Би Өнері

Мен өмірімдегі ең керемет, жақсы көретін ісім — ол билеу. Билегенде ішіндегі барлық уайым естен шығып кетеді. Мен өзім робот, хип-хоп және атақты поп-жұлдыз Майкл Джексонның биін жақсы білемін. Үй жақтағы балдар мені Майкл Джексон деп атайтын. Себебі, оның билерін айнытпай билейтін едім. Ал қазір оны ұмыттым. Қазір бреак биін үйренгім келіп жүр. Ол маған өте қатты ұнайды. Шаг вперед 1,2,3,4 киноларын күнде карап, билерін үйренемін. Тіпті, оларды жаттапта алғанмын. Үйде тарсылдатып билесем, анам келіп «сен босқа өзіңді шаршатпа, сеннен ешғандай биші шықпайды»- деп басып тастайтын. Өзім кей-кезде анамның айтқан сөздеріде дұрыс шығар деп ойлаймын. Қалай ойлайсыздар меннен биші шыға ма???
Бөлісу:

19 пікір

Nurshat
биші шығады сенен, "Қара жорға" билей аласың ба? әуелі соны биле баурым)))
satibaldi
Қалай ойлайсыздар меннен биші шыға ма???
Медиумдар Клубының мүшелері өткен айда банға жіберілді, біздер тек билеген видеоңды қарап қана айта алатын сияқтымыз.
Aya
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
ademi_alem
Қалай ойлайсыздар меннен биші шыға ма?
Оны анықтау үшін биіңізді көру керек шығар. )) Екіншіден, сізден биші шығатын, шықпайтынын өзіңізден артық ешкім білмес. Қабілетіңіз бен еңбегіңізді ұштастырып, биге көбірек уақытыңызды арнап, өз өзіңіңізбен жұмыс жасасаңыз қалағаныңыздай биші боларсыз.
rakisheva
Өзіңе ұнаса биші бол. Күшті ғой билеген  Бірақ satibaldi ағай айтқандай видеонды салмасаң
Қалай ойлайсыздар меннен биші шыға ма???
деген сұрағыңа жауап беру қиынға соғады
patick
Шаг вперед 1,2,3,4 киноларын күнде карап, билерін үйренемін.

Бұл жерде аздап өтірік соғып жібердің енді. «Шаг вперед 4» әлі шыққан жоқ.
ADI
«Шаг вперед 4» әлі шыққан жоқ емес. Негізі бұл кино шықты мен өзім интернеттен қарадым.
Sabions
дәлел ретінде ссылка лақтырып жібере ғо… бірақ шыққан жоқ әлі
patick
Мені лохқа санап отсың ба? Сөзіңе жауап берш, ал
Gastarbaiter
Мені лохқа санап отсың ба? Сөзіңе жауап берш, ал
Гопник детектед
ADI
Бәріңізге рахмет келісі жолы өз видеомды салып көрсетемін.
kokbori

би деп балетті айтады
Marationok
Бұты жыртылайын деп жатыр ма? көзім жетпей тұр
omarbirat
робот
Электрик буги шығар, айтып отырғаның. Негізі, ол да сол брейкке жатады.

Лос-Анджелестік Крипс бандасының биі C-Walk'ты үйренсең, Қазақстанға жаңа тренд әкелген болар едің


Видеоңды сал.
SaryQazaQ
Ади, жазбаң жақсы. Би өнері туралы өз білгендеріңді бізбен бөлісіп тұр. Жалпы қара жорға болсын, балет болсын, жоғарыдағы бір бірінен айырмашылығы жоқ с-walk билерін түсіне бермейтін адаммын. Түсінуге тырысып көрейік
SaryQazaQ
ади, мүмкін сен шаг перед төрттің трейлерін ғана көрген боларсың?