Жазалар әлеміне саяхат: Құдайдан безгендердің шанышқысы

(жалғасы, басы мында)
Кіші жүз ағаларының жазасына қосылад!...© "Қыз Жібек" кинофильмі



Бұл мини гаджеттің аты «еретиктің шанышқысы».

Алда жалда мені сайтан түртіп, Құдайдың барлығына шек келтірген болсам, немесе жер тегіс емес, дөңгелек деуге дәтім барса, аз-мұз соттың ырымы жасалған соң, тап осы девайстың бір ұшы менің иегімнің астына қадалмақ, ал екінші ұшы төстігіме жаншылады.

Солайша мен белгілі себеппен күнім күлкісіз, түнім ұйқысыз өтуге душар боламын. Көзім ілініп кеткен сайын, шанышқы иекке кіре береді.

Жаналғыш амиго менімен бірге бір шіркеулік мектепте оқыған болуы да мүмкін. Тек менің арманым фәлсапа тасын табу, ал оның арманы Королева шатырының астында жендет болу еді.
— «Брат ренжіме, жұмысым солай» — деп қойып, Вальдемар әлгі екі басты шанышқының бауымен мойнымды буып тастап еді.

— Бұл жазаның алды болуы мүмкін, сондықтан уақытты созбай, күнәңді бірден мойындағаның вокзал.

Қозғалуға мұрша келмей, жаным көзіме көрініп жатқан маған экс-кластасым қалай өлуім керегін түсіндіріп жатыр.
— Мойындағанда да сыбырлап емес, айқайлап, жиналған қауым анық еститіндей қылып «Abuire» деп айт. Неғұрлым тезірек айтсаң, соғұрлым азабың да қысқасынан болады. «Abuire» дегенің «айтқанымды қайтып алдым, кешірім беріңдер» дегенді білдіреді.

Өз басым аузымды "ә" деп ашпақ түгіл, жағымды қозғалту мұң болып жатсам да Вальдемардың даусынан мазақ пен жаттанды жолдардан көрі, ерекше жанашырлық танығандай болдым.
Кім біліпті, кешірім сұрасам, бәлкім Лорд Готтенвальмен таныстығымның пайдасы тиіп қалар. Бәлкім, «жер тегіс, Құдай бар» десем қоя берер.
— Абуире, абуире шешесс, жер тегіс, Құдахықққүләғылықққ-

Тілімді тесіп, таңдайыма қадалған шанышқыдан аузым қанға толып, әрі қарайғы сөздерім түсініксіз бірдеңе боп шықты.
Жиналған қауым даусымды ести сала,
— Шоқындырыңдар! Шоқындырыңдар!
— деп айғай салып жатыр. Қуанып кеттім ші…


(Жалғасы бар!)
Бөлісу:

12 пікір

Adiletshu
Ары қарай не болды?
Gastarbaiter
Әрі қарай Абзал жалғастырады, бірінші жақтан жазған қызық екен. Ищща
Adiletshu
Бізге де жазса бола ма
Gastarbaiter
Болады, тақырыпты меншіктеп алған түгім жоқ.
Adiletshu
Қазір жазам
Gastarbaiter
Жай суреттей салмай, баяндаудың басқа түрлеріне де жүгінуді рекомендеймін.
satibaldi
Бис! Жалпы Ватикан мен оған иман келтіргендердің пантазиясына таң болумен келем.
zhanibek_nurish
tagatsizdana jalgasin kutu gana kaldi, jane sargaya
meirzhan
Хард тақырыптар екен. қорқыныштыы
Aya
Осы жазалау құралын ойлап тапқанның фантазиясы ұрып тұр екен
a63a1
ебааа жынД екен әкесс… Әбүйір болғанда әбүйір сұрап құтылуға болад екен