Мұхтар Мағауин "Шыңғыс хан"

Нақты тарихи мұралар негізінде жазылған, деректі роман, дербес еңбек «Туған жұрт» ғылыми қауымға, көпшілік жұртқа және жас ұрпаққа арналған. Көкейге қонымды, жеңіл тілмен баяндалып жазылған. 603 беттен тұрады. Айқындама сөзін «Дүйім алаш жұртына тағзым!» деп бастаған. Далалық Еуразия, Дерекнама және зерттеу, Шыңғыс ханның ата тегі, Ұлы даладағы рулар мен тайпалар, Шыңғыс ханның мөр тамғасы, Белгілі бір атаудың мәнісі, Көшпенділер болмысы, Тақау көршілер атты сегіз тараудан құралған.

Атақты жазушы Мұхтар Мағауин өткен 12-13 ғасырлр көлеміндегі Орталық Азия болмысын кеңінен қамтып, бүгінгі жұртшылық алдына таратуға ниет еткен «Шыңғыс хан» атты деректі тарихи роман 4 кітаптан тұрмақ. Оқырман қауымға ұсынылып отырған бірінші томы «сайыпқыран» Шыңғыс ханның дүниеге келер қарсаңындағы Ұлы дала суретін жасайды. Шыңғыс ханға қатысты қадым тауарихті төрт топқа бөліп қарастырады:
    Мұсылман деректері
    Қытай деректері
    Батыс Еуропа деректері
    Далалық шежірелер
.
Басым көпшілігі кейінгі қазақ құрамына құйылған, түрік текті ру тайпалар шежіресін түзіп, олардың дәстүр-салтын, әдет-ғұрпын, кісілік қасиеті мен рухани кейпін әйгілейді. Осы дәуірдегі халықаралық, тарихи және әлеуметтік жағдайларды айқындайды. Бір сөзбен айтқанда, бірінші кітап бүкіл Шыңғыс хан тарихының түсіндірме сөздігі есепті.

Өз басым әлі оқып біте алмай жатырмын. Кітап қолыма жақында түсті. Сөздік қорымды байытып, бірнеше сөздер қосып алдым Мысалы, дақпа-дақ, қадым тауарих, 20 ықылым, сыпаттама, соқталы еңбек, ұтырлы саясат, әсіресі мен асырасы тұрыпты деген сияқты.

«Айқындама сөзіміз» деген кіріспе алғы сөзінде автор:
" Сайыпқыран Шыңғыс ханның аруағы риза болғай. Қадым заманда жасаған асқаралы даңқы дабылдай берсін! Енді келесі кітаптарға кірісеміз. Өткен дәуір емес, жақын күндер, алыс болашақ үшін. Ұрпағымыздың мерейі мен мәртебесі үшін!.." дейді.

Айтқаныңыз келсін Мұхтар ата. Тәңірі қолдасын!.. Осы еңбегінің тарихты бүгінде бұрмалап, сан саққа таратып жүрген даулы Шыңғыс хан тарапындағы әңгімелерге қойылар нүкте екеніне мен сенемін
Бөлісу:

