Бистро пост)

Бір аптадай болды көздерім қызарып, аллергиядан құтыла алмай жүрмін… Қолмен ұстауға болмайды, косметика қолдануға болмайды… Қара көзілдірікті тастамай киіп жүрмін. Қиналып кеттім.

Ғаламарттың дүкенін сыртынан көріп қалдым. Алдына барып қызықтап кеттім. Кеш болғандықтан жабық еді. Витринада тұрған шкатулкалар, киіз сияқты материалдан жасалған қуыршақ, есікте ЖАБЫҚ деген жазуы бар домбыраның макеті… Барлығы Салта мен Айкона стайл екен))) Балғырғанды сағындым)

6градустың қатысуымен ұйымдастырылған женсоветтен соң көңіл-күйім керемет көтеріңкі))) Біздің қыздардың шынайы, нәзік аурасы тағы бір жыл осындай көңіл-күймен жүруге жетерліктей. Жанна, жолың болсын, оқуыңды тез-тез аяқтап, елге тезірек қайт! Или қайтпа, өзің біл, жаным ))) Сенімен біргемін!

Массагет шынымен де жаңарыпты. Қолдану қиын деп жалоба жасайтынмын. Қазіргісінің интерфейсі де әдемілене түскен. Еңбектерін енді бағалай бастаған сияқтымын. Бұдан да жақсы бола түссін деп тілеймін Массагетке! Сәттілік әрдайым сіздер жақта болсын!

Ерке, өзімшіл мінезімнен таяқ жеп қалам ба деп қорқам кейде. Жақын адамдарыма сондай жаман жағымнан көрінем. Олар ғана менің еркелігімді көтереді деп ойласам керек, сол жақындарымды көп ренжітем. Ондай болмауым керек! Мадлен деген сұлуға ондай қылық жараспайД!

Нағашы әжем ауырып, Алматыға емделуге келді. Ертең, бұйыртса, шығады емханадан. Тез-тез жазылып, арамызда күліп-ойнап жүре берсе екен. Әжелер деген жоқтан өзгеге араласа береді… Жарайды, онысымен де келісемін, тек кетпесе екен…

Попугайлар да көктем келгенін сезеді. Таңертең ұйқы бермей, шырылдайды… Тамақты әдеттегіден көп жейді… Клеткасынан шығып кете береді… Уххх,
Бөлісу:

42 пікір

kokbori
Ойбууууууу, бағаңды білмей жүрген сұлусың ғой>
Marationok
Еркелігіңді көтере алатын адам табуыңа тілекшімін
madlen
При чем тут бағасын білмеу, при чем тут күйеуге тию деп ойлам кетсем… Осы үшін айтылған кеңестер екен ғой ))) Рахмет!
Marationok
Нағашы әжең немерелерді көрсін
saken
мүмкін шөберелерін? Әже статусымен жүрген адам болса немересін көріп жүрген адам ғой.
AKY
Көктем керемет!
satibaldi
Иә… Жыл құстарын елеңдеп күткенге не жетсін…
meirzhan
Тез жазылған постарды оқыған жеңіл әрі қызық.
Nurshat
көктем адамды дел-сал етеді,үлкен қалада «ауа» өттте аз, қамықпа жадырап жаз шығады,әлі-ақ өтіп кетесің,,,
madlen
неге сіздер мені жұбатыватсыздар?
19852407
Постың плачевный көрініп кеткен ғой, көктеміңді

… ияя, көктеееем....
Nurshat
жұбатып жатқам жоқ, үміттендіріп жатрмын.
zhanibek_nurish
Уххх,
, уффффф, қашан қыс келеді екен?
madickisbig
тақырыпты «бистро жазба» десең қатып кетер еді  әжең жазылып кетсін!
e_zhalgas
ең соңындағы смайлик өзіңнен аумайды екен
Aikona
Иии заным, әжең жазылып кетсін! Біздің дүкен жайлы жарнамаңа рахмет
bazuka
Нағашы әжем ауырып, Алматыға емделуге келді. Ертең, бұйыртса, шығады емханадан. Тез-тез жазылып, арамызда күліп-ойнап жүре берсе екен
Әжеңіз енді ауырмасын! Рахат әжесі бар кісілерге қызығам, мен екі әжемді де көрмегем((
aikarakoz
заныыым, көктем әсер етіп жүрген түрінен сол
Nurshat
ииибаййй, көктем әсер етсе қиииын екен, жиде бүр жарғанда қәйтер екен, Ә...
zhanibek_nurish
Тез-тез жазылып, арамызда күліп-ойнап жүре берсе екен
, ТІЛЕУЛЕСПІН. Әжең мен атаң болғанға не жетсін! Әже-береке, ата-шежіре ғой, шіркін
Gulistan
Оу, МАржан, бір басыңда соншама күй
Көзіңді емдет, әжең тәуір болып кетсін.
Aya
Ерке әрі көздері әдддемі Мадлен
Gastarbaiter
Уринотерапия жақсы көмектесед деп естідім көзге
Біреу-міреу «сенен біртүрлі иіс шығады» десе, зато «көздерім әдемі» дейсің
sammita
салдардан бұрын себебіне үңілмеуші ме еді дәрігер мырза? Аллергия емделсе, көз де жазылады.
19852407
Уринотерапия жақсы көмектесед
Малаховыңдыссс
Tarazkyzy
Балғырған демекші, көрінбей кетті ғой. Қалы қалай екен, білесің бе, Мадлен?
madlen
Балғырған жақсы, сүйген жігітіне тұрмысқа шығып, тату-тәтті өмір сүріп жатыыыыр )))
Tarazkyzy
Мәәәә, мен жаңалықтан құр қалыппын ғой. Бақытты болсын!
Tarazkyzy
Бөле сіңлілерімде болған попугай. Олар азанда мазаны алмас үшін торды матамен жауып тастайтын. Жестоко шығар, бірақ, тыныш.
araika
«Попугай әне алам, міне алам» деп жүргеніме де біраз уақыт өтіпті. Ауылдағы үйде болған, кейін мазаны алды деген жалобпен жөнелтіп жіберді
satibaldi
жөнелтіп жіберді
Аспан Әміршілері, бұл сөзіңіздің астарында мен ойлаған сұмдық жатқан жоқ деп сендірші!
araika
Сендірейін Мехвештей деп ойламаппын сізді
satibaldi
Тағдыры туралы аз-мұз мағлұмат беріп, мынау запы болған көңілімді тыныштандырсаңыз екен!
araika
Хе-хе, қазақтардың қолына түскен соң, ол байғұсқа көшпенділік өмір салты бұйырған екен. Ұзынқұлақтан жеткені, әлдекімнің жұмыс бөлмесінде тұрақтағаны еді. Қазіргі жай-күйінен хабарсызбын.
satibaldi
Аспазшының жұмыс бөлмесі емес пе деп қиналад тағы менің нәзік рухым…