<< Дениз >> туралы не дейсіз



<< Дениз >> атты көп сериялы түрік филімі басқа емес, мұйізі қарағайдай ұлттық арнамыздың төрінен орын алып, жалпақ жұртымызға жария болғалы жылдан асты.Қызығы сол, <Дениз>десе кей көрермен ішкен асын жерге қойып құмарта түссе, кей көрермен көзге шыққан сүйелдей күн өткен сайын жек көре бастады.Өз басым, бұл филімді ұнатпаймын әрі құптамаймын.Неге дейсіз ғой? <<Түпсіз терең тұңғиық, түсесіңде кетесің>>демекші, Денизді көріп отырсаңыз, сол байяғы бітпейтін әңгіме, жетпейтін мақсат.жалықтырғаны сол сабағынан тамағы көп Мода кафешіл жастардың шырма шытыу сезімдерімен, мың құбылған мимырт тірлікткрі бейне Алдаркөсенің әләуләйі спетті.Жақында ғана орыс тілінен егемендік алып еңсемізді көтерген ұлттық арнамызда тарбиелік маңызы төмен <<Дениз>>ден гөрі, <<Қызжібек>>тей бояуы қанық ұлттық филімдер молая түссе нұр үстіне нұр болар еді!
Құрметті оқырман, сіздіңше кейбіреуге көзайым болған бұл филімнің бізге керегі қаншалық? Айтар ойыңызды бүгіп қалмаңыз!
Ермек Қанатбекұлы
Бөлісу:

11 пікір

meirzhan
ұлттық арнамызда тарбиелік маңызы төмен <<Дениз>>ден гөрі, <<Қызжібек>>тей бояуы қанық ұлттық филімдер молая түссе нұр үстіне нұр болар еді!
Киностудиялар сіз айтқан киноларды көптеп түсірсе, қанекей. Ұлттық арна оларды көрсетпей жын ұрып па. Өзіміздің кино мен сериалдар аз әлі тартымсыз болғандықтан түрік сериалдарын көрсетуде.

Меніңше ұлттық арна сериалдың 1 жылға созылатынын болжай алмаған сияқты. Білетін болса, мүмкін сатып алмас та еді.
monti
сат няғып печать ұрып тастағансыз? әр постқа печат ұра берсеңіз комплекс боп қамаймыз ба?
satibaldi
Үкілеген арманым — ылғи адамды түтіп жеген, ә десең мә дейтін мықты, әлді, талантты адамдардан тұратын сайт болса. «Вспомни, кем были греки? Это я, я помирил огнепоклонников и пожирателей змей!!!» © Агаменнон, «Troy».
punk
тілі оратылымды жазба екен, ұлы істер жолындағы құрбандыққа айналып кетіпті
Janasil
Қазақшасы біткесін орысшасын қайта беруі керек негізі. А то қазақша түсінбейтін қхандастарымыздан ұят болды.
meirzhan
субтитрлар ол мәселені шешті
ken
әлі болып жатыр ма не?
punk
білмейсің бе не?
dark_nazgul

шын айтса, "Қыз Жібекті" көре көре де жалығады екенсің.
aikarakoz
<< Дениз >> туралы не дейсіз?
Дениз туралы не дейін? Жақсы қыз дейді ел, жақын араласқан жоқпыз ғой енді… әйтеуір…