СЕН МЕНІ ЕСІҢЕ АЛ....
Менің өмірімдегі сәулелі сәттердің көбі Алматыдағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп – интернат қабырғасында өтті десем қателеспеймін. Тоғызыншы сыныпта сол мектепке қабылдандым. Сыныбыма менен басқа қабылданған сегіз қыз бар. Өскемен, Семей, Нарынқол, Шымкент, Талдықорған, Балхаштан келген тоғыз қызды 316-бөлмеге орналастырды. Тоғызымыздың мінезіміз, сөйлеу мәнеріміз тоғыз түрлі. Бұл туралы әңгіме бөлек, менің айтпағым басқа еді…
… Оныншы сынып. Жексенбі. Бұл күні үйлеріне кеткен оқушылар кешке қарай келе бастайды. Мен бұл күні интернатта қалғанмын. Бөлмені жинастырып, кітап оқып отыр едім. Бөлме есігін әлдекім қақты. Ішке кірген баланы сырттай танитыным болмаса, жақын араласып көрмегенмін. Ол менен бір сынып жоғары оқитын Мерей еді. «Кіруге бола ма?» дегеннен басталған әңгіме тым ұзаққа созылып кетті. Кеш болды. Оқушылар келе бастады. Сол таныстықтан кейін жиі кездесетін біз жақын достарға айналдық. Оның туған жері Тараз болғанмен, өскен жері Алматы қаласы. Сырт көзге әдебиетке жақын адамға ұқсамайды: орыс тілді, тік мінезді, үнемі күліп, әлдекімдерді келеке етіп жүреді, темекі шегетін әдеті бар… Менің жанымнан оны көрген сайын тәрбиешім «Адамды досына қарап таниды. Жөні түзу дос таппадың ба?!» деп ұрсатын. Басым ауған жаққа кетіп қалатын әдетіммен мектеп қақпасының сыртына шығып, өзен бойымен серуендеп жүргенде менің артымнан үнемі сол Мерей іздеп келетін.
— «Заринадан аулақ жүр!» деп ұрсатын тәрбиешің сен жоғалып кетсең не үшін іздеуге мені жіберіп қояды а?! – деп «ашуланатын». Назерке есімді қызы бар, екеуінің бір жүретін сәттері сирек. Екеуі болмашы нәрсеге бола ұрсысып қала беретін. Оқу жылы да аяқталып қалды. Оның мектеп қабырғасынан түлеп ұшар күні де таяды. Бірде оған «Көктөбеге барып, түнгі Алматыны тамашаласа ғой» деген тілегімді айтқанмын. Ол үнсіз қалды. Арада бір апта өткенде мен күтпеген жай болды. Түнгі он екіге қарай бөлмемнен шығып, балкон алдында тұрған креслода өлең жазып отыр едім:
— Зарина!- деген дауыс шықты. Селт еттім. Қарасам, қарсы алдымда Мерей тұр. «Түннің бір уағында қыздар жатақханасында не істеп жүр, қалай кірді?» деген сұрақ мазалап отырған менің ойымды оның:
— Тез, тез, қалың киініп шық. Көктөбеге барамыз,- деген сөзі бұзып жіберді. Мен «Неге? Қалай?» дей беріп едім:
— Тезірек, қазір мені кезекші көріп қойса жақсы емес,- деді. Қалың киініп шықтым. Екінші қабаттан бірінші қабатқа түстік, бірінші қабаттағы баспалдақтың астында тысқа шығатын құлыптаулы есік бар екен. Досым сол құлыпты бұзып кірген бе, әлде бұрыннан бұзылған ба, ол жағын білмеймін, әйтеуір далаға шықтық. Жүрегімнің дүрсілі жиілей бастады. «Күзетші көріп қойса не болады?» деген ой маза бермей келеді, ал біздің бұл «қылмысымызды» Құдайдың көріп тұрғандығында шаруа жоқ… Біздің мектептің жанында №17 мектеп – интернат бар. Соның жанына келгенде бірнеше адамның сұлбасы көрінді. Сөйтсем Мерей өзімен бірге үш сыныптасын ертіп алыпты (екі ұл, бір қыз). Бесеуміз Көктөбеге қарай бет алдық. Бұрын мен жүріп көрмеген жолдармен жүрдік, ағаштардың арасы. Бесеудің біреуі мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісінің баласы. Содан ба білмеймін, көңілім алаңдауын қойды. Көздеген жерге де жеттік. Шынымен де «Алматы алақандағыдай» болып көрінеді екен. )) Сондай әдемі көрініс, сондай таза ауа. Қалада ғиматартарының терезесіндегі жарық пен жол бойындағы жалт – жұлт еткен шам жарығы адамды ерекше әсерге бөлейді. Құдды бір аспандағы жұлдыз атаулы жерге орналасып алғандай…
… Таңға жуық мектеп ауласына да келіп жеттік. Бөлмеге кіргенім есімде, ары қарай жастыққа басым тие сап ұйқыға кеттім. Сол күні «әр түрлі себептермен» бесеуміз де сабаққа бармаппыз. Кейін Көктөбеге кету Мерей екеуміздің әдетімізге айналды, бірақ түнде емес, іш пысатын кейбір сабақтардан қашып баратынбыз…
*** *** ***
Мен он бірінші сынып бітіргенге дейін ол хәл сұрап келіп тұратын. Оны соңғы рет СДУға (Сулейман Демирел атындағы қазақ – түрік университеті) келгенінде көрдім. Одан бері бес жыл өтті. Сырттай кімге қалай көрінсе де, мен үшін жан дүниесі таза, мейірімді, ақкөңіл сол досымды сағынып жүрмін. Бәлкім жиі емес, бірақ оның да мені есіне алатынын білем. Мүмкін тағдыр тағы да кездесуді жазар, мүмкін жазбас. Ол маңызды емес, маңыздысы – оның амандығы. Адам өмірге жалғыз келіп, жалғыз кетуі заңдылық. Олай болса, достардың да өмір бойы бірге жүрмей, екі жаққа кетуі де заңдылық болар.
Көңіліңді кейде мұң басқанда,
Өзіңмен оңаша сырласқанда,
Үңіле қарап түнгі аспанға,
Сен мені есіңе ал, досым.
Мен сенің жаныңда болмасам да,
Басыңа бақ болып қонбасам да,
Самал желден сәлемді жолдасам да,
Тілекшің боп қалам, досым!..
Бір мезетте жарық сөніп қалды. Есік сықырлай ашылды да, салқын леп бетімді үрледі. Мен үрейлене:
— Кім бұл? — деп жәймен сұрап едім, ешкім жауап бермеді. Жалма-жан шырпы тауып алып, жағып қалып едім, көзім айнаға түсті. Айнадағы бейнемнің артында қап-қара біреу тұрды. Артыма қарап едім, ешкім көрінбеді.
Жарық ақыры жанбады. Қараңғыда ұйықтауға тура келді. Көзім іліне бергені сол едім, біреу көрпемді үстімнен жұлып алып, өзімді қылқындыра бастады. Мен:
— Сонымен атыңды атпадың ғо, бауырым? — дедім байсалды болуға тырысып. Жауап ретінде құлақ тұсымнан сыбыстар естіле бастады:
— Мен — Самаэль. Мен — Вельзевул. Мен — Питон. Мен — Велиал. Мен — Асмодей. Мен — Люцифер. Мен — Әлімгереймін ғой, — деді…
Әбдразақ барда ол неғып жүр десейш мал әкең
Жақсы дос жаман туысыңан жақсы.
Жақсы көрші алыс туысыңнан жақсы, — қалай еді әлгі мақал үмытып отырмын