Высоцкийді сомдаған актер белгілі болды

Ресейдің танымал актері Сергей Безруков "Высоцкий. Спасибо, что живой" фильмінде басты рөлді сомдағанын мойындады. Бұл оқиға 16-сәуірде Бірінші арнада «Вечерний Ургант» бағдарламасының бірінші шығарылымында орын алды.
Хабардың жүргізушісі Иван Ургант актердан:
— «Высоцкий. Тірі болғаныңа рахмет» фильмінде Высоцкийдің рөлін ойнаған сен дейді. Сол рас па? — деп сұрады. Сонда С. Безруков «Ия» деп жауап берді.
Еске сала кетелік, Петр Бусловтың аттас фильмі 2011 жылы 1-желтоқсаннан бастап прокатқа шыққан еді. Кинотуындыда басты рөлді орындаған актердің есімі осы күнге дейін құпия болып келді.
Бағдарламадан үзінді:
Киностан
8 пікір