103 пікір

Aya
Кітапты «Дәуір» баспасынан алуға болады.
Nurshat
«Жұлдыз» журналынан оқып жалғасын таппай жүр едім, тамаша хабарландыру,
kokbori
Ойыңды жақсы білдірген екенсің, бірақ осы кісінің моңғолды тым дәріптеп кеткенін ұнатпаймын. Одан да көркем туындыға арнамай ма қабілетін. Газеттен алған (Жармақ), кітаптан алған (Шыңғысхан)мағұлматты жазып, қуысты толтырғанша
Aya
Сіз Мағауин шығармаларын оқымай тұрып, қалайша ауыз толтырып мынадай пікір айтуға дәтіңіз барады?
Одан да көркем туындыға арнамай ма қабілетін. Газеттен алған (Жармақ), кітаптан алған (Шыңғысхан)мағұлматты жазып, қуысты толтырғанша
Өз ақылыңыз өзіңізге. Ақыл, кеңес бергенді жақсы көред сиятысыз, хм
kokbori
Мен ЖАрмақты оқығанмын, ал Шыңғысханның қайдан алынғанын өзің жазып отырған жоқсың ба?
Ал Жармақтың БАҚ тан алынған материалды көркем тілмен ғана жазылғанын өзің оқысаң түсінер едің, әсіресе Азаттық радиосының жаңалықтары
Aya
Жалғыз Жармақпен жазушыға баға бере салу оңай емес. Бұрнада жазғандарын қайда қоймақсыз?!
kokbori
Менің жазғандарымнан Мағауин нашар жазады дегенді оқып па едің? Тек осындайға тым шүйлігіп кеткенін айттым. Нағыз болмаса бірінші пікірімді қайта орналастырайын:
Ойыңды жақсы білдірген екенсің, бірақ осы кісінің моңғолды тым дәріптеп кеткенін ұнатпаймын. Одан да көркем туындыға арнамай ма қабілетін. Газеттен алған (Жармақ), кітаптан алған (Шыңғысхан)мағұлматты жазып, қуысты толтырғанша
Marationok
Қайдан алуға болады? Электрондық нұсқасын?
Nurshat
Жұлдыздан немесе танысыңыз болса «Дуір» баспасынан
Marationok
Жұлдыздан немесе танысыңыз болса «Дуір» баспасынан
Nurshat
оқу керек Көкбөрі, дауласа бермей, Мағауйын маң, сәлиқалы жазады, оқымай тұрып оқыс пікір айту алаштың азаматына асылық болмақ (ақылым емес...)
kokbori
Бәрібір «Жармаққа» көңілім толған жоқ. әйтпесе Мағауиннің жағасына жармасып не көрініпті. Әдебиетке публицистиканы араластырғандай болып көрінеді. Ал қоғам шындығын көрсеткісі келсе, ол Мағауиннің өресі одан артық болатын. Демек, қазақтың кең даласының ауасы жетпей жүр де
Aya
ақыл, кеңес айтады еще диагноз қойғыш бес аспап, ықы ықы ық)
kokbori
Несі бар, оған аса бір ғұламалықтың керегі болмас, оқырман ретінде ойыңды айтқанның несі әбестік. Мықты жазушы екен деп не айтса соны қабылдай беру талғамсыздық емес пе? Онсыз да осы кезге дейін тізілген сөз кездессе оқи беретін ауруға ұшырап келдік
Aya
келісем келісем, әр кәллада әр қандай ой барына.
Мықты жазушы екен деп не айтса соны қабылдай беру талғамсыздық емес пе?
мына ақылға тағы ақыл айта салайын(сізден үлгі алдым): кеуек бастан ауызыңа келгенді лақ еткізу де әбестік десем қалай?
kokbori
Оған мен де келісем, бірақ сол ақылдан өзің дәм татпайтының таң қалдырады да
Aya
осыдан келіп шығады ғой, ақылың артық болса өз басыңа езіп жақ деген Менің біреуге ақыл айтуға шама шарқым жоқ негізі. Тек сізден үйренгенім бойынша, практика жасаватқам.
Nurshat
«Жармақтың» әдебиеттегі жаңалық екенін біледі оқығандар, алайда Әдебиетке публицистиканы араластру, бұл екінің бірінің қолынан келе бермес. ауасы жетпеді емес шығар, бәлкім атмосфера ластанған шығар (қоғамның)
Marationok
Әдебиетке публицистика қосылса, ол бір фильнің сценариі
Abilakim
Мағауиннің жақсы жазушы екеніне дау жоқ.ол кісінің шығармалары киноға сұранып тұр деп талай жаздым.Оқыған "Қазақфильм" жоқ.
Қолымызға түссе оқырмыз, керек емес кітаптан да керек мағұлымат алуға болады негізі.Ал, Шыңғыстың кім болғаны маған бәрібір.
zhanibek_nurish
еее, «Жармағын», не «Шыңғысханын» қайдам, әңгімелері, повесттері тамаша. Қысқа жанр жеп алсақ, дұрыс-ау! Бұл «Жармақ» пен «Шыңғысханды» оқымаған деген сөз емес. «Жармақтың» миға ауыр тиіп, балансталған күйде берілген диалогтары күрделі. Ал, «Шыңғысхан» тұнып тұрған адам есімдері, жылнамалар, жер-су аттары. Бәрінен де «Жармақтың» «Жармақ»деген атауы мен мұқаба суреті тапқырлық, креативке толы,
ken
Қысқа жанр жеп алсақ, дұрыс-ау!
иә, обед те болып қалыпты
zhanibek_nurish
енді көріп отырмын, дұрысы "Қысқа жанр деп алсақ, дұрыс-ау". Осылай оқи ғой
zhanibek_nurish
Десе де, ол кісі біз баға беруден өтіп кеткен адам.
janarbek
Керемет жаңалық,Іздеп журып тауып оқыуға тырысам!!!
Ағаның барлық кітаптарын жыйып келем.тіпті бәрі өз қол таңбасында жаздырып алған едім,Өз «Алдаспанын» көріп бетіме бажырайа қарап бұл қайдан жүр деген -еді ..)))

