Даяшыларды ұруға болатын мейрамхана ашылды
Жақында Алматы қаласында «Айнуркина» атты ерекше мейрамхана ашылды. Елден ерекшелігі оның тағамдарында емес, тұтынушы рызашылығын 100 пайыз орындауында. Итальян, жапон, түрік, қытай тағамдарын ұсынатын бұл мейрамхана тұтынушыларға басқа қызмет түрін де ұсынуда. Көңілі толмаған тұтынушылар даяшыларды боқтап, балағаттап және ұра алады. Мұндай оригинал және батыл шешімдерімен ерекшеленген бұл мейрамхананың басқалардан бір адам тұрғаны анық. Осы тұрғыда мейрамхана иесі Айнура Воробьевамен сұхбаттасқан едік.
— Айнура ханым, алғашқы сұрағымызды төтесінен қоялық. Неге ұру, неге балағаттау?
— Мейрамхана келген адамның тек қана асқазанын қанағаттандырмауы керек, ол барлық жағын қамтуы керек. Атап айтқанда тұтынушы эгосы толық қанағаттануы қажет. Тұтынушының айтқаны әрқашан дұрыс деген сөз бар емес пе? Біз осы қағиданы бұлжытпай орындағымыз келеді.
— Мұндай идея қайдан келді?
— Осыдан 1 жыл бұрын бір жақсы жерде отырғанымызда даяшы көрші үстелдегі адамға фри картобын бөлек табаққа салмай әкелді ме әлде нанды кешіктіріп әкелді ме, дәл қазір нақты есімде емес, әйтеуір үлкен, кешірілмес қателік жасады. Жаңағы кісі қарсылық білдірді әрине. Сол кезде даяшы да «маған айқайлауға ешқандай праваңыз жоқ» деп тұрып алды. Ой жыным келгенін ай сол кезде. Дәл сол күні осындай мейрамхана ашу туралы ой келді. Қате істеген даяшы жазалануы тиіс. Тұтынушы эгосы да толық қанағаттануы тиіс.
— Сіздің ойыңызша даяшы жазалағысы келетіндер көп болғаны ма?
— Әрине көп! Қазір қоғамда стресс көп. Адамдар көп нәрсеге наразы. Іштеріндегі теріс энергияны шығарғылары келеді. Сондықтан осындай мейрамханаларға қажеттілік бар деп есептеймін.
— Сіздің мейрамханада бұл жазалау ісі қалай жүзеге асырылады?
— Біз мейрамханағамызға әдейі тәжірибесіз даяшыларды аламыз. Қате істеу ықтималдықтары өте жоғары. Мейрамхана мәзірінде арнайы прайс-парақ бар, тұтынушылар сол жерден өздері таңдай алады жаза түрлерін.
— Яғни, бұл ақылы қызмет қой?
— Әлбетте, ақылы. Мысал үшін:
- Даяшыны боқтау: 5000 теңге
- Бірнеше даяшыны боқтау: 10000 теңге
- Қасыңыздағы қыздың көзінше боқтау: 20000 теңге
- Жұмыстан шығартамын деп айқайлау: 10000 теңге
- Қоғамдық статусы, діні, ұлты, жасы, жынысы т.б дискриминацияларға бөліп балағаттау: 15000 теңге
- Даяшыға шапалақ: 40000 теңге
- Даяшыны ұру: 60000 теңге
- Даяшыдан таяқ жеу: 70000 теңге
- Кешенді жазалау пакеті: 100000 теңге (кез келген 3 жаза түрін таңдауға болады)
— Сұхбатыңызға рахмет, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
— Рахмет, сау болыңыз.
Осібір жері түсініксіз.
Қалғаны тамаша!
+қалтасы да қалыңдарсыболыштар ай
Пы.сы. JAKO уішівөл, қазнетіңніңсықпытынссс…
негізі, месседж Данияр-Алан үшін жазылды…
Осы түсініксіздеу болып тұр, Рафа…
Рафа Казнеттегі намбэ уан порталдың дамуына аз да болса өз үлесін қосты
«Алматыда енді даяшыларды ұруға болатын «Айнурка» деген мейрамхана ашылыпты» — деп жазды «Ақ желкен» журналы жақында»,-дейді автор. «Мұнан да сорақысын айтайық па, басы артық ақша қазақта жоқ. Қазақ ішіп-жегенінің өзін әрең төлеп шығады. Оны несіне жасырамыз. Артық ақша орыста бар, кәріс те бар, шүршіт те бар, түрікте бар, қазақтан басқада бар. Енді солар ақысын төлеп өрімдей қазақтың қыз-жігіттерін ұрып жатса жетіскен екенбіз» деп алаңдайды автор…
шаблонға әдемі салыпты
zhasorken.kz/?p=3726:
Скриншоттың толық нұсқасы
Редакцияға хат жазамын түзету сұрап.