Шешілмедім...


Алдыңда ақталып бір шешілмедім,
Кінәмді өтінемін кешір менің.
Жанарыңнан үзілген маржан үшін,
Мен о баста кінәмә кесілгенмін.
Жазамда сол алысып тұнық мұңмен,
Өз мұңыма өлгенше құнықтым мен.
Сенің жарық сәулеңді сағынғаннан,
Өзімді-өзім аяуды ұмыттым мен!
Бөлісу:

8 пікір

madickisbig
блогқа осындай өлеңдерді жазған жақсы, бірақ осының бәрін жинап, шағын кітап шығарсаң әлдеқайда жақсы емес пе…
shokan1990
Оған жақсы қаржы болса, керемет демеуші болса… Әлде қайда жақсы болар еді…
kokbori
Шоқанжан, айналайын, өзің шығарсаң «авторы, яғни, өзім» деп жазып қойсайш, әйтпесе кімдік іекені біліп жүрейік. Мүмкін бір жерде тос айтып қалармыз, пайдаланып дегендей
shokan1990
Бұл өлеңнің авторы өзім. Жаным қиналып, жүрек ауырғанда бір бұрымдыға арнаған едім…
kokbori
Байқа, ішіп алып шығарғаның болмасын, босқа күйіп кетпесін
shokan1990
Құдай сақтасын. Мұны махаббаттың мастығымен жазғанмын. Досымды телефонмен бір сыбап алдым-ау…
ademi_alem
қатырасыз ))))
shokan1990
Әдемі Әлем әдемі әрі әсерлі әңгімеңіз.