Түрлі-түрлі бастықтар


Ашушаң ұрысқақ бастық

Өзін керемет сезініп қоятын бастық (жалған мақтау, жағымпаздыққа кет әрі емес)

Жерге ұра беретін қанішкір бастық

Әңгүдіктеу, менің айтқаным дұрыс деп, аузынан көбігі шашырайтын бастық

Үндемей сыртыңнан аңдып жүріп, оңдырмай түсіретін бастық


Жалпы адамдардың бастық туралы ойы осы шамалас

Тықақтап түк бітірмесе де типы жиналыс өткіз бергіш бастық

Бастықтың айтқандарын жүрегіңізге жақын ала бермеңіз. Ол өйткені, мынадай.
Сонымен, жаңа Айқаракөз бен Гастаның жазбасына пікір жазам деп, бастық туралы жазу ойыма келсін.
Бірінші бастық. Ол сатираға да, саясатқа да жақын адам болатын. Айлықты аз төлегені үшін кетіп қалдым ол жерден. Жазған мақалаларыма онша көңілі толмайтын. Шыны керек, өзімнің де көңілім толатыны шамалы еді))) Бұл бастық қарны қампиған, көзі тарбиған бақа сияқты-тын. Кабинетіне кірсең жыландай жиырылып, тітіркенген күйі шығатынмын. Бірақ, айлықты, еңбегіңді жемейтін честныйлығы бар-тұғын.
Екінші бастық. ойыбой, бұл туралы жыр таңды таңға ұратын шығар. Әлгі көңілдесің де, байың да жоқ, острый, сұранысқа ие емес журналиссіңдер деп жерден алып, жерге салатын нағыз қанішкірдің бірі еді. Бізді таң атпай жиып алып, "ұйықтап жүресіңдер, анау «Казправданың тілшісі Любовь Доброта мен Қазақпараттың тілшісі оқиғаның басы-қасында жүр, сендер саусақтарыңды сорып жүрсіңдер», деп бәрімізге жалпылай бір ұрсып тілімен безеп шығатын. Өзге газеттегі журналистің бәрі керемет, тек біз ғана елдің соңында қалып кеткен біреуміз әйтеуір. Құдай-ай, мұның сөздік қоры күн сайын жаңарып тұрмаса да, күн сайын 5-ақ рет жиналыс жасап, «Кәні не жаздың? не істеватсың?» деп тексеріп отырмаса бойына ас батпайтын нағыз тиран болатын.
Үшінші бастық, мә керемет бастық болды. Екінші бастықтың жүйкемді түтіп, қан қақсатқанын құдай көрді ме, үшінші бастық алтын адам болып шықты. Оны әлі күнге дейін алтын бастық деп аузымның суы құрып айтып жүремін. Менің журналистік шығармашылығыма көп әсерін тигізген, жазуыма шабыт беріп, өз стилімді табуға ықпал еткен белгілі публицист кісі.
Төртінші бастық яғни қазіргі бастығым да не только алтын, бриллиант адам. Иә, иә, өте жақсы адам. Адамның характерін, шығармашылығын, психологиясын жетік меңгерген, кең адам. Өте кеңпейіл, ақкөңіл, жаны жомарт, аңқылдап қалған адам. Тфә, тфә бастығыма тіл-көз тимесін, дені сау болсын деп күн сайын Алладан амандығын тілеп жүремін. Неге десеңіз, денсаулығы жоқ, жасы келіп қалған кісі.
Бөлісу:

30 пікір

satibaldi
… Алладан амандығын тілеп жүремін. Неге десеңіз, денсаулығы жоқ, жасы келіп қалған кісі.
Zhan
Күлме э менің бастығыма.  Сахармен ауырады.
satibaldi
Жоға, жеткізу формаңа жылап отырм.
salta
жаңа бастығың анда-санда керекке кіріп тұратын ба еді?
satibaldi
Өзің солай ұпай жинаушы ма едің?
salta
ұпайды басқаша жинаймын, басқашааааа... өйткені, орыс тілді еді…
aikarakoz
Не ма? Бастығыңыз Керекте отырады ғой деймін? Қазіргі бастығыңызды айтам
Zhan
Жоға, шал адам ғо. Оған жағынғым келсе, былай-ақ сөзбен зың ғылам ғо. Ол «Керекинфо» тұрмақ, оның жеке жұмыс столында керек десең компьы да жоқ, хихи. Аға буын ғо, түсіністікпен қара.
aikarakoz

