Қаламыз жаңалықтары

Керекинфоның баяғыдан келе жатқан тұрақты-тұрақсыз оқырмандары мен жаңадан қосылып жатқан «новичоктарына» сәлем! Аяулы Алматымызың қызықты жаңалықтарымен таныс бола отырып, қаладағы болып жатқан әдемі іс-шаралардын қалып қоймаңыз.



1. 28.04.2012 Алматыда алғашқы жер асты «Алмалы» сауда орталығы ашылды.


Қаламызда көптеп ашылып жатқан сауда орталықтары әрқайсысы бір өзінше жаңалық енгізіп жатыр. Бос уақытымызда барып дем алатын кешендер әрі ыңғайлы, әрі әдемі. Алмалыны да солардың біріне айналады деген ойдамын. Осы күні ресми ашылу аталып өтіліп, қала әкімі орталыққа сәттілік тілеуге өзі келіп қатысты. Так, ол жерде не қызық бар десеңіз… Ашылып, жайғасып үлгерген бутиктардан iPoint, Timberland, Ecco, PROTEAMД, Avrora, т. б. «Кофемания» мен «Иль Густо» дәмханалары толық ашылып үлгермеген, жақын күндерде тәтті кофе мен тегін Wi-Fi-мен қуантады деп ойлаймын. Ең басты жаңалық ол, әрине, Bekmambetov Cinema бутик-кинотеатрының ашылуының жоспарлануы. 400 көрермен бірден 6 залда қабылданатын болады. Бұл кинотеатрда әлемдік, отандық премьерадағы фильмдермен қатар, Бекмамбетовтың фильмдерьнің пресс-показдары көрсетілетін болады. Ашылудан алдын арнайы ұйымдастырылған блог-тур туралы қызықы материалды Yvision-нен оқысаңыздар болады.

2. 10.05-10.06.2012 — «Сенің күнің, Донор! — 2012» қайырымдылық акциясы



«Донор атану – көп уақыт пен қажыр-қайратты талап етпейтін қайырымдылықтың бір түрі. Қан тапсыру – бұл көбіміз атқара алатын табиғи шара. ...» Осындай қанатты сөздермен басталған акция бұдан бұрын 2008 ж. да өткізілген. Ұйымдастырушылары — «Бауыржан» қоры. Акцияға қатысуға ниет білдірушілер 10 мамыр және 10 маусым аралығында республикалық (Өтепов көш., 1) немесе қалалық (Бұхар жырау көш., 47) қан тапсыру орталықтарында қан тапсыра алады. Акцияға қатысушыларды ынталандыру, яғни қазақ эстарада жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концертке билет күтеді. Гала-концерт түрлі ақпарат көздерінің баяндауынша, акция аяқталғанда ұйымдастырылып, оған «Ринго», «Орда», «Жігіттер», «Меломэн», Дильназ Ахмадиева, Ерболат, Сиви Махмуди, т.б. жұлдыздар қатысады. Акцияның ұраны – «Бүгін донор атанып, ертеңгі күнге үміт сыйла». Немқұрайлы қалмай, еліміздегі донорлықтың дамуына өз үлесіңізді қосыңыз.

3. 01.05.2012 — «Медеу» жазғы маусымды ашады.

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің айтуыша, «Медеу» мұз айдыны 1-мамырдан бастап қала тұрғындары мен қонақтары үшін өзінің кезекті жазғы маусымын ашады. Демалушылар үшін спорт алаңдары, скейт парк, роликтер жұмыс істейді. Мұз айдыны күн сайын сағат 10.00 — 20.00 аралығында жұмыс істейді. Жұмыс кестесі мен көрсетілетін қызметтер ақысы туралы қосмыша ақпаратты ресми сайттан және 386-94-38 телефоны арқылы алуға болады.
Медеу мұз айдынына 1-мамыр күні кіру тегін.

4. Kazakhstan Chosen Music Awards


Алматыда отандық продюссерлер Нигериялық әріптестерімен бірге осы жылдың күзінде «Грэмми» стилінде өтетін осындай конкурс жариялады. Жобаның мақсаты — қазақстандық музыканттарды әлемдік аренаға шығару, олардың өнерін жаңа қырынан таныту. Осы күнге дейін жобаның ресми ашылуы және Interfax ұйымдастырған пресс-конференциясы болып үлгерді.
Сол баяғы ең жақсы әнші (исполнитель и исполнительница), ең жақсы музыкалық продюссер, ең жақсы Girls/Boys бэнд деген номинациялардан басқа, ұлттық артист (национальный артист) және ең жақсы домбырашы деген жаңа номинациялар бойынша да өнерпаздар таңдалатын болады. Жобаның статуэткасы мына номинациялар жеңімпаздарына да ұсынылатын болады: «Ең жақсы монтаж», «Ең жақсы дыбыс режиссері», «Ең жақсы хореография» және «Ең жақсы видео жұмыс». Сонымен қатар, радио, ТВ жүргізушілеріне бөлек жүлделер тағайындалған. Барлығы 27 номинация. Осы премиялардың лауреаттарының Азия, Еуропа және АҚШ музыканттарымен бірге жаңа жұмыстар жазуға мүмкіндектері болатынын атап өту керек. Жеңімпаздар KCMA ресми сайтындағы дауыс беру және SMS дауыс беру арқылы анықталады. Әрине, соңғы сөз Корея, Нигерия және АҚШтан келген әділқазылар алқасында болады.
Жобаға арналған флэшмоб видео:


5. 04.05.2012 — «Ленинград» Алматыда! «Тот самый бар» клубы


Бұл топтың әндері боқтық сөздері толы, алкоголь мен тұрмыстық тақырыптан аспайтын. Бірақ, тыңдармандарды сондай эксцентрикалық түсініксіз жанрымен таң қалдырды. Бүгінде топтың құрамы қатты өзгерген, жаңа әндерімен эстрадаға қайта оралған. Кіру бағасы — 6 000 тг. Ивэнттің VK-дағы профайлы.

