Жазалар әлеміне саяхат: Айқыш ағашқа керіп тастау


(жалғасы, басы мұнда)
Жазала, жаным, жазала мені...© Мазох Бабаның үмметтері

Жазаның бұл түрі Ежелгі Рұм елінде ең азабы көп өлім жазасының бірі саналды. Ерекше қауіпті деп саналған қылмыскерлерді, әсіресе қашқын, сатқын, бүлікші, көтерілісшілер бұл жазаның «рахатын» көрді. Марк Красс деген қолбасшы атақты Спартак көтерілісін әзер басқаннан кейін, «ендігәрі көттеріңді қысып жүретін боласыңдар, ссукалар» деген месседж ретінде Капуядан Рұмға дейін бас көтерген 6000 құлды (!) айқышқа керіп, жол бойына тізіп қойған. Красс керілген амиголарды өліп, шіріп, қурап кетсе де айқыш ағаштан шешіп алуға бұйрық бермепті.

Ежелгі Рұмдықтардың тағы бір приколы үйдің иесі өле қалса, онымен бірге тұратын құл-мен күңнің де маңдайына хуяқ тігіліп, айқыш ағашқа керіледі екен.
Ал негізі бұл жазаның жарнамасына ең үлкен үлес қосқан Марияның Құдайдан тапқан ұлы Иса амигоның азабы екенін бәрің білесіңдер. Осының арқасында, айқыш ағаш Христиан бауырлардың символына айналған. Айтпақшы, кейбір суреттердегі Иса амигоның өз айқыш-ағашын арқалап келе жатқан бейнесі рәсімге кірмейді екен. Ал Иса бүкіл айқыш ағашты емес, тек оның көлденең келетін бөренесін ғана жазалау орнына арқалап апарған дейді соңғы тарихи деректер.

Сотталған бейбақты шегемен (шеге емес ау, кәдімгі темір қазықшалармен) айқыш ағаштың басына керіп тұрып қағады, кейде байлап қояды. Ал аяқты шегелеу міндетті емес, тіпті бейшараның өлімін алыстату үшін аяқ астына тіреуіш жасап қояды екен.
Аид амигоның жолдамасын жазаланғандар ең бірінші тұншығу арқылы алады екен.
Қабырғасының керілуі мен қарын еттерінің тартылуынан өкпесі ісіп, демала алмай, ауа жетпей қысылады. Кере тартылған адамның тынысалу бұлшық еттері бір дем тарту үшін бүкіл дененің салмағын көтереді, есесіне адам әр демін қиналып, еңбектені, күшеніп, әзер алады. Үнемі күшеніп тұрған иық пен көкірек еттері өкпені сығып, онда су жиналуына әкеледі. Ол аз болса, жан дәрмендеп тырбаңдап жатқан сорлыны біраздан соң «сушняк» қыса бастайды.

Ал аяқ астындағы тіреуіштер тынысалуды аз да болса жеңілдететіндіктен, адамның өлімі ұзара түсетін. Әдетте, амиго құшағын жайған күйі 5-6 күн бойы өлмейді екен. Кейде жендеттер жазаланған қасқаларға жанашырлық танытып, өлімін тездету үшін аяқтарын шоқпармен ұрып сындырып тастайды екен.
Осыған ұқсас азапты тек қабырғасынан асылғандар кешкен көрінеді:



Жалпы жаппай жазалау науқандары өткенде рұмдық легионердің резюмесінде міндетті түрде: жалғыз әскери балтаның көмегімен ағашты шауып, екі бөренені тазарта аламын деген жазу болуы керек.
Жұмысқа түсер алдында сарыауыз легиондерге инструктаж жүргізіледі:
Екеуі қолдарына, екеуі тобықтарына қағылады, аспай-саспай әр шегені бір-ақ соққымен білектің арғы жағынан шығарып ағашқа бекітеміз.
Інжіл кітаптары мен Исаның мүсіндеріндегідей шегелерді алақанға қағып жүрмеңдер. Сендер сияқты дилетанттардың кесірінен, талайлардың алақандары дене салмағынан жыртылып кетіп, амигомыз құлап қалып, бір жерін ауыртып алып, бәрін басынан бастауға мәжбүр болған кездер болған.

