Жаңбыр,жаңбыр жау,жау, қара биені сау,сау....

«Сәуір жаумай тәуір болмайды» деуші еді үлкендер. Мамырдың бас жағында жауын жауды норма болатын шығар енді. Айтайын дегенім мынау еді.
Бала кезімізде жаңбыр жауса «Жаңбыр, жаңбыр жау, жау, қара биені сау, сау....» деп айқайлайтынбыз. Неге олай айқайлайтынымызды әлі түсінбеймін)))
Дауыл соғып, құйын болса «Таздың үйіне бар», «Пышақ әкел, балта әкел» деп айқайлайтынбыз. Бұның бәрі алдымыздағы үлкен балалардың айтқандарын қайталаудың әсері. Бірақ, бастауы қайдан шыққанын кім білсін.
«Самалет--ау, самалет, мені өзіңмен ала кет» деген тіркес түсініктілеу енді. Самалетке мініп ұшқысы келмейтін бала болушы ма еді?
Бөлісу:

16 пікір

aikarakoz
Жаңбырдан соң: «Күн шықты, күн шықта. Иттің к… не… шықты!» деп айқайлайтынбыз
Abilakim
Иттің орнына бір баланың атын да айта салатынбыз. Жалпы бұлт арасынан күн шыққан сәттерде де айтылады бііз жақта.
AKY
Біздің нұсқа: «Жаңбыр, жаңбыр жау, жау, қара қатын сиыр сау!»
Abilakim
қара қатынның реакциясы қандай?
AKY
шелегін алып қора жаққа қарай аяңдайды
Abilakim
сосын қорадан шығып«сиыр әлі келмепті ғой» деп сендерді қуа ма?
AKY
«сиыр, сиыр» деп есіме түсіріп, жыныма тие бермеш
AKY
піссімлә, піссімлә, таздың үйіне кет!
manshukn
Қарағандыда қар жауватқан жоқ па?
konvict
Бағанағы биең қайда, айғыр екеуі
Nurshat
Жаңбыр наурыздан бастап жауа бастайды. Негізі, «Сәуір болмай, тәуір болмас» дейтін ауылда үлкендер…
a63a1
Қара бие емес, көк биені сау сау
a63a1
5 -6 бала бір орынға сиіп: — тфә тфә ертең күн жылы болсын дейтінбіз
Aya
 қайдағы жайдағыны еске түсірдіңіз ау
omarbirat
«Х*й жаңбыр, х*й, х*й,… ның басына х*й, х*й» деп бір братанның достары сынып жетекшілеріне (мұғалімдері өздерінен 7 жас үлкен, ол кезде жас жігіт) прикол ұстаған екен баяғыда. Таяқ жеді ме, жемеді ме, әрі қарайғы тағдыры маған белгісіз
aikarakoz
«Тау-тау-тау таудан асып келем» деген Бүркіт айтатын, Аиша жанында бұралаңдап тұратын өлеңді есіме түсірді