Жазалау әлеміне саяхат: Аралау

Жалғасы басы мында
Бұл жаза түрі жауыңа да тілемейтіндердің қатарынан болса керек. Себебі, асықпай бұтыңнан бастап аралап жатса рахаттана қоюың екіталай.
Аралау — ертеден келе жатқан жазалау түрі. Аралану бақытына ие болған адамды аяғын аспаннан келтіріп іліп қояды. Ауруды жақсы сезіну үшін екі қолы мен екі аяғы екі жаққа қатты керілуі керек. Әлбетте, ұзақ уақыт бойы басын төмен қаратып қойғандықтан миға қан құйыла бастайды.
Міне, осы сәтте жазаны асырудың нағыз кезеңі. Үлкен арамен(немесе араға ұқсас басқа зат) екі бұтының арасынан асықпай аралай бастайсың… Ғыр-ғыр, ғыр-ғыр…
Еркек болсаң алғаш қай жерің кететіні белгілі. Шивасақтағыр. Өткір араның арлы-берлі денеңді қиқалағанын сезгенде қандай «кәйіп»-ті бастан өткеретініңді айтып жеткізу мүмкін емес.
Ара негізті артериялық, веналық қан тамырларына жеткенге дейін адамның шіркей жаны қиналу ләззәтін сезіну бақытына ие болады. Кей жағдайда адамның басына жеткенше өлмеу мүмкін екендігі жайлы пікірлер де бар.
Азия елдерінде бұл жазалау түрін бастан бастайтындар да бар екен. Кейбір діни дереккөттер Иса мәсіхтің осылай өлтірілгені жайлы да ақпар береді.
Рим императоры Калигула осы жазалау түрінен ләззәт алған деседі.
Апдейт: Бұл жаза түрін адам өлтіргендерге, сыйқыршылық жасағандарға, құдайға тіл тигізгендерге, ұрлық жасағандарға, жұбайының көзіне шөп салғандарға қолданылған.
Бөлісу:

29 пікір

ErNur
бррр… адамның жүрегін айнытады екен
Janasil
Мәнияктар ай!!!  

Қазақта қандай жазалау түрлері болған, білетіндер жаза отырсаңдар…
19852407
«Пила» атты кинодағы аралауды да суреттей отырыңдар, исажарболғырлар
Aizhantabyn
Кошмар. Бірақ педофилдарға таптырмас жаза екен.
Gastarbaiter


Жаза қарапайым, және қорқынышты. Қаны азайғанда, есінен танып, өліп қалмасын деп басын төмен қаратып қоятыны тіпті сұмдық. Қол ара сүйекке жетіп "ғыр-ғыр" деген дыбыс шығармас бұрын, тері мен етке тигенде Ф-фыртлқ-ффыртлқ деген дыбыстар шығатын шығар, адамның жан-ойбайымен жағаласып, пфүуф, жазбаша спецэфектіңдісс… құсқым кеп кетті ғо.
19852407
Электропила көмекке келмесе, қол араны ғытырлатып тұрғандардың өздері бірінші естен танатын шығар
Armanjan
Рим императоры Калигула осы жазалау түрінен ләззәт алған деседі.
айтпақшы «Калигула» деген фильм бар еді ғой, сонда да жазалаудың небір түрі кездесетін.
Zhan
Гильотинамен бас шабу мынаның қасында айналайын боп қалды ғой.
Kerekstavka
Жазаның аты фифти фифти деуге келеді екен
Korkem
Осындай жазалау түрлерің қашан бітет? Вай, енді басқа тақырыпқа көшсеңдерші. Бір тақырыптың шетін бірің шығарсаң екіншің іліп әкетіп, тізесі шыққанша қосыла жырлайды екесіңдер(((
konvict
Менің кәйпім енді кіріп келе жатса. Әлі, анустан аңырататын тағы бір жазалау түрі бар
Korkem
Ылғи жұртың соңында жүреді екен кәйпің))
Gastarbaiter
жамағат қанға тойса доғарайық
19852407

Бірақ, бірақ… күтіп едім, сол тақырып жазылмады…
Шашын өткір алмаспен жалтыратып қырып, жап-жаңа сойылған түйенің ып-ыстық терісімен тақырбасты «көмкеріп» тастайтыншы
«МӘҢГҮРТ» атты фильм есте қалып қойыпты, кішкентайымызда жиі көрсетіп тұратын еді, қазір көрсетпейді-ау деймін сол киноны
Gastarbaiter
Көкбөрінің киіз кітаптарына қалдырып едім ол тақырыпты.
Бірінші рет айтылған жоқ бұл жаза.
Simona
Мен де сол жaзaны күткем. Нелiктен есi aуысып кететiнiн түсiне aлмaдым.
Gastarbaiter
Мен жалпы осы жаза түрін тек көркем әдебиеттен оқыдым, тұрақты заңды жаза ретінде қолданылмаған кісі азаптау әдісін тізімге кіргізуді артық санаймын.
MickThatsMyNick
шашы кейін миына қарай өседі
a63a1
аңыз ғана, нақты жасалғаны туралы дәлел жоқ
kokbori
негізі оны мен таулықтардан келген деп естідім, солардың киізкітаптарынан табуға болар
Abilakim
Аралаушы жендеттердің ұйқысы бұзылады ма екен?
satibaldi
Жазалау әлеміне саяхат: Аралау
Мен басында, "қатындармен базар аралау" шығар деп қалыппын, меніңше, бұл жаза жолда қалатын сияқТ.
kokbori
 ОЛ ана басқа кепеш қаптау секілді ми айналдырар жаза ғой
asaubota
"қатындармен базар аралау" шығар деп қалыппын



бұл жаза қойна болып қалады базар аралаудың қасында