сурет: www.centuryone.org
www.ket.org
www.bestmovies.com
Бөлісу:

67 пікір

Gastarbaiter
Әрине бұдан да креативті әдістер көп өшіретте, бірақ классикадан аттап өте алмадым.
zhanibek_nurish
креативті әдістер
6
Nurshat
кергіде шегеленген иса емес екен де, оны сатып кеткен өз мәсхабының сатқын мүриті…
Nurshat
3 суреттегі спартактар ма?
Marationok
Солдан оң жаққа Гай Клавдий Глабр (претор), Илитияның құлы, мысырлық құл жауынгер, Сепия, және Илития Глабрдың әйелі.
Aya
Сендер сияқты дилетанттардың кесірінен, талайлардың алақандары дене салмағынан жыртылып кетіп, амигомыз құлап қалып, бір жерін ауыртып алып, бәрін басынан бастауға мәжбүр болған кездер болған.

жалғасын асыға күтөмін.
Aya
Біздер мейірімді болған сияқтымыз ғой. Бұрнада ұры-қары, қарабеттерді елден аластап, қуып жібергеніне қарағанда.
ken
адамды аяғынан ат құйрығына байлап, атты шаптыру ше?
Aya
ондай жазаны естімеппін. Ең ауыр жаза манағы мен айтқан болатын. Есекке теріс қаратып, отырғызып, масқаралап, елден аластау. Яғни, өлімнен ұят күшті деген принципті ұстанып. Өз ұятына өртеніп өлсін деген шығар.
ken
kokbori
Бұндай жағдай тек жауға қарсы ғана қолданылады. Ал өзі ішінде қазақ мұндайға тиым салған. «Тіпті әйелін қамшымен сабауға болады, бірақ қуалап жүрген еркек ардан безген, көргенсіз саналады». («Алатау», Б. Қыдырбекұлы)
ken
Зинақорлыққа барғандарды да осылай жазалаған емес пе еді. Абай жолында оқыдым-ау деймін, екі ғашықты ат құйрығына байлап өлтіргені туралы айтатын жері бар еді.

Сосын Абылай хан да бір батырға қатысты қолданыпты осы жазаның түрін, егер гуглге сенсек.
kokbori
Жоқ, ондайды шариғат заң бойынша жазалаған болар. Абай жолында олай айтылмаған секілді. Ол жері есіме түспей тұр. Ал Абылайға келсек, қазақтың заңымен емес, ханның жарлығымен, намысқа қызып істетсе керек
ken
шариғат заңымен болсын, хан жарлығымен болсын, қалай болғанда да қолданыста болған жазаның бір түрі екені анық. бұл жерде жалпы жаза түрлері туралы айтылуда емес пе?

