Сөзінен айну хит-парады
Қазақ — бесжүзді халық: өздері үш жүзден құралған және әрқайсысы — екіжүзді. © Мастұр батыр
Қаззақтардың лақтырғанынан талай зардап шегіп келдік, шегіп те жүрміз. Жалпы бұ халық сөзінен тез айнудың шебері екенін айқын дәлелдерімен көрсетіп келеді. Менің өмірімде соңғы кездері кездескен сөзінен айну мысалдарын сараптай келе, үздік үштікті анықтағым келді.
3 орында: Бастық.
Шартты түрде Бастық деп аталсын. Кейде өзі жұмысқа шықпай қалса, мені өзінің орнына шығаратын. Менің жұмыс күнім келісімшарт бойынша бейсенбі, жұма, сенбі еді. Ол мысалы дүйсенбі күні түнде 11-12-лерде (түннің бір уағында хабарласқаны бөлек әңгіме) звондайды:
— Ертең менің орныма шыға қойшы.
Жұмыстың таңғы 7-де басталатанын ескерсек, тез арада келісім беріп шешім қабылдау мен үшін қиын нәрсе, өйткені мен демалыс күндерімде басқа шаруаларымды тындырамын, өз жоспарларым бар дегендей. Бастық болған соң амал жоқ келісіп, таңертең 6-да тұрып жұмысқа барасың. Барсаң… Оп-па! Бастық өз орнында:
— Кеше басым ауырып, шыға алмай қалам ба деп ойлағам (Осы жерде аянышты түрмен мұрнын тартып қояды). Сен келдің ба? Аааа… Бекер келдің, өзім шығып істей беретін едім ғой.
Не айтарыңды білмей кері қайтасың. Кешке бастық кешегідей өтінішпен тағы хабарласады…
2 орында: Тапсырысшы.
Маған аударма жасауға тапсырыс берген адам. Шартты түрдегі аты — Тапсырысшы.
Тапсырысшы аудармаларын тастап кетеді:
— Ертең бітіру керек! Ал, саған сендім. Ертең таңертең 9-да біздің корпустың алдында кездесеміз. Мен 8-30-дарда келіп тұрамын ужі! — дейді ол.
— Жарайды, — деп тапсырысын уақытында орындау үшін бар жағдайды жасайсың, түнімен ұйықтамай, жұмысты бітіріп, таңертең 8-де үйден шығып кетесің. Белгіленген уақытта корпустың алдына келіп, телефон шаласың: ешкім көтермейді. 1-2 минуттан кейін тағы звондайсың, ешкім көтермейді. Осылай бірнеше әрекеттен кейін:
— Әлөөө, — деген өлімсіреген немесе ұйқысыраған дауыс шығады.
— Алло, мен ғой, күтіп тұрмын корпустың алдында, қайдасың?
— А! Не ғо, түсқайта кездесейікші, қазір басқа жұмыстарым шығып тұр. Өзім звондаймын, жарай ма?
1 орында. Автобустағы қыз.
Бұның өз сөзінен, ойынан тез айну талантына ауыз ашып қалдым енді. 3-4 сөйлеммен-ақ құбылудың супер жылдам процесін мүлтіксіз орындап шықты. Монолог шамамен былай өрбіді:
Автобуста қасымда тұрған қыз телефонмен біреуге звондады:
— Әлө. Қалайсың?! Иә, бардым собеседованияға! Ертеңнен бастап келе берсең болады деді. Иә, жұмысы нормально сияқты. Аздап ауырлау негізі ше? Көремін ғой енді… Ертең баратын шығармын. Ауыр енді. Барсам ба деп отырмын, білмейм енді… Бармайтын шығармын, жұмысы ауыр, құрсыншы. Басқа жер қараймын. Жақсы, пока, хабарласамыз ғо.
Есіме түскендері осы енді. Өздеріңнің хит-парадтарыңды жасаңдар
бәрінің басындағы жағдай екен-ау )))))
сөзінен айнудан гөрі, өтірікшілер, жауапсыз, немқұрайлы адамдар
— Біз саған орнатып қойдық.
-Орнатсаңдар шешіп ала қоясыңдар да, оның несі қиын??? Сендер қаладағы ең арзан дегесін сеніп қалып…
— Қаладағы сапалылардың ішіндегі ең арзаны дедік.
— Білмейм, ала алмайм.
(Мұндай айуанның салған ренішін адам айтып жеткісіз, кейде қақ маңдайдан қойып жібердім бе деп ойлап қаласың, сүйтсең, анадай сөзден трансқа түсіп кетеді екен адам)
Бірер айдан соң. Офисте таныс пидараздың жүзі пайда болады.
