"Неге ол өледі?"

«Біздің қателіктерді ең болмаса көмуге болады ғой»© — медиктің архитекторға прикол ұстауы.

Санитарка:
— Қалмырза ағай, өткенде сіз терапиядан келген бір зимагордан он бес мың алып, қалаға жіберіп едіңіз ғой.
-Ия…
-Сол пациент өліп қапты ғо.
-Өш?(мына тазалықшы қаншық не сандалап тұр ей?)
-Ия, прикиньте, ағай!
-Мен алған жоқпын ғой, өзі ғой қалтама салған.
-Ия, мен де солай айттым…
-Кімге?
-Жездекеме…

Айтып отырған жездекесі Туаймайттен Кентздраві Бәйменгелді тап осы сәтте Павлов итінің атындағы №14- кентауруханасының бас дәрігері Сапарғайыпты тағы арттан айдап жатқан болатын.-
— Ия, Сапарғайып, неге бұл жағдайдың басы маған тиеді? Неге тиісті шаралар қолданылмаған?

-Қоолданғанда, Бәке, бұл жағдайдың өзі бөлек болды. Ол кісі негізі хирургияға жату керек болатын. Олар қабылдамай, терапияға жіберген, терапияда үнемі осындай науқастарға, мына тізімдегі дәрілерді жазып жіберетін. -деді кекештенген Сапарғайып.

— Жоқ, сен маған мынаны айтшы, неге ол өледі? Неге өледі? Неге сеспей қата қалды тап сол күні?—
Бәйменгелді темекісін тауыспастан, тағы бір темекіні тісіне қыстырды да оттық іздей бастады.

— Бәйеке, енді мына кісінің жүрегі дәрілерді көтере алмады деп айтуға негіз жоқ, бұрын соңды ондай болған емес, тіпті жүрегі әлсіздер де қиындықсыз жылдап ішіп жүрген дәрілер, сосын бұл кісіге шұғыл операция қажет еді, ал хирургия бөлімінің бастығы Қалекеңе айтсақ…

— Жоқ сен сөзді көбейтпе, себебін айтшы, неге ол өледі соны айт? -деді тістене темекісін күлсалғышқа түйгіштеген кентздрав.

— Ол кісіге терапия бөлімі тарапынан тиісті процедуралардың барлығы толықтай жасалып, уақыттары тіркелген. Алдыңғы күні бізге осындай диагнозбен түсіпті, кешке жағдайы нашарлаған, бірақ Қалмыр…

— Бұтақты жемей, айт! Неге Ол. Ө-ө. Ле-е. Ді-і??? — Кентздравтың көзі ашудан қитарланып кетті.

— Уффф, маңдайына жазғаны сол да, қайдан білем!!! Уақыты келгенде сен де Ө-ө. Ле-е. Сі-ің! Алдымен ана кеңкелес ініңе ие бол хирургиядағы! — деп айтқысы келіп кетті, бірақ оның мыңқ-мыңқ еткен сыбырынан кентздрав тек «Кешіріңіз, үлкен қателік кетті бізден, біз оны әу бастан қабылдамай, қалаға жіберуіміз керек еді. » дегенді түсінді.

Ұлы ойбай, айқай шу, жаға жыртыс, көттен тебіс… ақыры бас дәрігер кентздравтың кабинетінен қашып шыққандай болды.

Ит ашуын мысықтан алады, глабраш ашуланып, қызметкерлерді жинап, бәрінің ит терісін басына қаптады. Тіпті, аурухана аспазшысы да кінәға ілікті. Кешегі ішегі түйіліп қайтыс болған бақташы Зимагор Карл, жай зимагор емес, бүкіл уәлаятқа аты айман кәсіпкер, меценат Есенкетті Ламайдаровтың күйеу баласы екен…
Шапалақтың ұшы бәріне тиді. Тіпті, бір терапевт жұмыстан қуылды. Дегенмен әр медперсонал жиналысты әртүрлі түсінді.

Айталық, Мәулен фельдшер, «Ссукаларға не жақпайд, ақша алсаң да еститінің ұрыс, алмасаң да ұрыс, менің баламды осылар баға ма, жұмыстың бәрін істейтін мен әнасс»

Қыдырәлі уролог: "Қалмырза бұтақбас жеп құртты бәрін, бұтақ та білмейд, заощник епті, соның кесірінен бізге тиеді нақ, тағы бір-екі адам өлмейінше оған ештеңе үйретпеймін дүрдаразға. Бәрібір айтар рахметі жоқ

Шығыс медицина маманы Жинь Мың Биао:
Ни ды шиң-шиң вей шыма бу хао?-деді. Онысы «неге сонша көңілсізсіз,» дегені еді.

Қалмырза қасапшы оташы:
«Ох қап-ай, главбрачтың туған күніне «подаркі» бермеп едім, соған ашуланып жатқан болар. 8- майға бөлімнен ақша жинап бір сыйлық беру керек болды.
***
Шымылдық.
Бөлісу:

8 пікір

satibaldi
 Праздник сатиры!
Aldeken
дайын сюжет… базарбаевситкомынссс…
Janasil
Күлеміз ау…
19852407
ия, жылау керек шығар
Gastarbaiter
Жылап жібермеу үшін күлемін © П. А. Бомарше
salta
респект и уважуха, кайным!!!
Tyulpan
Шығыс медицина маманы Жинь Мың Биао:
Ни ды шиң-шиң вей шыма бу хао?-деді. Онысы «неге сонша көңілсізсіз,» дегені еді.