Менің бастығым елуді еңсерген. Бриллиант демесем де, жеке өзім ашуланғанын көрген жоқпын, бастығым ретінде жақсы көрем, сыйлаймын. Менің әріптестер арасындағы ең жас қызметкер екенімді ескеріп, «біздің кішкентай» деген ат қойып алған . Сосын үнемі жиындарда маған өлең оқытады. Соған қарағанда, мені көрсе, көзіне өлең елестейтін сияқты
salta
өлең емес, жас кезі елестейтін шығар. желкілдеп шөп желкелердің артынан жүгіріп, өлең оқыған уақытын еске алар… сен солардың біріне ұқсайтын шығарсың
satibaldi
Өмірі ешкім көрмеген, бірақ бар екенін барлығы білетін бастықтар туралы неге жазбадың?
Zhan
Енді көзімді ашып көргенім осы төрт бастық. Айтпақшы, үшінші бастықты айына бір рет көрсек мәз болатынбыз. Кейде кабинеттен шықпай отырып алады, кейде зым-зия бір жаққа жоғалып кетеді, жұмыстың бәрін орынбасары мен журналистердің өздері атқара беретін. Мә, сондай кезде шыны керек, менің де бастық болғым келіп кететіні-ай. Рахат қо, қалаған уақытыңда келесің, ең высший айлық аласың еще, мақала да жазбайсың, черт боп жүгірмейсің.
kokbori
Менің бастығым шешем секілді десем көбі күлкіге айналдырады. Бірақ универ бітіріп аузымды ашып келгенде құшақ жая қарсы алып, бар білгенімен бөлісе білген адамға алғыстан басқа айтарым жоқ. Оның тек маған істеген жақсылығын айтпағанның өзінде, қанша жерден жоғарыдан ұрыс естіп келсе де, қарамағындағыларға ештеңе білдірмейтініне таң қалам. Ең бастысы осы ғой, себебі бастық завучқа, ол мұғалімдерге, мұғалім оқушыларға ұрысса, оқушылардан мейірімділік күту ақымақтық
salta
осы уақытқа дейін 14 бастық ауыстырыппын. әлі де ауыстырамын деген үміттемін...
Zhan
14 көңілдес ауыстырдым дегендей естіледі екен. Осы көктем біртүрлі басталды я.
satibaldi
14 бастық — бұл клиника.
salta
телеарна!!!  бірақ, әріптер өзгергенмен мағынасы өзгермейді екен ғой...
satibaldi
Бәсе, қаззақтардың телеарнасы шығар. 14 бастық тіпті аз онда.
salta
менің үйде 4 жыл декретте отырғанымды есептемегендегі сан ғой...
kokbori
бір мезгілде бірнеше бастық бола ма деп қалдым телеарнада, бас режиссер, бас продюссер, директоры, иті, шошқасы, журналистерге бәрі бастық әйтеуір, серікаббасшахыңдыссс
salta
бұл жерде тек генеральный директор туралы айтылып отыр, кәкүр-шүкір бастықтар көп қой а так… 4 жылда 14 бастық деген рекорд қой негізі
kokbori
еее, денсаулықбілімминистрлігіңдссс
Erbol
Меніңше бастықтың екі түрі бар. Біріншісі — Мәмбет бастық. Ол:
Жанына туған-туыс, жерлестерін жинап алуға құмар. Сын айтса шытынап шыға келеді. Бәрін мен ғана істеп жатырмын деп ойлайды. Өзінен жоғары жақтағылардан өлердей қорқады.Оларға қарсы сөз айта алмайды. Қарамағындағылардың жұмысын, жоғары жаққа өзімдікі деп есеп береді. Қызметкерлермен санаспайды. Олардың пікірі пікір емес. Кейде олардан жақсы ұсыныс-пікір естіп қалса, өзі пайдаланып кетуге құмар. Кәсіби мамандарды жұмысқа алудан өлердей қорқады. Айналасындағы адамдарға сенбейді. Өсек-аяңға қатты сенеді. Қарамағындағы кәсіби мамандарды тізеге басып, үнін шығармауға тырысады. 40 жыл жұмыс істеген, саланың майын ішкен маманға қарағанда оған қызметке жаңа тұрған туысы, жерлесі білгір болып көрінеді. Туыс, жерлесінің сәл артықшылығын асыра айтуға құмар. Өзіне мақтау айтса, масаттанып мәз болады. Пенделігі басым. Өзінің деңгейі жетпейтін қызметкерлерден арылып, қасына бала-шағаны жинап алуға құмар. Өйткені оларға бұйрық беріп, жұмысты орындату оңай. Ұсақ-түйек, өсек-аяң, гу-гу құмар.

Мықты менеджер:
Айналасына тек кәсіби мамандарды жинайды. Ол үшін туыс, таныс, жерлес жоқ. Бәрімен оңай тіл табысады. Қарапайым. Ол үшін қарамағындағы қызметкерлері бағалы. Бәріне тең, әділ қарайды. Әрқайсысын бағалап, қорғап отырады. Әрқайсысымен санасады. Өзінен жоғары жаққа ұсыныс-пікірін өткізе алады. Өсек-аяң, ұсақ-түйек ол үшін жат. Қызметімнен айырылам-ау деп қорықпайды. Ешқайда жалтақтамайды. Қызметкерлерінің білім жетілдіріп, дамуына үздіксіз көмектеседі. Қатаң талаптың адамы. Адамды істеген ісі мен кәсіби деңгейіне қарап бағалайды.
Marationok
Түсініктемең жақсы, бірақ одан қысқасы да бар сияқты.
Жақсы адам, жаман адам
xsanatos
Осы сіз Қилызаман братқа ұқсап бара жатқандайсыз…
a63a1
төртінші туралы бесіншісіне барғанда жазғанда ептеп ақиқат айғайлар ма еді??