Эстонияға барар жолда...

Опшым, қызмет бабымен ұйымдастырылған іссапармен Эстонияның астанасы Таллинге 2 күнге барып қайтудың сәті түсті.
Эстония мен Қазақстан арасында тікелей әуе қатынасы болмауына байланысты ұшақпен барғанның өзінде Астана – Киев – Таллин бағытымен Астанадан Таллинге жетуіміз шамамен 16 сағаттай уақыт алды. Очм, шаршадық…
Сонымен, аз-мұз Киевтегі фотоесептен тамашалай отырыңдар.
15 сәуір күні Астана уақытымен таңғы 6-да шыққан ұшақпен Киевке жергілікті уақыт бойынша 8-де жеттік. Астана жайма-шуақ ауа-райымен шығарып салса да, Киев қабағын түйіп қарсы алды. Соған қарағанда АКҮны ала келмегенім үшін ренжіген болар, кешір АКҮ.
Киевте 7 сағаттай уақыт аялдауымызға байланысты әріптестерімізбен бірігіп, қала аралауға кеттік.
Православие христиандары сол күні Пасха мерекесін тойлап жатқасын қалаға экскурсияны Киево-печерская лавра деп аталатын Православиелік христиан діні бастау алатын монастырьға келдік. Монастырь туралы білімдеріңді мына жерден байыта жатарсыңдар, менің көргенім мынау болды.


Пасхаға байланысты жамиғы христиандар, азын-аулақ ішкіліктері мен тіске басарларын алып, әулие әкейлеріне қасиетті су бүркітіп алуға келіп жатыр екен.



қанша дегенмен, секталардың лаңы мен діни кадрлар жетіспеушілігі мәселесі оларда да бар екен…



мынау шопырымыздың айтуынша, Киевтің ең қымбат үйі екен, бір пәтердің құны 17 миллион доллар дид. лібәәә дедік…

Украинада Еуропа біріншілігінің өтуіне байланысты мынадй доптар Киевте толыватыр…

Суретке зер салып қарасаңыз, Киевтің қақ ортасындағы мен деген сауда үйлерінің өзі дәруіштіктерге сыйластықпен қарайтынын байқайсыз…

Крещатник, Майдан, опшым, революция болған алаң, былай қарасаң, алаңнан көрі алаңқай сияқты… Менің артымда, «Украина елі монументі» идеялықплагиатыңдысс…

Аэропортқа бара жатып, Днепрдің екі жағасын қосып жатқан жаңа көпірдің қасынан өттік, биік екен…

Өз басым, Украинаға барып машина жөндейтін жер ашқан дұрыс бизнес болатын шығар деп түйдім… ана тас төсеген жолдарымен жүріп келе жатқанда, машинаны аяйды екенсің…
Сонымен бұл Киев туралы жазбам. ертең Эстония туралы күтіңдер…
Бөлісу:

30 пікір

satibaldi
17 млн. доллар??? Қосып айтып жіберген жоқ па екен?
Aldeken
Не ғо, Сатеке, біз де ойладық, хохолдар лапшаны ілген шығар деп, тексеретін мүмкіндік болмады, сосын тек лібәәә, деп отыра бердік…
ErNur
Керемет! Алдеке не ол жақта күн суықпа екен?
Aldeken
Суық болды, опшым…
satibaldi
«Украина елі монументі» идеялықплагиатыңдысс…
asaubota
Украина бір құрып жатқан ел сияқты болып елестейді. Эстония тәуір шығар оның қасында.
alashaman
«Украина елі монументі» идеялықплагиатыңдысс…" кім кімене алды екен ә? Сатыбалды маған жауап керек!
kokbori
мынау шопырымыздың айтуынша, Киевтің ең қымбат үйі екен, бір пәтердің құны 17 миллион доллар дид. лібәәә дедік…
мынадай үйді сонша ақшаға алғанша, оның үстіне Украинада…
ken
шопыр екі миллионға асыра сілтеп жібергенге ұқсайды)))
omarbirat
мынау шопырымыздың айтуынша, Киевтің ең қымбат үйі екен, бір пәтердің құны 17 миллион доллар дид. лібәәә дедік…
Бүкіл Украина бойынша газ құбыры жалғанған жалғыз үй болып жүрмесін
patick
Дегенмен, Украина бірқатар критерийлермен Қазақстанды басып озады. Ал, Эстония дамып кеткен ғо. Сексенінші жылдары барған әкем айтатын, сол кездің өзінде пездес еді деп.
Aldeken
Сексенінші жылдары барған әкем айтатын, сол кездің өзінде пездес еді деп.
артық ештеңе көре алмадым… Кей жерлерде басып озған, кей жерлерде шамалас, опшым, сондай енді… (Финн шығанағындағы портта тұрған яхтаның шындықты жазуға бой бермей тұрғаны-ай)
satibaldi
Aldeken , сен бір түрлі — жәәәәй, баяяяяяу жазатын болып қалғансың ба, қалай өзі?
Gastarbaiter
Әлі жете алмай келе жатыр ғой жопа-пистондарға
Nurgisa
Кешкілікте Алдан құрдасқа бір блок сникерс тарту етсек пе. Сникерстенуге қалайсың, брат?
Aldeken
Машинасы тұрғанда таксимен жүргеннен без деп ед, бір білгіштер…
Nurgisa
без деп ед
не без деп ед и, Алдеке? )))
asaubota
мен де байқадым. бұрынғы шапшаңдық жоқ, қимылдар сылбыр, жылдамдық төмен. Алданға жаңа кличка тағылып қала ма деп қорқып отырмын.
Nurgisa
Қиын, қиын. Ел боп, жұрт боп үдеген күйі индустрияланамыз ба деп едік…
Aldeken
сволыш…
asaubota
эстондар қалай өзі былай, шынымен тормоздау ма?
Aldeken
асықпайды әйтеуір…
Gastarbaiter

Қазекемнің дәл осы Эстондарға прикол ұстайтын реті жоқ деп ойлаймын.
Zhan
Украинада да Тәуелсіздік монументі бар де. Точно плагиат екен. Сапар сәтті болсын, Алдеке!
janarbek
Сапар сәтті болсын, Аман оралыңыз!
AKY
Таныс жердерді көріп, мейірім қанып қалды, ырақмет. Ала кетпедің бе мені?
Aldeken
Хохолдарға қимадым сені…