Жазалар әлеміне саяхат: Темір қатын

Әңгіменің басы

Жазаласа, ох жазаласа шіркін...© Satibaldi

Темір қатын (аңҒылш. Iron maiden) — өлтіру немесе қинау құралы. Әйел пішіні іспеттес жасалып, XVI ғасыр азамматшасының кастюмі кигізілген темір шкап.
Бұл жазалау құралының ішкі астарының кеуде, бас және қол бөліктеріне темір шегелер орнатылған.

Техникалық мінездемесі: Комфорттық жағынан баскесерге болмаса «Клиент всегда прав» деген қағиданың бұтағымен қоса терегі де отынға жіберілген. Айқайизоляциясы жағынан «STP» компаниясының «Вибропласт Gold», «Bimast Standart» материалдарынан кем түспейтіндей қалың темірмен жасалынған. Есіктері екі жаққа айқара ашылып бір есігі жазаланушының қал-жағдайын біліп, арагідік ашып тұру үшін ыңғайластырылған.

Аталмыш құрылғыға кірген клиент жанының жаханнамға кетуі үшін біршама уақыт бойы күтуіне тура келеді. Сондықтан Тибет монахтарының темірдей сабырлылығын тілеп, біліп білмей істеген кателіктеріңізбен күналарыңызды кешіруін сұрап, біраз өткен кеткенді ойлауыңызға да болады, әрине тасыңызбен басыңызға кірген шеге оған мұрсат берсе.

Әлбетте бұл «Q12 — Өлтырасан» көлденең солярийі емес, сондықтан ішінің тарлығы қосымша қолайсыздықтар тудыратынын ескере отырып, уақытыныңыздан ерте клаустрофобиядан тұяқ серпу мүмкіндігін айта кеткенді жөн санаймыз. Жан тапсыру уақыты ұзақ болғандықтан Соттаушы амигоның біраз қауқылдасып отырып тергеп алуына да болады.

Процесс барысында: Темір қатынның темірдей құшағына енген адам БДСМ (аңҒыл. BDSM) субмәдениетіне жақын адам болмаса ләззәт алуы екіталай.

Бұл жазалау құрылғысының болғаны болмағаны жайлы деректерде күмәндар туындайды, бірақ алда-жалда Швейцариядағы Кибург мұражай-қамалына бара қалсаңыз көріп қалу бақыты бұйыратыны сөзсіз.

Ес лебе дас Әй сен фғрау!!!
Дерек көз
Бөлісу:

13 пікір

aikarakoz
мдааа… ужыс екен…
Marationok
тамаша, билігім болғанда бүткіл адамзатты жазалар едім сенің әдісімен
zhanibek_nurish
«билігі болмады, бола қалса аямайтынның нақ өзі»…
Adiletshu
Керемет жазба, Абзал. Нигін тұрмағанда Гастарбайтер жазған деп қалар едім.Тағы да жаз
Gastarbaiter
Керемет, жақсы шықты, бекер уайымдапсың, қара әзіл, тергеу, бәрі жақсы, ризамын. Кезектесіп ұрып тастайық.'
a63a1
Солғой мені мазалағаны Ұрсақ ұрайық
Gastarbaiter
Өзіңнен өзің асып түстің базар жоқ, осындай тақырыптарға рахаттанып, бүге шүгесінен шабытың шабатынын білгендей екем. Маньяк десе
AKY
мен де Гаста екен деп қалдым.
zhanibek_nurish
мен де дәл солай ойлап үлгердім,)))
zhanibek_nurish
нағыз азап өлімдердің бірі деп Ф. Дарабонттың «Зеленая миля» мистикалық драмасындағы Перси Уэтмордың қасақана қателік жіберіп, Эдуарда Делакруаны тірідей өртеп жіберетінін айтар едім. Ол, суға малынып барып, басқа қойылуға тиісті шүберекті құрғақ күйінде Делакруаның басына қояды. Нәтижесінде, Эдуарда Делакруа электр тогының күшінен емес, тірідей жанып, өледі. Азап өлім… Күйген дененің иісі көрерменге де сезілгендей болады. Қойдың басы мен сирағын үйітіп жатқан сәттегі иіс келеді мұрныңа. Бақса үйітілген дене иісін әлі сезбедік, сондықтан болар
Abilakim
Жақсы жаза жазба екен. Қызықты жазылған. Гаста екен деп қалдым, пікіршілер абзал дегенде «Мыналар қуып кеткен бе?» деп қалып ем…
Zhan
«Мумия» фильмінде Имхотеп пе атын ұмытып тұрмын, соны тірідей табытқа салып, үстіне бір шелек қоңызды тастап жіберетін жазаға біразға дейін денем түршігіп жүрген. Әлгі қоңыздар адамды әп-сәтте түгін қалдырмай жеп қояды.