Құттықтауларыңа болады!!



Жақында «31 арнада» басталған «Базарбаевтар» отбасылық комедиясы бірінші күні-ақ көрермендердің назарын тарта білді. Бұл әдетте ең прайм-тайм уақыттарын орыс тілді бағдарламаларға беретін коммерциялық телеарналар үшін, атап айтқанда біздің 31 үшін ерекше жаңалық болды. Өйткені қазақ тілді жобаға көрермендердің мұндай қызығушылығын күтпегендіктен болар. Осылайша, алғашқы күні Базарбаевтар жалпы көпшілік аудиторияда 23 пайыз үлеске ие болса, қазақ тілді көрермендердің 33-пайыз үлесін иеленді…
Құттықтауларыңа болады!!)))

Ал мен мұны қазақ елінде қазақ тіліндегі қызықты жобалар көрермендер ең көп көретін уақытқа (прайм-таймға) қойылуы тиіс деп есептейтін, барша жандардың кіші-гірім жеңісі деп есептеймін. Шын айтам!!! Қазақстанда негізінен орыс тілді халық тұрады деп есептейтін өзгетілділіктер, арналардың басым көпшілігінде бар (басшылық орындары туралы айтпағанда). Бұл бөліну емес көрермендердің талғамы әділ саралануы тиіс деген ішкі бір жанайқайым ғана… Оның үстіне қазақ тілді жобаларға жарнама бермейді деп мұрнын шүйіретіндерін қайтерсің!!! Прайм-таймға қойылса, сапалы хабар болса неге жарнама келмейді қазақ тілді жобаға, осыған ақылым айран!!!
Бөлісу:

9 пікір

Gastarbaiter
осыны қалай есептейтінін айтып берші, бұрыннан қызықтыратын еді осы сұрақ.
Adiletshu
 қызық екен.

Бізде 31 арна көрсетпейтіні өкінішті
asaubota
аха, бізде рейтинг қалай есептелінеді?

мысалы Түркияда әр түрлі отбасыларға бір аппарат қондырады рейтингті өлшейтін компания. кімдерге қондырылғаны өте құпия. сол арқылы есептеп отырады.
kokbori
Баяғыда ауылдағы бір бала қаладан қызық құрылғы әкелді. Наушнигін тағып ап, құрылғыны антеннаға қаратсаң сол үйдің көріп отырған киносының даусын естисің. Мүмкін соның дамытылған түрі болар.
alashaman
Гэллоп медиа деген компания бар, олар ел бойныша ірі қалаларда бар жоғы 700 қондырғы орнатқан. Үй иелерімен келісе отырып әрине. Сол бойынша анықтай салады. Гэллопыңдысс олар сол бұтақтарын көбіне орыс тілді қазақтардың немесе славян тектілердің үйіне қоятынын қайтесің… Сөйтіп, рейтингте орыс тілді бағдарламалар ұрып тұрады. Хотя, қалалықтардың бәрі қазір кабельдік ТВ да жүргенінде шаруа жоқ. Дегенмен, осы жолғы көрсеткіш тәуір екен. Оған да шүкір
satibaldi
Әрі Гэллаптың басшылығы тиын-тебеннен кетәрі емес деген сыбыс бар.
Gulistan
Риза, Базарбаевтар да, Аднандар да жоқ болып кетті.
Бір хабарын айтсаң…
vebred
ия оның рас… Базарбаевтардың тек 10 сериясы түсірілген болатын… эксперимент ретінде… нәтижелері жаман болмағандықтан… енді оның жалғасын түсіру жағы қарастырылып, қазір сценарий жазылып жатыр. Ал, Аднанның екінші кезеңі… яғни «Мезгіліз сезім» сериалының екінші маусымы Фатмагүл аяқталғаннан кейін көрсетіледі деген жоспар бар…