-Бәсеее, дейм де (дым болмағандай) анау тайваньдық екен ғой, «Энергонадзор» (СЭС, т.б.) сертификаты жоқ деп арттан айдавалд лібә. Не ғой, жіггіттерді жібересіңдер ме? Не ғой, бірден, қолма-қол төлейм, шын айтам, ертеңге дейін қойып тастаңдар, міне, тіпті қазір төлейін.
Шеберханадан дауыстар:
— Алдындағы пидараз ба? Қойнақ, бармаймыз, басқа жерден алсын, Алматыдан шақыртып қондырсын тігіліп!
Шамамен осындай үш оқиға болды. Ірі көлемдегі ақыға. Жаман жері, бұл қаззақтың осындайы жұқпалы, сен де біреуге бірдеңе уәде беріп қойғасын, қарабет боласың (мысалы, қожайынға «пәтерақыны кешке апарып берем» деп айтып қойдың).
кластас күзетші Гәмби звондап,
«Братан, чо как ана? Зайебись, хехе… маған 20 штук визитка жасап, өткендегідей тағы да, тек „күзетші“ дегеннің орнына „Қауіпсіздік қызметі“ деп қойш лібә, немесе ағылшынша қалдыра салш „Секурыти Сервис“ деп, бір қыздың туған күніне баратын ем, қыздар көп болад дит»
«Базар жоқ. Кешке келсейш офиске, Митяға айтып қоям. Артқы фонда: — Чо там? Митяй захерачь баклану 20 штук визиток. Только там вместо „Охнанника“, „Служба безопасности“ будет! „
“О бля, отдуши, амиго, менен сыра если чо»
***
Сәлден соң тұрақты әрі ірі тұтынушы компаниядан имейліңе ертеңге дейін 120 000-ға тапсырыс түседі, маркетингілік материалдар: буклеттер, листовкалар, сызба-нобайы дайын болғандықтан екі күнде дайын болуы керек, арғы күні келіп сағат 11-де алып кетеміз" -деп бұйырады.
«Митя-ня-я-я-я-я, блять быстро побежал в Абди и купил бумаги! Срочный заказ на 120 000 епта!»
— Гәмби, бүгін болмайд никак, басқа срочный жұмыстар шығып жатыр.
— Э, бля э!?
— Серьезно айтам, давай арғы күні звондасайш.
— Э да ну на…
— Енді жағдай солай боп тұр.
— Э қойшей на, жаңа айттың ғо білә, бүгіннен қалса керек мес на…
— Көрші полиграфия ше?
-Э да ну, гүлбану, бля некрасивіжі, вешір бүгін ғой на… Айттың ғо кешке кел деп.
— Үлгірмейді екем, бля.
— Айтпайсың ба солай на, блә братух, интересны… э хххуй сним көрерміз.
— Көрші полиграфияға берсейші, ақшасын төлей салам.
-Э дди наху э… Олар жабық ужі. Э хусним блә, көреміз на…
Дәл осы жерден чаттасуды тоқтатып, жекеде сөйлесулерің талап етіледі
— Ей, Отанын сатқан опасыз, сен сатқындықтың жазасы не екенін білесің бе?
— Ағатай, өлтіре көрме мені. Бала-шағамды ая. Құлың болайын, өлтіре көрме.
— Қыз тәрбиесі туралы газетке мақалалар жазасың және вокзалда қыздар сатумен айналысасың. Енді келіп есірткі саудасына шығыпсың. Осындағы есірткі қоймаларыңның бәрін айтып бер. Жамағаттың есірткісін сен тасымалдап жүрсің ғой. Барлық каналдарыңды айтасың.
— Сені тірі қалдырмайды.
— Сен алдымен өзіңді ойла ағылшын мен жөйттің күшігі. Құның бір оқ.
— Өлтірмеймін деп уәде бер, бәрін айтып беремін.
Еңгезердей екі жігіт жерде қансырап жатқан Жұманың бетіне бір шелек су шашып, бөлменің ортасындағы орындыққа отырғызды. Камера қосылды. Жұма бар білгенін айтып берді. Енді қолымды шешіп, босататын шығар деп ойлап отырған Жұманың бір кезде оң жақ қолы дыз ете қалды. Үлкен дозадағы есірткі денесіне ақырын ене бастады. Жаңағы екі жігіт бір кезде мұның аузына түнгі клубта сатып жүрген таблеткаларын сала бастады. Көздері қарауыта бастаған Жұма бар даусымен айқайлады:
— Уәдең қайда, уәдең? Өлтірмеймін деп едің ғой!..
— Саған сөз беретіндей кім едің, уақақақа!!!
жан ашпаған сырды іздедім…
деп шәйіп отсаң))
Жұмысты тапсырған соң. "Істегендерің бізге жақсы ғой, бірақ үйренгендерің өздерің жақсы. Біздің сөзімізді неғылсын олар. Өңкей бастық шеттерінен..."