Экс-қарағандылық футболшы Баварияны финалға шығарды
Мадрид. Сантьяго Бернабеу стадионы. Чемпиондар лигасы. Жартылай финал. Соңғы пенальти.
Ойын бойы үздіктер қатарында болған Бастиан келді де ақтық пенальтиді шіреніп тұрып тепті. Гол! Баварлықтар финалда.
Мюнхеннің «Бавариясының» осы бір жартылай қорғаушысының бұрынғы қарағандылық екенін біреу білсе, біреу білмейді. Иә, ол біздің жерлесіміз — Бастиан Швайнштайгер! 1984 жылы Майқұдықта туылып, 1992 жылы Германияға көшкен неміс отбасысының кенже баласы.
Қарағанды уақытымен түнгі 03 сағат 30 минутта аяқталған бұл ойыннан кейін Бастианның әкесі Александрға телефон шалып құттықтағанбыз. Бүгін таңертең бізге Бастианның өзі хабарласты. Түнімен ұйықтай алмай, таңғы рейспен Мюнхенге жеткен ол алдымен біздің редакцияға хабарласып, таңғы бағдарламамызға телефон арқылы қатысты. «Сәлем Қарағанды» деп сөзін қазақша бастаған Бастиан өздерін қолдаған барша қазақстандықтарға алғысын білдірді. Өздерінің стадиондары «Альянц Аренада» өтетін финалдық кездесуге шақырды өз жерлестерін.
Туған жерін ұмытпай жүретін осы марқасқа жігіттің бұл ісіне риза болып қалдық. "Ұлтым неміс болса да жаным қазақ" деп отырушы еді әкесі Александр. Швайнштайгерлер жанұясы Мюнхендегі қазақ диаспорасының штаб-пәтеріне де жиі барып тұрады екен. Бастиан әр маңызды ойынның алдында ет астырады екен үйіндегі келін балаға. Осындай азаматтардан қалай айналмайсың!
Сөзінің соңында Бастиан келесі маусымда чемпиондар Лигасы тобында Қарағандының «Шахтерымен» бір топта ойнағым келеді деген тілек айтты. Лайым солай болғай Бастиан!
Бастиан Қарағанды әуежайында. 2010 жыл.
Бастиан бөлесі Дмитриймен бірге. Майқұдық. 2009 жыл.
Бастиан Қарағанды қалалық Мәдениет үйінде. 2011 жыл.
Аманжан Мыңжасар
«Майқұдық радиосы»
Суреттер Швайнштайгерлер отбасылық альбомынан алынды.
_________________________________________________________________________
мына Дмитрий біздің Тамдыдағы еліне көшіп кеткен Вальтердің баласына ұқсайды екен
Aldeken қарашы, есіңде ме еді?
а вы знали что Швайнштайгер родом из Караганды? #Bavaria t.co/Eu3LD4U1
twitter.com/#!/He_macho/status/195493425330651136
Бауырым-оооуу бұл арада пікірлерді де оқып шыққан дұрыс негізі
Экс-қарағандылық футболшы Баварияны финалға шығарды vkaragande.kz/blog/news/324.html
Уот енді «Шешессс...» дегеннен басқа эпитет келмей тұр, нақтың!
бұрын неге білмегенбіз?
"Қолға түсерсің бір күні, кәпірлердің кәпірі! Сендей малды қанжармен бауыздаған сауап деп білемін!" деп Сатыбалды айтқандай жағдай бола ма деген қаупім бар. Содан ASUS маркалы ноутбугымды құшақтап қой бағуға кеткелі жатырмын
www.transfermarkt.de/en/konstantin-engel/profil/spieler_42318.html
бұл жігіт Қарағандыда туылыпты.
Қарағанды әуежайында, мәдениет үйінде жүргенде түскен суреттері бар ғой деп жеңілгісі келмеген басында))))