Киіз басып көрші өзің



Бүгін біз жақта тағы бір қызықты көрме ашылғалы жатыр.
Бала күнімде мен үшін киіз десе тек түскиіз, пима ғана елестейтін. Мынандай заттарды көріп олай емес кеніне көзім жетті.


Қаласаң сурет сал, қаласаң ойыншық жаса, әлде кумиріңнің бейнесін жаса. Обшым, фантазияң білсін  

Қаласаң, түстермен де ойна



Мына кісілер таныс сияқты . Шеберлік деп осыны айт. Мұртұрғановтар отбасы:


Ары қарай табиғат аралай тұрыңдар


Сүйіктіңе осындай гүл жаса, несі бар зато ұзақ тұрады

Қазір, киізден жасалған әшекей заттар модада


Бабайкада жасай бер:

Аяқ киім де, жастық та обшым бәрі бар

Алма да тере бер

Мына жерден келіп, қалғанын өздерің көріп алыңдар
Бөлісу:

35 пікір

aikarakoz
Уааай! Неткен керемет! Айкона, әдемі суреттер үшін рахмет!
19852407
Күшті!
Кішкентайымда әжем біздің көшенің кемпірлерін, келін-кепшіктерін жиып алып киіз басатын.
Түрлі-түсті бояулар көөп болды сарғайған совет кітаптарының беттеріне оралған. Бірімен өңі кетсе де сүйкімі кетпеген джинсиымды қимай, бояп алғаным есіме түсіп кетті)))) Солармен ақ түсті жүнді бояп, неше түрлі ою басып, киіздің бетіне салатын.
Сосын ауылда киіз басқанға секіріп сұранып тұратын бір апай болды, буын ауруымен ауыратын. Айтуынша киіз басқан сайын буындары «алғыс» жаудыра береді екен
Zhan
Біздің ауылда да жыл сайын апам киіз басатын. Киіз басудың өзі бір мерекеден кем түспейді. Ауылдың кемпірлерін, қыз-келіншектерін жинап алып, әуелі алдын ала тартылып қойылған киіз бетіне түрлі-түсті боялған жүндерден ою-өрнек салады. Мен де қолымнан келгенше көмектесетінмін. қазір киізді ешкім қолданбайды. Күйе жеп қояды, шаң жинайды деп. Сол кездерді сағындым. Киізді шиге ораған соң оны тепкілеп-тепкілеп, үстінен секіретінбіз. Апалар сосын білектеп, пісіреміз деп үстінен қайнаған су құяды.
patick
Киіз басып көрші өзің

Баспаса бола ма?
ademi_alem
Қандай әдемііі
vebred
Анау ою, менің анам оятын ою екен… ауылда қазір осы қолөнермен айналысатын адамдар да азайып кетті-ау. Ескінің көзіндей естелікке айналып бара жатқандай… Мына заттарды көріп қатты қуандым. Киіз басу өнерінен де үлкен бизнес жасауға болады ғой…
konvict
Тақырыпты оқып шиге оралған жүнге ыстық су құйып, соны тепкілеп жүрген Айкона елестеп еді
Gastarbaiter
Киізді көбіне аяқпен басатындықтан бұны аяқөнер деуге негіз бар ма?
aikarakoz
аяқөнер десеңіз де өзіңіз білесіз ғой
izbasar
Аяқпен баспайды киізді тепкілегенін көргемін. Негізі білектеп басады.
Armanjan
жайлауда әжелер киізді шиге жақсылап орап, ыстық суды буын бұрқыратып құйып-құйып алып, сосын жігіттерге атпен сүйретіп қоя беретін. Шидің екі басынан шығып тұрған ағашқа байланған арқанды атпен тартып бірсыпыра жүретін, сонда ана киіз шашылып қалмай және қалай айналатынына миымыз жетпей таң қалып еріп жүгіретінбіз.
vebred
мынауыңыз нағыз экзотика ғой… Жайлауға жылда барам… бірақ ешкім киіз баспайды))
sammita
бағалауға тұратын нағыз еңбек! Күшті екен, Айкона.
Korkem
неткен әдемі еді)) қызығып қалдым))
Erkekyz
Мынаның бәрі киізден жасалған ба? Күшті екен! Киіз десе көзіме темекет елестей беретін
Aikona
иа киізден жасаған
Abilakim
Бала кезімде әжем мені ерітіп алып ши жұлуға баратынбыз. Ол кездің шилерінің өзі екі қабатты үйлердің биіктігіндей еді ғой. Соларды күрестегі жамбасқа салу әдісімен тамырымен қоса жұлып аламыз. Үйге келген соң ши тоқитын. Кейін жүн сабап, киіз басушы еді. Бұл оқиғалардың басы-қасында бірнеше мәрте болып көрдім. Әйелдер бір-бірінің үйіне келіп тұрып, кезектесіп киіз басатын сезондар болушы еді. Қазір ондай жоқ. Ол замандарда ұзатылған қыздардың артынан аппатқ киіздер кететін, түскиіздер мен сырмақтар апаратын үлкендер. Үйдегі ескі сырмақты «Мынау менің дүниеммен қоса келген сырмақ қой» деп айтып отырған талай әжелерді көріп ек.
Ал, көрмеге келер болсақ өте керемет!
vebred
Бұл пост менің ауылым мен балалық шағыма саяхат болды ғой… рас ол заманның шилері аса биік болатын. Ал, оны жұлу үшін үлкен күш керек еді… Қазір дәл сондай биік болып шиде өспейтін секілді ме қалай өзі....қазіргі жұрт тоқылған шиді де… басылған киізді де Қытайдан әкеліп жатады… Біздің шиді де шикізат етіп солар әкетті ме екен...))
Tarazkyzy
Әдемі екен, Айкона! Маған дуалға ілетін кілемдер ұнайды. Күршімде болғанымда көргем, тапсырыс берсем бе деп ойлағам. Бірақ оны кәдімгі палас, кілем сияқты жууға болмайды-ау деймін а?
sammita
химчисткада қазір ол жағы проблема емес шығар.
Aikona
тазалау жағын білмедім, шынымды айтсам
araika
 Анау гүлдер қатты ұнады, менде шашқа тағатын резинкам да осындай гүл тәрізді етіліп, киізден жасалған(деп ойлаймын). Выставкадан алғанмын, бірақ «made in Kyrgyzstan»
Aikona
енді Қазақстандықта осындай өнімдер бар екенін білесіз
Zilola
Керемет!
Киіздің бір «но»сы шаң жинайды да, сосын су тисе иісі "әлем" болып кетеді. Сондықтан жоламаған абзал ))
Aikona
қазіргілердің өңдеуінде ерекшелік бар сияқты, осы мәселені сұрап толықтырып жазып кетем ок
Erlan
не гой унамады анебір
Aikona
мм ұнау ешкімге міндет емес қой
AL-ASTER
Көргем әжелер жиналып алып шиге орап тебеді ма, сондай бір әдісі бар, сосын ыстық болған, су құяды екен ғой. Киіз басқанды бір рет қана көрдім, ол кезде 4 жаста болыппын. )
Aikona
иа, көбіміздің балалығымыздың естелігі екен
Abilakim
сол су құйып жатқан кезде бір құрдастарының атын атап «Пәленбайдың көті күйді» дегендей сөздер айтатын ырымдар да бар киіз басушылар арасында