Сюжетпен алданып енді тоқмейілсей бастағанда жұпыны Наурыз тойы (бесік тойы да ондай жұпыны болмайтын шығар), қазақтың сұлтан-билері жиынындағы жұпыны дастархан, жұпыны тұрмыс тіршілігі настрды төменге түсіріп жіберді.

Есесіне ойраттардың әскери жабдықталуы, әскери базалары «ах ты» дегізеді. Бірақ, мен анау жерін түсінбедім, жоңғарларды өзбек пе, ұйғыр ма біреулер обслуживать етеді екен. Қонтайшы Самарқан ба, Бұхар ма, әйтеуір мешіті көп қорғанда тұратынын көргенде, будданың өзі кешірсін дедім іштей.

Ойраттар режиссер/продюсерлердей емес қазақ тіліне құрметпен қарайды екен ше, Рәкөнге: "Өз тіліңде сөйлей бер" деп қояды

Сартайдың рөліне денесі дәу, келісті еркек ойнауы керек деп ойлаймын. Анау балапан ән айтып, би билеп қазіргі заманның геройы бола алатын болар, тек ол заманның емес. Таймастың рөліндегі жігіт басты рөлге келіп тұр.

Қорлан красава. Ұнады. Барлық жағынан. Негізі, сондай қыздармен танысқым келеді.

Осыларды ойлап отырғанда соғыс резко басталып кетті. Соғыс көрінісі тым шала, басы аяғы жоқ екен. Қайсысы жоңғар, қайсысы қазақ айырып болмай жатып, Сартай жоңғардың ставкасына кеп қалады. Аңырақай соғысы туралы бірлдеме аламын деген үміттен лезде жұрдай боласың. Оқиға тек Сартайдың айналасында өрбіген соң солай болған да шығар.

Ең соңғы, әрі ауыр соққы көрерменге фильм біткеннен соң беріледі. «Аңырақайдан кейін қазақтар өз жерінде қожалық етеді, бірақ нағыз тәуелсіздік үш жүз жылдан кейін… Назарбаев… Тұңғыш президент» деген Хабардың стандартты шаблоны Жартылай су шалапқа бір уыс қара құмалақты салып жібергендей болады.
asaubota
осыны тура қарама қарсы жазып, фильмді мақтап шығатын журиктер де шығады ау ертең
vebred
ҚАЙДАМ… КӨЗІНЕ 3d КӨЗІЛДІРІК КИІП ЖҮРГЕНДЖЕР БОЛМАСА....ӘЛДЕ ОНДАЙ ЖУРИКТЕР БАР МА ЕКЕН)))
meirzhan
Қорлан красава. Ұнады. Барлық жағынан. Негізі, сондай қыздармен танысқым келеді.
Қателеспесем, тегі Телебарисова. Алматыда тұрады.  қолыңа жалау!
qisyq
Қорлан — Құралай Анарбекова. «Менің күнәлі періштемде» ойнаған. Рас, Алматыда тұрады. Телефон нөмірін сатамын. Қымбат. Сатып алу үшін жекеге хабарласыңдар.
meirzhan
Массовкадағы қыздар ше?
Barsa
Хабарлассам да бермейтін шығар
Aya
Сюжетпен алданып енді тоқмейілсей бастағанда жұпыны Наурыз тойы (бесік тойы да ондай жұпыны болмайтын шығар), қазақтың сұлтан-билері жиынындағы жұпыны дастархан, жұпыны тұрмыс тіршілігі настрды төменге түсіріп жіберді.
шапқыншылықтан кейінгі қазақ ауылының тұрмыс деңгейін көрсеткен ғой ол жерде. Бірақ шынымен де бай-бағлан, оқалы сұлтандардың киіп алған киімдері, ордаларының бейнесі тым нашар болғаны рас. Екі жаққа бөлініп алып би кеңесінде әр кім өз беттерімен шулап отырған жерлері аз-мұз жасанды болып қалған. Ондай жерде көзіміді жұмып көре салдық енді. Бәрі бір басқа кино жоқ қой
rymbek
kino.kz-tten
Историко-приключенческо-сказочный ура-патриотический фэнтэзи-вестерн-мьюзикл «Жаужурек Мын Бала», сочиненный по мотивам народных сказок, преданий старины глубокой, отшлифованный богатой фантазией команды историков-фантастов-беллетристов под ревностным руководством гос.структур.
в точку
Barsa
Қазақстан Республикасына дейін қазақта ел болғанын мойындайтын заман туғанға дейін түсірілген кинолар осындай болып қала беретін болады. Себебі, қай кинода (Көшпенділер, Жаужүрек мың бала) да қазақ құрып жатады, араз, ауызбіршілік жоқ. «Міне, көрдің бе қазір қандайсың? Кім осы күнге жеткізген» деу үшін керек секілді солар.
Nurgisa
Бізде мемлекеттік тілден өзге тілдегі фильмдер міндетті түрде қазақ тіліндегі титрлермен берілуі тиіс деген зәкүн күшіне енді ме? Кешегіні қазақша титрлармен көрсе қалай болар еді дегенім ғой. Қазақша фильм, үстінен орысша дыбысталған, бірақ көрерменнің құқығы ескерілсін деп қазақша титрмен сүйемелденеді…
meirzhan
Тіпті қазақша титрлар болмады ма
Barsa
ҚР «Мәдениет туралы» Заңынан үзінді

