Жазалар әлеміне саяхат: Тірілей асу


Жалғасы, , басы мұнда

Жазаласа, ох жазаласа шіркін...© Satibaldi

Алдыңғы тақырыпта қуылу туралы оқығанда, "қойня ғой епті болса өлмейді" деп ойлаған боларсыздар.
Ал енді суреттегі жазаға кесілсеңіз, ешқандай ептілік құтқармайды.

Австралияның кей бөліктерінде аборигендер адамды өлтіріп, оны пісіріп жеп қоятынын ёбропалық қатындар «фи, неткен жабайылық» деп ботоксын сылп еткізер, бірақ, Англияның заң мен жазасының тарихына үңілсек, 1531 жылы кісі өлтірумен айыпталғандарды тірілей қайнатып жіберудің еш сөлекеті болмаған. 1532 Ричард Руз деген аспазшы тірілей қайнатылып өлу мәртебесіне ие болып, он жылдан кейін оның тәлкегін Маргарет Дейви деген малай әйел тартқан. Ол өзі қызмет еткен үйдің отбасын улап өлтірген екен.

Щеголдықпен бетіме бір шәйнек қайнақ су төгіп алғаным еріксіз есіме түсті.

Өмірінде бір рет болса да күйіп көрген адам тірі адамды қайнап жатқан қазанға салып жатқанын елестетудің өзінен көті мұздай терге шыланатыны анық.
Бұл жазалау 1547 жылдан кейін заңсыз деп табылған. Мұңайған көңілдеріңе медеу болсын деп мынаны да қарай отырыңдар, шешесс.


сурет: www.jesusneverexisted.com
To be continued…
Бөлісу:

25 пікір

zhanibek_nurish
жазаның түр-түрін ойлап табу жанға рахат сыйлай ма екен? әлде, елең еткізу және қорқыныш туғызу деген жарқын ой ма? екіншісін сылтау ету арқылы, біріншідегі қалауды қанағаттандыру үшін деп құрастырып отырмын, ойларымды
satibaldi
Херемет. Осы күнге дейінгі қатал жазалау түрлерін үзбей жазып шығасың деген үміттемін.
sammita
не жарық, не жылу жоқ, түрмедегі адам түгілі жай адамға қиын болған 90 ж. орта кезінде солтүстікте бір қаламызда түрмеде мынадай жағдай орын алған. Камерада 3 адам отырады. Күзетшілер есіктің тесігінен сығалап қарап қояды. бәрі тыныш сияқты. Келесі күні ауа жұтуға шығарса 2 адам ғана отыр. Сөйтсе әлгілер біреуін жеп қойған. Түнде іште дау шығып оны ұрып тастайды. Шалажансар адамды көріп, қорқып кетеді. Кейін оны қайнатып жемек болады. Есіктен көрінбейтін дәрет алатын жерге асып, етін кесіп шәйнекке шала қайнатып жей берген. Өлім жазасына кесіледі кейін олар.
satibaldi
Есіктен көрінбейтін дәрет алатын жерге асып
Пияз бен аскөкті есікке көрінетін жерде турап жатып білдіріп алған деп естідім. Ал отынды былай жасапты дейді: біреуі спиртті ұрттап үрлеп тұрады, екіншісі — оттықпен тұтатып тұрады.
sammita
парашаны сыпайылап.
sammita
спиртті оттық қылуға жалкі ғо.
satibaldi
Түрме туралы небір өтірік аңыздар көп дегенім ғой.
Есімде, бала күнімізде «барып келгендер» тылсым, адамнан бір айласы артық боп көрінетін. Жұрт небір адам сенгісіз хикаяттар айтатйын. Сонда бір күні Болат «Француздан» арақты шампуньмен араластырып өткізіп алып, кейін солай ішетіндерің рас па деп сұрағам.
— Лібәдтар, осы халық қарап жата алмайд, а? Өзің іше аласың ба шампунь араласқан арақ, шамалы ойланш???
— Жоқ…
— Онда не бұтағымды жеп тұрсың ептібайымайд, жоғалнақ! — деген.
Gulistan
Ойлаудың өзі қорқынышты!!!

