"Күшік күйеу" 100 мыңыншы рет қойылды
Кеше Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында, белгілі жазушы, драматург Тахауи Ахтановтың «Күшік күйеу» атты шығармасының 100 мыңыншы қойылымы атап өтілді.
Негізінен, бұл – жастар тақырыбынан, ана мен баланың арасындағы қарым-қатынасты сондай-ақ, бой түзеп қалған қызы бар кез-келген ата-ананың баласының алдағы бағын ойлап, қам жеуі секілді өмірлік мәселелерді қамтитын сахналық туынды – қоғамның қай кезеңінде болса да ескірмейтіндігімен құнды. Бұл пьеса-алғаш, Жастар театрының сахнасында 80-ші жылдардың басында қойылған.
30 жылдан бергі уақытта бұл шығарма республика көлемінде мектеп, аула, кәсіпорын, түрме театрларынан бастап кәсіби сахналарға дейін неше түрлі труппалар тарапынан 99999 рет қойылған екен. 100 мыңыншы қойылым кеше Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында салтанатты түрде аталып өтілді. Бір қызығы бұл жолы қойылымда кәсіби актерлар ойнаса да, диалогтар мультидубляж арқылы жасалды. Яғни, көрермендер хормен бұрыннан бері жатталып қалған сөздерді бірге дауыстап отырды. Кеш соңында көрермендерге Ахтановтың осы танымал шығармасы бойынша викториналық қойылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар берілді. Ал, бұл қойылымды алғаш рет тамашалағандарға Тахауи Ахтановтың таңдамалы шығармалар жинағы берілді. Кеш облыстық филармония көркемөнерпаздарының концертімен аяқталды.
21 пікір