Сол жолы…… Мұқтар аға осы Шынғысханға материал іздеп Монголдың тау тасын аралап шықты.Жанында біздің жақтың ақыны Сұраған бар еді.
Сұкең айтады-Солай жүріп… Култегінің басына барып Шатыр тігіп жатып алдық.Сол куні кун бата жауын жауып шатырымды ұшырып кете жаздады. Мені қойшы Мұқтар ағаның шатыр ұлкендеу еді барып байқаиын деп барсам шытар есігі ашық жел кеулеп тур ., Жауында себелеп желде кушеиіп барады.Ақыр іздеуге көштім төңіректе ештене көзге көрінер емес.Кенет найзағай жарық етіп төңірек көрініп қалғанда байқап қалдым Култегінің тасында аға жабысып тур жүрегім тас төбеден шықты.«Аға не істеп турсыз» -деп жанына барсам аға-«Тыныш! Аруақтармен тілдесіп турмын»- дейді.«Мен арыда, беріде жоқ қалшыйдым да қалдым,үсті басым су-су болып»- деп әнгімелеп беріп еді.

Айтпағым Мұқтар аға бет алды көп итше ұріп қай қайдағыға қалам тіремейді, Қазаққа қатысы болғансоң, бұрынғы жазылғандар көңіліне шықпаған соң тың деректермен Қазақы көзбен жазып шықан болу керек…
Кітапқа қызығып отырмын.тірі жүрсек тауып оқыйтын оқуға жазсын да))))
Aya
Мұхтар ата былайынша дәті берік, қырсық сияқты көрінгенмен өте мейірбан, көңілшек адам. Туған жерге келіп, қайтар кезде қоштасарда қимай, көңілі босап, жылаған еді. Әлі есімде. Мына пікіріңіз мені толқытып жібергендей, шынымды айтсам
zhanibek_nurish
Иә, мені де толқытты. Қолтаңбасын жаздырып алғаның қызықтырып барады.
janarbek
Рақмет!!! Алдаспаны әкемнен қалған, Аласапыранын өзім сатып алғам 3 сом 30 тыиынға.Ал ҚазақТариқыныңӘліпесін Алматыға барып жүргенде алған едім.
zhanibek_nurish
Тамаша, ал менде бір кітабы жоқ. Жұрттан сұрап, кітапханадан алып ғана оқып жүрмін. Жармақтың электронды нұсқасы ғана бар.
janarbek
Былтыр кузде Астандан қазақ кітап іздеп таппадым барған жерім бәрі орысша кітап болды… Ақыры өшімді Астаналық М.Серіктен алып оның барлық кітабын алып кеттім...))))Сонғы жылдары Негізі құдай бере салған анқылдаған Қазақстандағы(ғаламторда танысқан) достарым кітап жіберіп турады.Әйтпесе біздің жақта қазақ кітап қызыл кітап тізімен кіріп кеткеніне 20 жыл.
zhanibek_nurish
Иә, Баян-Өлгейде қазақ ктіап аз болғаны қиын екен. Астанадан неге таппадың? Бар болатын, бірақ расында да аз. виртуаль болған соң, «сен»-мен сөйлесіп отырмын. айып болмас, иә
janarbek
оқасы жоқ алаңдама!
ой аз жүргем жоқ, бүтін кун аралап таппадым.Негізі бас қалада қазақ кітап жоқ деу өтірік әрине мен қазақ кітап сатылымда өтпейтін жерлерде жүрген секілдімін. Қайта Алматыда керемет.Осы керектегі Мейіржаның өзі бір құшақ кітапты устата салғанда енді әкем тіріліп кеп көтерісетіндей қуанып едім.Алматыдан Әр көшеден ақ өз қалуыңша қазақ кітап табасың.