мысалы, жоғарыдағы Рұмдықтар қолданған жазалар да сол кездегі билеушілердің үкімімен орындалатын болған. қара халық ондай жазаны бір-біріне қолданбаған, меніңше.
kokbori
Мен тек қазақтарда қолданылмаған екен деген мәліметтермен бөліскем, сен мысал келтіргесін жауап бердім,
шариғат заңымен болсын, хан жарлығымен болсын, қалай болғанда да қолданыста болған жазаның бір түрі екені анық. бұл жерде жалпы жаза түрлері туралы айтылуда емес пе?
мен бұған тіпті де қарсыласқан емеспін, пікіріме қарасаң
Adiletshu
Шөккен түйенің екі жағына мойындарына арқан салынған екі адамды байлап түйені тұрғазады
Aya
Қодар мен Қамқаны өлтіреді, түйеге артып.
Nurshat
Абай тұңғыш рет өкпелеген әкесінің шешіміне)))
kokbori
Қараңғылықтың кесірі ғой
FaraOn1
туйеге асу, құздан құлату, таспен ату. осындан кейін өлмей көр))) бәрібір Құанабадың жазасына жетпейді екен)))
kokbori
Негізі Құнанбай типтік образ ғой, меніңше мұндайды дүмшелердің кесірі деп ойлаймын. Әйтпесе, шариғатпен емес, ғұрыппен жазаласа, етегін кесіп елден шығарар еді. Ал Құнанбай дүмшенің дүмшелігін сезбей, діншіл адам надан деген мәтелдің кебін киген да
zhanibek_nurish
Қараңғылықтың кесірі деймісің? Айтматовтың «Шыңғысханның ақ бұлты» ма еді, сол бір шығармасында да осыған ұқсас жаза түрі бар. Ал Шыңғысхан дүмше молданың дініне сенген адам емес. Тәңіргшілдіктің адамы. Айтарым, Құнанбай бұл жерде діннің айтқанымен жүрмеді. Саналы түрде солай жасады.
kokbori
Айтарым, Құнанбай бұл жерде діннің айтқанымен жүрмеді. Саналы түрде солай жасады.
Мында Абай жолына сүйеніп жазып отыр ғой, ал онда атшабарларын жіберіп, Абайдың ұстазы хазіреттен қандай жаза қолдану керектігін сұрағаны жазылған. Демек…
zhanibek_nurish
Демек, құнанбайды солай көрсету керек болған.
kokbori
Демек, ондай жағдай қазақты болмаған
zhanibek_nurish
Бұл жерде Құнанбай Шыңғсыхан емес, Шыңғысхан құнанбай емес деген түсінік туып, өрбіп кетуі де мүмкін. Бұл заңды-ақ!
ken
Қодар мен Қамқаны өлтіреді, түйеге артып.
иә. бірақ мен бұны айтып отырған жоқпын.
Абай жолында Өскенбай деген Абайдың атасы туралы айтатын жері бар. сол кісі әлгіндей ат құйрығына байлап өлтіру жазасын қолданған екен, егер Әуезовке сенсек.
kokbori
«Күшті несін айтады, әлсізге істеген зорлығын айтады, әлсіз нені айтады, күштіден көрген зорлығын айтады да» @ Дәркембай
Gastarbaiter
Қалай болғанда да қазіргі әлемнің қазіргідей болуына жазалардың қосқан үлесі бар екенін мойындайық. Оның үстіне өлімнің әдемісі болмайды.
zhanibek_nurish
Иә, өлімнің әдемісі болмайды.
kokbori
Оның үстіне өлімнің әдемісі болмайды.
Жазаның десейші, әдемі өлім бар, артыңда жылар елің болып, баршаға сүйкімді болып, өлгеннен кейін атыңның қаларына сенімді болып, туған туысқандарыңның алдында ұйқыдан оянбай қалсаң ең әдемі өлім осы
Abilakim
Мына қасқыр інім жазыпты ғой))) кеш оқыдым
Gastarbaiter
Амиго, бәрін дұрыс жаздым, мазамды алма. Сенің айтып отырғаның әдемі өлім емес, берекелі өмірдің нәтижесі.
kokbori
астындағы пікірге де соны жаза сал
Abilakim
Алқаш көршің басыңды балтамен шауып кетсе, бірақ берекелі өмір сүрсең, бұл да берекелі өлім бе?
Gastarbaiter
Адам қалай өлсе де, қоғамға маңыздысы оның өлімге дейнгі тірлігі. Балтамен шауып кетті деп, оның өмірін берекесіз деуге болмайды. Берекелі өлім деген терминді қорғап отырған өздерің,

