Ата-әжеммен сұхбат

Алдымызда 9-мамыр жеңіс күні келе жатыр. 1941-1945 жылдар аралығында біздің ер-жүрек батыр аға-апаларымыз ерлік көрсетті. Сол көрсеткен ерліктері біздің мәңгі жүрегімізде қалады. Менің атам мен әжем де соғысқа қатыспаса да, көрген адамдар.Атам мен әжемнен өзім сұхбат алған болатынмын.
Атаммен сұхбат: Мен соғыс басталған кезде 9 жаста болатынмын. Менің әкем балықшы еді. Әкемді соғысқа шақырды. Мен оны өзім шығарып салдым. Адамдар біреулер әзілдеп жатыр біреулер жылап жатыр. Сосын атымды жетектеп үиге қайттым. Үйге келсем үйдегілер жылап жатыр екен.Менде қосылып жыладым. Сөйтіп ұйықтап қалыппын.
Әжеммен сұхбат: Кішкентай кезімде үстімізден бомба түсіп кетпесін деп қорқатын едік. Кешке жақын терезелерді есіктерді жауып қойамыз. Шамды сөндіріп ұйықтаймыз. Үстімізден қарға сияқты самолеттер зуылдайды. Бір кезде сарт еткізіп бомба құлайды. Бомба түскенде терезе сынып кете жаздайды. Кешкі тамаққа не жейміз деп ойлайтын едік. Үйдің қасында балық завод бар еді. Содан 3-4 балық сұрап жейтін едік.
Осылай ата-әжемнің қалай қиналғандарын білдім. Елімізде тыныштық орнасын. Ешқашан соғыс болмасын. Бәріміз бейбітшілікте өмір сүрейік.Қазақстан Алға!!!!!
Бөлісу:

3 пікір

Gastarbaiter
Үстімізден қарға сияқты самолеттер зуылдайды. Бір кезде сарт еткізіп бомба құлайды.
Әжең қай жерде тұрып еді? Қазақстан жеріне де 2-ДЖ соғыстың бомбасы түсті ма екен?
SaryQazaQ
Маңғыстауда Таушық елді мекенінде фашисттердің бомбалаған жерлері әлі күнге дейін бар. Кеңес үкіметі жасырып келген. Бейбітшілік деген сөзіңді жөнде. Жақсы блоггер атануыңды тілеймін.
Nurshat
Отан сүйгішті үйден басталсын!