Aya
Қайсы Мейіржан??
Aya
Бәстесіп едік, жеңілдіңіз бе=)))
janarbek
йә штрапқа дайынмын)))
zhanibek_nurish
иә, ол жігіт кітап оқығанды, кітап дүкенін аралағанды ұнатады. Бір құшақ кітап ұстатып жіберуі құптарлық жайт. Десе де, Астанада қахақша кітап аз екені анық. мен де сирек кездестірдім. Кітап дүкені де аз…
zhanibek_nurish
Шығып, «Жұлдызда» үзік-үзік болып, жарияланғанына біраз болды. Осы қыста «Меломан» дүкендерінен көрдім, 1250 теңге болу керек бағасы, ұмытпасам
zhanibek_nurish
Өткен жылы бір жиында "Қазір қазақ әдебиетінде көзі тірі екі классик жазушы бар, бірі Әбіш Кекілбаев, екіншісі Мұхтар Мағауин" дегенді естіген едім.
janarbek
Йә Мұқтар аға не істеседе өте ұлкен оймен істеиді.
Бұл әнгімені Ерлан Қарин естіп Сүкеңді шақыртып алып өз аузынан сұрап біліп таң қалған еді.
Сүкеңнің осы әнгімесін алашшы Түрсын Жұртпайда естіп ол кісіде толқыпты… Сонда Түрысны аға «мен тасты бір кун емес мың кун құшақтасам да ештене түсінбес едім,қайта суық тигізіп аурып қалар едім»-деп елді қыран топан кулкі етседе ұлкендердің сөздерінде ұлкен астар бар еді..(Түрсын ағадай, Ерланда тасты құшақтамасада)) Шынғысқаның жұрген жері Монгол даласын аралап Култегінді көріп қайтты.
dark_nazgul
Мамаларға алып беру керек екен. Олар оқып болған соң, өзім де оқимын.
zhanibek_nurish
тездете ғой, енді
dark_nazgul
жүгіріп бара жатырмын…
zhanibek_nurish
қай жерден, неше теңгеге сатып алынғанын білгім келеді!!! күтемін
Tattikyz
Ая жақсы жазыпсың. Мен осы кітапты таба алмай жүр едім. Өте қажетті ақпарат екен. Рахмееет!
ADI
Кітаптың суреті әдемі түсірілген екен.
satibaldi
Оқыған жоқпын, бірақ нашар шығарма болса керек.
janarbek
әй satibaldi алғырсың ғой, солай солай!
оқымаған шығарманың бәрі нашар болды ғой )))))
satibaldi
Жоқ, мен әдетте қаззақ мақтай жөнелген шығармалардың құрыған боып шығатынын білем де.
izbasar
Бұл кітап Меломанда бар екен. 1900 теңге тұрады.
satibaldi
Анау Муха да оңбайд, мынаусы да қуад.
Gastarbaiter
Мағауин шынымен мықты жаза ма? Қазір әлемдік әдебиет нарығының адам сенгісіз бәсекелестік деңгейінің апогейіне жеткені соншалық, үш тіл білетін адамның топ он кітабына сұранған шедеврлер саны бірнеше ұрпағына жетеді. Бізле заманауи проза жанрында жазатындар бар ма?
Екі бетке өзінің метла байлығын көрсету үшін сюжетке мүлде қатысы жоқ боқтан өзгені сипаттап өзі бітіріп тамсанған жазушыларға шығын қылатын уақыт та жоқ.
satibaldi
Сол, метла байлық көрсету үшін жазатын кісі. «Аласапыранынан» кейін көңілім қалған ертеректе.
Aya