28-4. Фильмдердi прокаттау тiлi
1. Қазақстан Республикасының аумағында барлық фильмдi прокаттау қазақ тiлiнде және басқа да тiлдерде жүзеге асырылады.
2. Ұлттық фильмдердi прокаттау қазақ тiлiнде және қажеттiгiне қарай басқа да тiлдерде жүзеге асырылуға тиiс.
3. Прокаттау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн (жеткiзiлетiн) барлық фильмге 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақ тiлiнде дубляж жасалуға тиiс.
vebred
деп жазады заңды)))
Мүмкін сендер таза қазақ тілінде көргенде, режиссердың анау-мынау қатесіне назар аудармас та едіңдер… бірақ бұл фильмнен-ақ, біздің қоғамды, қоғамды емес-ау, соны құрғысы келетін, солай көрсеткісі келетіндердің бәз-баяғы қалпын көруге болады…
Әттең…
Gastarbaiter
Қарап отырсақ деймін дә, фильмді көрмей ақ, атауын оқи салып, бүкіл сюжетін сидыруға болады.
«Жерұйық» ты да сонша жарнамалавед.
asaubota
Жерұйықты есіме түсірмеші. өмірімдегі ең қымбат уақыттарымның бірін ұрлаған уақыт ол, айналамда жылына 1 рет кездесетін достарым болды, солармен бір жерде әңгімелесіп них**во отыратын уақытты босқа құрттық…
Simona
Жерұйық деген не? Фильм бе едi?

Мынa жерде Бiржaн сaлғa жaрнaмa жaзылыпты. Осы фильмдi қaзaқшa-онлaйн қaрaу мүмкiндiгi бaр мa?
nurlat
Жалпы осы фильмге қатты қызығушылық танытып жүр едім.Бірақ та сіздердің пікірлеріңізден кейін бетім қайтып қалды.Осы фильмге шетел азаматтары қатысып па екен? соны айтып жібермес пе екенсіздер?
aigerim_glk
Маған фильм өте ұнады, шикіліктері бар әрине. оның бәрін тізбектеуді жөн көрмедім, өйткені осы жерде менсіз де бәрі жазылыпты. Маған қазір керек болғаны Құрылтайда айтылған бір сөзді еске түсіру "қазақты қүртқан жоңғар емес...." ары қaрай есімде жоқ, соның жалғасын айтып жіберсеңіздер халайық және ол сөзді кім айтқан еді???
рахмет
Janasil
"Қазақты құртқан жоңғар емес, жоңғардың құртылуына себепкер болған қазақтар"!!!
Nurgisa
"қазақты құртқан жоңғар емес, мАгент".
Barsa
Бұл киноның екінші бөлімі бар. Әбілмансұр тақырыбы ашылмай қалғандықтан солай ойлаймын.
asaubota
надеюсь дадут сразу на русском.
Janasil
кассалық рекордты жарды деп жатыр.
asaubota
сатқын Рафаелло! тек қана Керек үшін жазатыны қайда?
Zhan
«Жаужүректі» кеше барып көрдім. Кино біткенше шаршап кеттім. Неге соза бергеніне түсінбедім. Сол баяғы комплекс, сол баяғы тыраштану. Бірақ, «Көшпендіден» көш ілгері, сосын қыз-жігіттердің әдемісін таңдапты. Актер жігіттердің дауыс тембрі осы заманның жастарына лайық, дискотекада билеп жүргенінен бірден бұрынғы заманға түсіп кеткен сияқты әсер қалдырды. Дегенмен, дәл осы кинода ілгерілеу бар. Өстіп-өстіп көш түзелетін түрі бар.