Өлімнің әдемі, әдемі еместігін қай жақтан қарағаныңа байланысты.
Вертолетпен ұшып келе жатқанда зеңбірекпен атып құлатса, біреуге высший пилотаж өлім көрінуі мүмкін, ал саған бүйіріңнен кувалдамен ұрып, кәдімгі бензин құйып өртеп жібергендей болуы мүмкін.
Ұйқыда жатып өлу әдемі өлім емес, азапсыз өлім. Өлімнің себебі, жағдайлары, атрибуттары, мақсаты керемет болса да, жеке өлім әдемі болмайды.
kokbori
Жалпы әдемілік әркімнің көзқарасына байланысты ғой, мысалы Кебек мәжнүн болған Еңліктің «биік қабақ, ақ сұр қыз»болып, онша сұлу болмапты дейді ғой, демек мен әдемі өлімді бар деп санаймын.
Abilakim
«Жайнаған туың жығылмай,
Жау жүрек жомарт құбылмай…
Жан біткеннен түңілмей
жақсы өліпсің япырмай!»-депті Абай інісі Оспанның қазасына арнаған өлеңінде.
Сірә, жақсы өлім бар. Қалай өлсе де
zhanibek_nurish
сенің айтып отырғаның «ақ өлім»,
kokbori
мен не айтып отырм?
zhanibek_nurish
Сорлы емес, тек еш нәрсе бітіре алмай кетсе ғана сорлы өлім,
ал Жасың келіп, ауырмай-сырқамай түнгі ұйқыға кетіп оянбай қалсаң әдемі өлім емес пе?
мұндай өлімді қазақ ақ өлім дейді
мынауыңды кейін оқыдым,
zhanibek_nurish
«Ақ өлім» мен "әдемі өлім" екеуі екі нәрсе! Әдемілікті өлімге қолданбай-ақ қоялық. Ауыр кетеді,
kokbori
Меніңше өлімнен қорқу жоқ, ең бастысы ит құсап өлуден сақтасын
zhanibek_nurish
енді жөнге келдің,
Zilola
әдемі өлім деп контрольный выстрелді өзің жасай алсаң айтады.
zhanibek_nurish
сенің өлімге сипат беру сөзің қалауыңның орындалып, жеңістен рахаттану гармондарың қатты жұмыс істегенде айтылады
Abilakim
Өлімнің әдемісі болады. Жасың келіп, ауырмай-сырқамай түнгі ұйқыға кетіп оянбай қалсаң әдемі өлім емес пе? Сенің айтпағың «жазалы өлімнің әдемісі болмайды» шығар?
Ал, постқа келсек, жақсы.
ken
Өлімнің әдемісі болады. Жасың келіп, ауырмай-сырқамай түнгі ұйқыға кетіп оянбай қалсаң әдемі өлім емес пе?
Әркімге әр қалай. Мысалы, бұрынғы замандағы жауынгерлер үшін өлімнің әдемісі — ұрыс алаңында өлу болған. Ал мынадай сен жазған өлім олар үшін сорлы өлім болып есептелген.
kokbori
Сорлы емес, тек еш нәрсе бітіре алмай кетсе ғана сорлы өлім,
ал Жасың келіп, ауырмай-сырқамай түнгі ұйқыға кетіп оянбай қалсаң әдемі өлім емес пе?
мұндай өлімді қазақ ақ өлім дейді
Abilakim
Оны да білеміз, шешелері ұрысқа кетіп бара жатқан ұлына «не қалқаныңмен кел, не қалқаныңның үстінде кел» дейтін кездер ғой
Gastarbaiter
Негізі биологиялық өлім ми қызметінің тоқтауынан басталады, Оған дейін әлі өлген болып саналмайды.
Пікірталасты қырық күнге созуға болады, Көкбөрінің көңіл күйіне демеу болсын, бір, ескі әнек бар еді:
Бір кемпір бүксеңдеп жолдан өтіп бара жатса, бір хаммер жолдан тайып, қағып кетеді, әуелеп ұшқан кемпірді бір поршенің үстіне құлап, оның жүргізушісі рөлге ие бола алмай бензовозға кіріп кетеді,
Сонда жер таянып жатқан хаммердің жүргізушісі фейерверкке қарап тұрып, әдемі өлді ссука" депт)))
satibaldi
Қайтадан енгізсе — артық болмас еді. Парақор, педофилдерді шпалдан жасалған кіресті арқалатып, Қаратөбенің басына шығартып, сосын, дәл рұмдықтардың әдісімен ақағып қойса, понтийпилатсстың.
Епті-ай, бірақ бұ қоғамда педофилді де аяп, аузына су тамызатын адам табылады ғой, жовтисстің.
kokbori
бар ғой ондайлар
satibaldi
Иә, ізгіліктеніп жатырмыз ғой: жақында қыз зорлайтындарға да, кісі өлтірушілерге де аяушылықпен қарайтфн боламыз. ашуымызды бір килә бидай ұрлағандарды дарға асып аламыз.
kokbori
қыз зорлайтындарға да, кісі өлтірушілерге
Бұл енді себептері бар қылмыс болады ғой, ана педофиль секілді емес. Бидай ұрлау негізі қазіргі кезде дарға асатындай ақ қылмыс. Өйткені жемқорлық осыдан ақ басталады
satibaldi
Малға жем ұрлау — тура мағынасындағы жемқорлық бола ма сонда? Юристер ішіп кетед шығар нақ.
kokbori
Неге болмасын? Қазіргі кезде ешкім аштан өліп көштен қалып жатқан жоқ, әшейін қазаннан қақпақ кетсе иттен ұят кетедінің кебі де. Әшейін көзтоймаушылық
zhanibek_nurish
Кітап ұрлау ше?
kokbori
білмим, мен өз басым мұндай қылмыстың біразын істедім, құдай кешірсін
zhanibek_nurish
құдай кешірсін
, бұйрық па?
ken
клептомандарды жазалау керек пе, әлде емдеу керек пе?
zhanibek_nurish
екеуі де керек емес, әркім өз кітабына ие болсын