Метла байлығын көрсету үшін демекші. Заманауи прозаны жас буын өкілдері жазып жатыр ғой?! Не болды сонша, алпы емес, жетпістен асқан шалдың сақалымен жағаласып. Ауызында дуалы сөзі бар ақсақал деп сыйлауға болмай ма?! Сіз өмір сүрген қоғам мен ол кісі өмір сүрген дәуір басқа болды. Ауыз, қолыңыз өзіңіздікі екенін білемін, алайда текке кінәламаңыз сіз! Мен сізді де кінәлап отырғам жоқ. Прост, Мағауин жайлы кереғар пікір айтылса бір түрлі болып қаламын.
e_zhalgas
идеал ешкім жоқ, қанша жаста болмасын. өнерде кінәлеу болмайды, ұнайды, не ұнамайды деген ғана болады. Сатыбалдыға «Аласапыран» ғана ұнайды екен, бітті!
AKY
«Аласапыран» ұнамайды дегің келген болар?
e_zhalgas
одан факт өзгермейді
Gastarbaiter
Ия деп құтылуды білмейсің-ау, пікірталасшының "Қабаған-Ит" фазасындамысың?
e_zhalgas
құтылу ойымда жоқ еді
Gastarbaiter
Мәселенің құтылуда емес екенін сен де түсініп отырсың Мылтықтың дүмімен сүйіспейінше мойындамайтын сияқтысың Зоя Космедемьянская.
Aya
Түсіндірме сөздік:
бітті!
— қойши, болды!
satibaldi
Ауызында дуалы сөзі бар ақсақал деп сыйлауға болмай ма?!
Болмайд. Ұлылық — бір рет алып алып, рақаттанып отыратын дүние емес, ұдайы дәлелдеуді қажет ететін биіктік.
Aya
Ұлылық — бір рет алып алып, рақаттанып отыратын дүние емес, ұдайы дәлелдеуді қажет ететін биіктік.
«жапқсыпы» айтылған сөзіңіз екен
satibaldi
Ішпесем айтам мен де кейде. Жалпы менің — өзім де рас, сөзім де рас(Мания величия, IV кезең, ем жоқ).
Gastarbaiter
Базар жоқ амиго, қысқасы: ұлы адамдар болмайды, ұлы істер болады.
KeSHa
Не бір рет алып алып, өліп қалу керек дейсіз...)))
Gastarbaiter
Гоголь есіме түсті неге екенін. Ол да өмірінің соңғы шағында бұтақты жеп кетіпті.
e_zhalgas
"қыпшақ аруы" жақсы! оқып көр! сосын, екі мыңнан кейінгі жылдардағы әңгімелерін оқуға болады!
satibaldi
Бұл жылдары шалл прозадағы трендтерді жақсы аулап алса керек. Бірақ кейіпкерлерінің әсіре монументалдығы жүйке жұқартады.
zhanibek_nurish
«Тапқыр торайына» жетері жоқ,
Armanjan
Бірде Ш.Айтматов айтыпты: қазақта екі Мұхтарды танимын бірі Әуезов, екіншісі Щаханов деп. Ал үшіншісін (Мағауин туралы айтқаны ғой)мүлдем естімеппін, ондай да жазушы бармеді депті. Ол кісі де тектен-текке айтпаған шығар. Сосын менің ойымша кез-келген ұлтқа қатысты мәселені тек сол ұлттың өкілі ғана нақты зерттеп, жетесіне жеткізе ала ма деймін. Мысалы «Көшпенділер» фильміндегі рольдерді шетелдік артистер сомдағанда қаншама сынға ұшырады, сол себепті Шыңғысхан туралы тек моңғол зерттешілері жазса ғана ұтымды шығар, ал басқалары олардай сезініп жаза алмас.
satibaldi
екіншісі Щаханов деп.