Менің екі қолым да ыстық майға күйіп қалған, мектеп кезінде емделем деп іраз сабақтан да қалдым.
sammita
Өлім-жітім, той-томалақта бірнеше жылқының етін бір-ақ асатын алюминий үлкен чан (ыдыс төртбұрышты) бар ауылда. Үйлену тойы болып жатады, палатка, түн, у-шу қонақтар. Қазан- ошақ палатканың сыртында тасалау тұрады.
Жігіттер төбелесіпті сол маңайда. Кейін бір жігітті жаңағы сорпа қайнап жатқан ыдысқа тастап жібереді. Шала пісіп қалған, ертесіне ауылдағылар қан тапсыруға ауруханаға барды. Қайтыс болып кетті…
satibaldi
Біздің ауылда да тән түршігерлік осындай оқға болып еді.
Очм, бір дауылбайдың нақсүйері күйеуге шығып жатад. Іші күйед. Ішед. Жақсы бір қырсық ойластырад сосын.
Ауыл сыртында бейіт басында бас сүйектер жататын. Солардың бірін таяқтың басына іліп алып, тойға кіріп келіп, қазанның ішіне салып жібереді. Бұған шыдамай кеткен сол үйдің бір дзюдошысы дауылбайды белден асыра лақтырып, тап сол қазанның ішіне түсіреді. Тіл тартпастан кетті.
satibaldi
Лібә, бала кезімізде азаматтық соғыстың кейіпкерлері Щорс, Лазо деендер туралы скетч қойдыратын еді. Типінақ, екі петлюрашы Лазоны паровоздың пешіне тақап тұрып:
— Айт дейм, қызылдар қайда тығылып отыр? — дейді.
Лазо болса, қазір есімде қалмаған пафосты да көтритотты бір монолог айтады да, әлгі неміс ішпиендері оны пешке лақтырады.
Үйдегі гүрілдеп жанып жатқан пештің аузына қарап отырып, «білә, өтірік қой, бұтына жіберіп қойған шығар нақ» деп ойлаушы едім.
zhanibek_nurish
okip otirip,«basima tuspesin»-di kaitalap otirdm. Ilmektegi «Beshparmak» degenge jetkende, eriksiz kulki uiirildi
Marco
Шыңғысханны анда-бауыры Жамуха тұтқындарды қазанға асып өлтіргені бар ғой.
satibaldi
Жамұһаны киізге буындырып өлтірмеп пе еді, қан шығармай?
Marco
Жамуханы емес, Жамуха өзінің тұтқындарын қайнатып өлтірген.
Janasil
5 жастағы інім бірде су қайнап тұрған қазанға бір аяғын тығып алғаны бар. Біраз емделуіне тура келді, кейін тыртықтары бітіп жазылып кетті. Ауруханадан шыққасын әлгі ініміз піскен аяқ жейсіңдерма деп жүр?
KILYZAMAN
Бір жерде естігенімді жазып едім… Жазалаудың ең ауыр түрі — қоғамнан аластау
1. Өлмі жазасына кесілуі
2. Жазаланушының отбасына келетін — атуға жұмсалған оқтың гильзасы және оқтың төлем ақысы.(терең пәлсәпа...)
patick
Кеңес Одағы кезінде ату жазасының өзі пездес қолданылады екен. Пақанымның әңгімесі:
— Адамды тар темір жәшіктің ішіне отырғызады. Төбесінде тесік болады, содан автоматтың басын тығады да, тарс еткізеді — бітті.
satibaldi
Оны мынау үшін істейді екен. Бас сүйектің тесігінен ұзын болт өткізеді де, екі жағын гайкамен бұрап, суретке түсіріп, Бас Прокурорға үкімнің орындалғанының дәлелі ретінде жіберіледі.
sammita
өлім жазасын орындар кезде ұнатқан соңғы тамағын не үшін жегізеді, соны түсінбеймін.
patick
соңғы тілегін орындайд та
sammita
тамақ… мазақ қылу ғо
patick
оны енді кинодан ғана көріппін. нақты ештеңе айта алмаймын.
Zhan
Былтыр «Сарбаз» газетіне осы жазалау туралы жазған болатынмын. Сонда әріптестерім оқып алып шошынып еді.