6. 30.04.2012 — «Тату вечеринка», «Пионерская правда» түнгі клубы

Күшті бір көңіл көтеріп, оған қоса әдемі тату жасатып алғыңыз келсе не болмаса денеңіздегі татулармен мақтанғыңыз келсе, ертең осында келіңіз. Ұйымдастырушылар қаладағы ең «шатырсыз» кештердің бірі болады деп уәде беруде. Кіру — 1 500 тг., клуб адресі: Гагарин көш., №111В, Абай даңғ. қиылысы.

Пионерская правдадағы шаралар тізімі осында.

7. 03.05.2012 — «Жаужүрек мың бала» премьерасы

Бұл премьера туралы барлығымыз жақсы білеміз және асыға күтудеміз. Қазақфильмнің жаңа туындысы отандық киноиндустриядағы ең маңызды жоба болып саналуда. Алдыңғы туындыларға ұқсамайтын, техникалық жағынан да, тарихи жағынан да қызықты болмақ. Барлығымыз күткен үміт ақталады деп сенейік, фильмнің Киностандағы сайтын қарайық. Барлығымыз бірге кинотеатрғв барайық

P.S. Мереке құтты болсын, жақсы дем алыңыздар!
Бөлісу:

37 пікір

madlen
Киностан менде ашылмай тұр…
e_zhalgas
тату вечеринка қызық екен. сол клубта бір рет болғанмын…
madlen
тату жасатқым кеп тұр
aikarakoz
менің де
Gastarbaiter
Ауылда Бәшөн деген бір амиго бар еді «служактарының» бәріне жынды наколкалар салып берген, сен де «Не забуду мать родную» деп санскритте көкірегіңе жазып алам десең былай сөйлесіп берем арзанға.
madlen
Жоғиии, бабочку хотим
Gastarbaiter
Көтен үсті оюлар, иықтағы айдахарлар, жауырындағы көбелектер… банально же. Ал Бәшөн арқаңа балға мен орақты айқасытырып салып бере алады.
aikarakoz
Бәшөннің нөмірін беріңізЧ
patick
Тату салуға қатысты прикол:

FaraOn1
«Жаужүрек мың бала» премьерасы 3 мамыр еді ғой?
madlen
а мен не дедім?
FaraOn1
кешіріңіз алдындағы 7 реттік саны екен ғой)))
araika
Қаламыз жаңалықтары
Алғашқы сөзге -дың жалғауын қоса салшы, өтініш!
FaraOn1
немесе "қала жаңалықтары"
araika
Ресми болып кетеді деп ойламайсың ба?
FaraOn1
Жоқ просты "Қаламыздың" деген кезде мұнда бәрі алматылықар емес екенін деескеру керек шығар тіпті ТВ жаңалықтарындағы дикторлардың өзі «Ел жаңалықтарына оралайық» ди салады ғой. Құлаққа приятно да, тілге де жеңіл))
madlen
Иә, иә, ойланыңдаршы, тақырыбын не деп қоярымды өзім де білмедім.
FaraOn1
1 сін есептемегенде қалғандары типі анонс қой. сондықтан «Алда көретіндеріңіз» дей салса қалай?)))
araika
Бәріміз бір қалада тұрмаймыз ғой, оны да ойлан! 
Жалпы, тақырып — сырт-келбет. Егер қызығушылық танытса, ішіне үңіледі.
Nurshat
Тілінен Тату тамып тұр ғой… Абай мен Гагарин қилысында… керемет…
zhanibek_nurish
деканаттың сүйрелеуімен әр жылы күзде үш жыл донор болған едім. Теріс болмапты. деннің саулығы сай келіп тұрса, донорлық дұрыс әрекет
Zilola
ешкім қинамапты, донорлық әркімнің жеке шешімі. Тек менің біреуге қан бермек түгілі, мед.тексеруден өтіп тамырдан алғызған 1-2 гр қаннан-ақ талып қала жаздаймын әлсіреп.
omarbirat
«Апорт» сауда және ойын-сауық орталығында аквапарк ашылыпты.
jebe_92
ертен Медеуге тегін деген рас па?!
Rozatai
рас, тек кіру тегін. коньки 1000- 1500 теңгеге жалға аласың, оған бару-қайту қаражатыңды қос
dark_nazgul
Еркештің концертін жазбапсың ғой.
Adiletshu
ол кім
Rozatai
Еркеш Шакеев, «50 хитов Еркеша»
men_goi
далбаса концерт
asaubota
50 суперхиты бар кім ол, неге танымаймыз?
patick
Өткенде интервьюін көрдім. Ұлылық маниясының екінші сатылы дертіне шалдығыпты
Rozatai
Орысша ойлайтын, көбіне Ресей әншілеріне, сосын орыстілді қазақ әншілеріне ән жазатын композитор