Тісін суыртқаннан кейін жасаған мәлімдемесі болса керек…
Armanjan
Түзету уақыты өтіп кетіпті
e_zhalgas
онда, калашников пен янды эшафотқа
janarbek
Шыңғысхан туралы тек моңғол зерттеушілері жазса ғана ұтымды шығар, ал басқалары олардай сезініп жаза алмас. 

Монголдар Шынғысханың әйтеу бір әлемдік тұлға жасағаны болмаса Шынғысхан жайлы деректі басқа ұлттан қотарып жазып масайрап жұр.
Шын мәнінде Монголдырдың қолында Шынғысхан жайлы жалғыз "Қупя шежіреден" бәсқа құйқада жоқ.Ол шежірені Монголдан бүрын алдымен Қытай сосын Орыс және Эвропадан Немістер мықты зерттеді қазір АҚШ қабірін іздеп жүр, сонғы кезде Шынғысхан ұрпақтарынан Жапонялықтар қан құрамын зерттеп жатыр.(Қазақстандық төрелерде қан құрамын беріпті)
Ал Монголдар елдің аузына қарап соның бәрін жыйнастырып даяр асқа мәз майрам.Шын мәнінде қазргі монголда Шынғысхан жайлы бір тамшы дерек,қылшықта жоқ!!!

Соған қарағанда Мұқтар Мағуйның шынғысханды қалай жазсада сол Монголдардың өзінен артық дерегіде бар тариқыда жетерлік.

Қазақ қазақ болып турғанда біз еш қашан Шынғысханан алыстай алмаймыз қашанда бір тариқымыз соған кеп тіреледіде түрады.
Сондықтын Мағауйн жазғаны біз ұшін бір қырынан көзқарас қалыптастыратын болу керек деп ойлаймын.
kokbori
Шыңғысханның он алты миллион ұрпағы бар екенін баяғыда айтыпты ғой, қайда жүрсің?
janarbek
Сіңіп жойылған Шынғыс ханың ұрпағын қойып қазіргі Монголдың жеріндегі адам саны сондағы 150,000 қазақты қосқаның өзінде 2 миллонан әрең асып жығылады сонда Шынығсханың 16, миллион ұрпағы бар деген ақпаратқа адам сену қыиын.
ken
оның ұрпақтары бірнеше халықтардың құрамында ғой
janarbek
16 елде бар деиді, енді Шынғысханың ұрпағы қасқыр емес шығар жылында 16 кушік табатын
ken
Шыңғысханның ұрпағы егер қасқыр секілді жылына 16 күшік табатын болғанда, онда қазір олардың саны 16 миллионнан да көп болушы еді
kokbori
Монғолдың бәрі Шыңғысханның ұрпағы деп айтуың қате. Шыңғысханның тегі монғол ма, басқа ма, белгісіз ғой. Оның үстіне Шыңғыс ұрпақтар кезінде монғол түгілі Қытайды (Құбылай), Үндістанды (Бабыр), Таяу Шығысты (Құбылай ұрпағы, ұмытпасам), Орта Азияны (Жошы) сұраған емес пе?! Демек бұл он алты миллион адам шыңдыққа сәкес келмей ме?
janarbek
Монғолдың бәрі Шыңғысханның ұрпағы деп айтуың қате.

Монголдағы монголар Шынғысханың қан құрамы жағынан жақындамай тіпті маң қарасын көрмей жатыр.Ана монгол ғалымға сенсек монголдағы азғана санды Шынғыс ұрпағы және қазақтағы төрелер және ресейдегі Сақалар деді ғой деимін санаулы ұлтағы Ұлтар ғана Шынғысханың қан құрамына жақын екен.
KeSHa
Мағауин бұл тақырып төңірегінде көптен бері ізденіп келеді ғой. Шығарса, шығарғаны дұрыс шығар)))
satibaldi
Идиотизм.
Ескендір Зұлқарнайдың шығу тегіне көшсек қайтеді қаззақтар? «А не пора ли нам замахнуться на Вильяма, так сказать, нашего — Шекспира?»©
kokbori , сен тобырдың арасынан: «Давно пора!» деп айқайла.
dark_nazgul
Соның шынымен мүйізі болған ба?
kokbori
Жоқ, тек дәріптеуден шыққан ғой, ана С. Мұқановтың "Өмір мектебінде" ғой дим, сонда Тоқсан ба, Тосқын ба, бір байдың дәрет алғанын көріп, «мә, Тоқ… сиіп жатыр» деп үйге жүгіріп келгені бар еді ғой, сол сияқты бірдеңе де
dark_nazgul
Мұхтар Мағауиннің Керекинфоға өкпесі жоқ шығар.
janarbek
Қазір Монголдардың өздері қатты қызығып дау тудырып жатқан Шынғысханға жақын қандылар ДНК құраманда Батбаярдың қызы Хэрлэннің зертеу нәтижесі былай шығыпты
Қазақатар 66 пайыз жақын
Орыстағы Буряттар 60
Монголдағы Халқалар 57
Қырғыздар 16
Корейдер 12
Өзбектер 7-12 пайыз жақын екен деп шығарыпты қортындысын.
Батбаяр қызы Хэрлэнің өз жазғанын көріңіздер төменде
satibaldi
Бітті: национал-патриоттар тура принтерден басып шығарып жатқанда-ақ бітірді мына кестеден.
kokbori
Әсіресе, Мағауин, Праганың керемет бутигінен маникен алып келе жатқанда, мынаны көріп қолындағысын лақтырып тастапты
satibaldi
Кіші Жүздің балғалы руының персенттік қатысын айтып жібермес пе екенсіз, өтініш!
zhanibek_nurish
Салыстырмалы ДНК ретінде кімді алыпты?
satibaldi
Шыңғысханның мінген аты — Наймандыкі алыныпты. Шыңғыстың өзі айтады екен: «Иногда мне кажется, что мой конь Найман больше Чингисхан, чем я» деп. Қатігез жылқы болыпты деседі аңыз.
zhanibek_nurish
сәтін салып жатса
Батбаярдың қызы Хэрлэннің
өзінен сұрап алармын. десе де салиқалы көрінетін жауабың үшін, өзіңе қажетсіз "+1"
ken
Ая, сәлем, қалайсың

Осы төрт томның электрон нұсқасы сенде бар ма? Немесе қайдан алам? Сенде болса, жіберсең: kendebayy@gmail.com

Кітаптары болса, уақытша бере аласың ба, оқуға.
ken
бірінші кітабы интернетте бар екен, оның өзі толық емес қой деймін. қалай болған күнде де, ШХ-ның түріктігіне қатысты айтатынының бәрін сол интернетте жарияланған бөлігінде айтып қойған сияқты. сол бірінші кітабында жазылған ШХ-ның түріктігін дәлелдейтін «хехехелеріне» қатысты «кітап» жазып жатырмын. жақында шығарамын, бұйыртса.