«Жаужүрек мың бала» фильмінің бас актерларынан қысқа сұхбат
Мамыр айының үшінші жұлдызында үлкен экрандарға жол тартатын Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Жаужүрек мың бала» фильмі басты рөлдердегі жас актерларымен ерекшеленеді. Киностан.кз Сартайды сомдаған Асылхан Төлеповпен, Қорланды ойнаған Құралай Анарбековадан, Таймастың бейнесін көрерменге жеткізген Аян Өтепбергеннен қысқа сұхбат алған болатын.
Киностан: Кино саласындағы алғашқы тәжірибең бе әлде осыған дейін басқа жобаларға қатысып па едің?
Асылхан Төлепов: Бұған дейін Рүстем Әбдірашовтың «Балалық шағымның аспаны» атты фильмінде бас кейіпкердің жас кезіндегі жолдасы Ғалидың рөлін сомдадым. Кішкентай ғана эпизодтық рөл болғанымен, ол мен үшін үлкен сын, үлкен тәжірибе болды. Ал басты рөлді сомдауым бірінші рет.
Киностан: Фильмдегі түрлі трюктарды орындауда дублерің болды ма?
Асылхан Төлепов: Трюктердің көпшілігін дублерсіз өзім жасадым. Түсірілімге дейін циркте Жайдарбек аға (Жайдарбек Кунгужинов – каскадерлар тобының жетекшісі — киностан) садақ тарту, қылышпен шабу, қолма-қол шайқас тәсілдерін үйретті, бір ай бойы дайындалдық. Ал фильмде мұндай іс-қимылдардың барлығын дерлік дублерсыз өзім ойнап шықтым.
Киностан: Тарихи фильмге түстің, енді қандай жанрдағы туындыға қатқысқың келер еді?
Асылхан Төлепов: Келесі жолы шынайы махаббатты толығымен жеткізе алатын таза романтикалық киноға түсуді қалар едім. Жалаңаш дүниені емес, пәк сезімді, Қозы көрпеш пен Баян Сұлу немесе Төлеген мен Жібек арасындағы таза махаббатты көрсеткім келеді.
Киностан: Қорланның бейнесін көрерменге жеткізуде қандай әсер, сезім болды?
Құралай Анарбекова: Актер болған соң әрбір образға сіңуге тырысамыз. Кастингке кел деп шақырғанда, рөлді ойнап шығара аламын ба деп ойландым. Ақыры баруға шешім қабылдадым. Сценарийді оқып, түсініп, меңгерген соң өзімді басқа жағынан таныдым: ер жігіттік мінез бар екенін байқадым.
Кейіпкердің жан-дүниесін түсіну керек, сол кезде сыртқы бет-бейнесін жеткізу оңай болады.
«Жаужүрек мың балада» ең қиыны мінезді жеткізу болды. Қорланның дауысын, күлкісін, мінезін келтіремін деп өзімнің де жүрісім, қылығым ер адамға ұқсап кетті. Кейіпкерімнің бейнесіне былайғы уақытта да еніп жүрдім.
Киностан: Фильм трюктарын өзің орындадың ба?
Құралай Анарбекова: Трюктарды өзім жасадым. Каскадерлар көрсетіп-үйретті. Төбелес басталып кеткенде ойланып-қиналып жатпайсың, бәрі автоматты түрде болады екен. Түсірілім кезінде сол он сегізінші ғасырға кетіп қалғандай болдық, оқиғаларды шынайы қабылдадық. Содан болар режиссер түсіруді тоқтатса да, біз шайқасымызды аяқтамайтын едік.
Киностан: Кино саласындағы алғашқы тәжірибең бе?
Аян Өтепберген: Студенттік кездерде эпизодтық көріністерге қатысқаныммен, толыққанды рөлді ойнауым алғаш рет.
Киностан: Таймас – күрделі тұлға. Әрі жағымды әрі жағымсыз кейіпкерді ойнау қаншалықты қиын болды?
Аян Өтепберген: Жалпы кез келген рөлді шығару оңай емес, қызығы да болды, шыжығы да болды. Қолымнан келгенше алып шығуға тырыстым, жеңіл болды дей алмаймын. Жанымдағы жобада бірге болған достарымның рухани тұрғыдан болсын, кәсіби тұрғыдан болсын демеу болулары үлкен күш берді.
Суреттерді Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ұсынды.
Дінмұхамед Зиядин
Түпнұсқа
Аида Жантілеуова қандай рөлде ойнайды екен?
Ал Нұрланның образына одан сайын
енді «бала» деп тұр емес пе?
Мынаның трейлеріне қарап алдағы аптада 2000-3000 теңгеге шығындалатын болармын деп тұрмын.
Саясатта соғыс ең алдымен пайда көру мақсатында болады. Ал «кек алу», «шейіт болған аталар рухын риза қылу» ол асын тастап, атқа міне кетуге дайын қара халыққа айтылатын көттүрткі.
"Өшпенділік" деген себеп бар жерде оны қоздырушы күш болды деген ой туады. Тіпті википедиядағылар, "қазақтар өзінің тарихи кегін алды" дей тұра,
мынадай жолдар келтіреді: